• Тұлға
  • 17 Қаңтар, 2013

Сыралғы дос

Алмат Пангереевпен алғаш танысқаныма отыз жыл болған екен. 1983 жылы желтоқсан айының алғашқы апталарында Шалқар қаласына іссапармен келе қалды. Ойыл аудандық газетінің редакциясында қызмет істейді екен. Қасында газет редакторының орынбасары Аманғос Орынғалиев бар. Кеңес Одағы кезінде мерзімдік басылымдардың әр жылға жоспарланған сандары толық шығарылуы талап етілетін. Ойылдағы баспахана техникасында ақау шығуынан аудандық газеттің бес санын Шалқарда шығару қажет болыпты. Сонда жасы отыздағы Алматтың журналистік кәсіпке адалдығын, білуге-үйренуге құмарлығын аңғарып ек.  Содан бері қаншама жыл өтті, қоғам да түбегейлі өзгерді. Кейіпкеріміз екеуміз қай салада да бірге келе жатырмыз. Ол Ойылда, мен Қарабұтақта аудандық газет редакторы болып қатар жұмыс істедік. Әкімдік басқару институты енгізілген шақта аппаратта тіл жөніндегі бас маман жүгін де көтердік. Облыстық «Ақтөбе» газетінің редакциясында тағдырымыз тағы тоқайласты. Кейін 2005 жылдың басында кадрлық құрамы толықтырылып жатқан облыстық тілдерді дамыту басқармасында ұшырасып, бірге қызмет атқарып келе жатырмыз. Дәлірек айтқанда Алмат Пангереев соңғы сегіз жыл бойына басқарманың ономастикалық жұмыстар және талдау жұмыстары бөлімінің бастығы. Мемлекеттік тіл саясатында ономастика ұғымының ауқымы кең. Егемен мемлекетіміздің ірге бекітуі үшін топонимикалық атаулардың шығу тарихын зерттеп, жер-су, елді мекендердің ескі атауларын жинастырудың маңызы зор. Ақтөбе облысында да патшалық Ресейдің, кеңестік кезеңнің қоныстандыру уақытындағы орыстандыру идео­логиясы, тотолитарлық режим салдарынан жүздеген елді мекендердің атаулары өзгеріп кетті. Тілдерді дамыту басқармасы, оның ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімі бұл ретте ғылыми дәйектелген тұжырымдарға, тіл саясатына қатысты заңнамалық-құқықтық актілерге сүйеніп жұмыс істеді. Нәтижесінде облыста тарихи атаулары қайтарылуға тиісті 167 әкімшілік-аумақтық бірліктің 140-ның атауы өзгертілді. Облыс әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның отырыстарында елді мекендерге, селолық округтерге, нысандарға атау беру, қайта атау туралы 108 ұсыныс талқыланып, алпыстан астамы облыс әкімдігі және облыстық мәслихаттың бірлескен шешімімен бекітілді. Отыздан астам ұсыныс мемлекеттік ономастикалық комиссияның және Үкіметтің қарауына жолданды. Басқарманың ғалымдарды қатыстыруы нәтижесінде Орынбор, Мәскеу, Алматы мұрағаттарынан біршама дерек көздері табылып, «Ақтөбе облысының топонимикалық жүйесіндегі атаулардың өзгертілуі» атты екі томдық жинақ шығарылды. Пангереев басқаратын бөлім қалалар мен селолардағы көрнекі ақпараттардың заңнама талаптарына сай болуын ұдайы назарда ұстап келеді. Қазір жарнамамен жұмыс істейтін еңбек ұжымдары меншіктің қандай нысанында қызмет атқарса да тілдерді дамыту басқармасымен байланыс жасап, келісімін алуға бейімделді. Бұл мемлекеттік тілде жазылатын жарнамаларда, сілтеме құралдарында қате жібермеуге мүмкіндік беріп отыр. Облыстың бірқатар аудандарында өзге ұлт өкілдері жиі шоғырланған. Осындай аймақтарда жер-судың кеңестік дәуірде бұрмаланған атауын өзгертуге қолданыстағы заңнамалық актілердің әлсіздігі кедергі жасап келеді. Мысалы, Мәртөк ауданында бұрынғы Бөрте ауылы қоныстанушы Дмитрий Решетников дегеннің құрметіне өзгертіліп жіберілген. Қарғалы ауданындағы Петропавловка ауылының жағдайы да солай. Әріптесіміз Алмат Шамұлы аудандық ономастика комиссияларының таратылуын да үстірт шешім деп санайды. Үнемі ізденісте жүретін, ұстаны­мы берік азамат өз ойларын, ұсы­ныстарын бұқаралық ақпарат құрал­дарында, басқосу жиындарда батыл түрде ортаға салып отырады. Бұл істе журналистерге, ғалымдарға арқа сүйеу де дұрыстығын көрсетуде. Арнайы бекітілген медиажоспар бойынша биыл он материал жарияланып, телеарналардан алты сұхбат берілуі соның дәлелі. Облыс орталығындағы «Автопарк» ЖШС-інде қоғамдық көліктер кондукторларының қатысуымен өткізілген «Мемлекеттік тілде қызмет көрсетейік!» атты семинар-тренинг бірқатар мәселелер түйінін шешті. «Ойыл ауданы» энциклопе­дия­сының бас редакторы, баспадан «Шамшырақ» кітабын шығарған Алмат Пангереев 60 жасқа толуы қарсаңында, ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығы құрметіне ­Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен марапатталды. Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ, журналист

3502 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9543

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7551

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5298

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4676

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4640

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4597

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4335

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4328

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы