• Тұлға
  • 24 Қаңтар, 2013

Алматы ажарлана береді

Алматы қаласының дамуы, өркендеуі қала әкімдігінің қызметіне тікелей байланысты. Осы ретте біз Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының бастығы Бақтияр Мәкенмен болған сұхбатымызда қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі, алда тұрған келелі міндеттер жөнінде әңгіме өрбіткен едік.  – Бақтияр Мәкенұлы, өзіңіз басшылық жасап отырған Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы былтырғы жылды қалай қорытындылады? Атқарылған жұмыстар жөнінде айтып өтсеңіз? – Елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында еліміздің өзге де қалаларымен қатар Алматы да жылдан жылға дамып, экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштер бойынша көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Былтырғы 2012 жылды ойдағыдай қорытындыладық деп айтуымызға әбден болады. Қала әкімі Ахметжан Есімовтің алдымызға қойған міндеттері мен тапсырмаларына сәйкес көптеген жұмыстар жүргізілді. Ең басты жетістігіміз ол дүниежүзілік қаржылық дағдарыстың қиындықтарына қарамастан, қала бюджетіне салықтан түскен қаражаттың 1 триллион 200 миллиард теңгеге жетуі. Өздеріңізге белгілі, былтыр Алматыда «Мәдениет жылы» болып белгіленді. Жыл бойы көптеген мәдени-рухани шаралар, өнер кештері, фестивальдер мен байқаулар өткізілді. Бірқатар театр ғимараттарына, мұражайлар мен кітапханаларға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұның бәрі қаланың мәдени, рухани өміріне үлкен серпіліс әкелді. Мәдениет біздің өміріміздің маңызды бір саласы болған соң, оған ерекше көңіл бөліп, сол арқылы жастарды, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге мән беруіміз керек. Сол себепті «Мәдениет жылы» аясында осындай мәселелерге кеңінен назар аударылып, тиісті қаражат бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылды деп айтуымызға болады. Жақында біз «Мәдениет жылының» қорытындысын шығаруға арналған жиын өткізуді жоспарлап отырмыз. Алматыдағы маңызды оқиғалардың бірі ретінде Тәуелсіздік тойына тарту ретінде Елбасының қатысуымен ашылған метроны атап өтуге болады. Метро ашылғалы бері оның қызметін миллионнан астам жолаушы пайдаланды. Алдағы уақытта метро құрылысының жаңа стансалары да пайдалануға берілмек. Мұның бәрі қаланың тыныс-тіршілігіне игі өзгерістер әкелетіні сөзсіз. Қаламызда салынып жатқан жол айрықтары да көлік жүрістерінің іркілмеуіне өз септігін тигізіп жатыр деп айта аламыз. Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы болған соң, біз қаламыздағы саяси өмірдің қалай өтіп жатқанын, әрбір болып жатқан үдерістің қандай нәтижеге алып келеріне мән беріп отырамыз. Мәселен, қаланың күнделікті өмірі, оның даму қарқыны, тұрғындарының қарапайым тіршіліктері, қала өміріндегі саяси маңызды оқиғалар назарымыздан тыс қалмайды. Біздің ең басты ұстанатын қағидамыз – ол ұлтаралық татулық пен келісім, саяси тұрақтылық. Сонымен қатар біз өз жұмысымызда мемлекеттік емес ұйымдармен, түрлі саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, кәсіпкерлік өкілдерімен кездесулер өткізіп, пікірлесіп, ортақ шешім шығарып отырамыз. Бізде «Саяси партиялар» клубы бар. Клуб мүшелері өздерінің идеяларымен, жаңадан туындаған ойларымен бөлісіп, өздеріне қатысты жұмыстардың оң нәтиже әкелуіне, ең тиімді ұсыныс-пікірлердің нақты жобаларға айналып жүзеге асуына көңіл аударамыз. Мәселен, жақында саяси партиялардың қатысуымен болып өткен басқосуда біз «Қаламызда кәсіпкерлікті дамытудың қандай мүмкіндіктері бар?» деген мәселе төңірегінде ой бөлістік, оны жан-жақты талқылап, дамытудың жолдарын қарастырдық. Алматы ірі мегаполис болғаннан кейін қаладағы қоғамдық көлік қатынастарын дамыту, жаңа жол айрықтарын салу, инфрақұрылымды дамыту, экологиялық мәселелерге көңіл аудару, білім, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, мемлекеттік тіл, жастар және өзге де маңызды мәселелермен шұғылданамыз. – Елбасымыз өткен жылдың соңында «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жария етті. Осыған байланысты басқарма тарапынан қандай іс-шаралар қолға алынбақ? – Елбасы өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы еліміздің даму бағыттарын айқындап берген тарихи құжат болды. Мемлекет басшысы атап көрсеткен міндеттерді жүзеге асыру арқылы еліміз жаңа белестерді бағындырып, дамудың жаңа сатыларына қол жеткізе түседі деген сенімдемін. Елбасының атап өткеніндей, «Қазақстан – 2030» Стратегиясында айқындалған міндеттер уақытынан бұрын орындалды. Бұл біздің еліміздің әлемді таңғалдырған жетістігі болды. «Қазақстан – 2050» Стратегиясына келетін болсақ, Елбасы «Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс. Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс» деген болатын. Демек, баршамыздың бірлесе атқаратын үлкен жұмысымыздың мақсаты да осы межеден келіп туындайды. Осы орайда өзіміздің тарапымыздан Елбасының жария еткен Стратегиясына жан-жақты қолдау танытып, оны жергілікті жерлерде насихаттау, халыққа етене таныстыру, сала мамандарымен бірлесе отырып жұмыстар атқару іс-шаралары жүргізілуде. – Алдағы уақыттағы жоспарла­рыңызбен бөліссеңіз. Биылғы жылға арналған маңызды жұмыстар қандай? – Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының жұмыстары әлеуметтік саланың барлық мәселелерін қамтитын болғандықтан, біз әр деңгей­дегі басқармалармен тығыз қарым-қа­ты­наста жұмыс жасаймыз. Әрбір орталық, әрбір басқарма өздерінің жоспарларына қатысты шараларды атқарып жататын болса, біз ол жұмыстардың ертеңгі күні қандай нәтижеге алып келеріне баса мән береміз. Биыл Алматыда жаңадан ашылған «Алатау» ауданына бес жыл толып отыр. Ауданның ашылуына Елбасы арнайы келіп қатысып, сәттілік тілеген болатын. Бүгінгі таңда ауданда жаңа үйлер тұрғызылып, түрлі әлеуметтік нысандар бой көтеріп, инфрақұрылымы жыл санап дамып келеді. Елбасы атап өткендей, келешекте ауданда 300 мыңнан астам халық тұруы мүмкін. Қазіргі таңда қалада 2017 жылы өтетін Қысқы Универсиадаға дайындық қызу жүріп жатыр. Соған сәйкес студенттер қалашығын және өзге де нысандарды салу жоспарлануда. Сонымен қатар Алматыда туризмді дамыту мақсатында «Көкжайлау» таушаңғысы кешенін салу жұмыстары басталмақ. Елімізде тұрғын үйлер салу мәселесіне орай түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданғаны белгілі. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру алдымыздағы келелі міндеттердің бірі болып қала бермек. Өздеріңіз жақсы білетіндей, Алматы экономикалық тұрғыдан алғанда, даму қарқыны жоғары қалалардың біріне жатады. Сондықтан қалада кәсіпкерлікті дамытудың сан түрлі жобаларын дайындап, ендіруге тиімді мүмкіндіктер жасалынған. Елбасы үлкен мән беріп отырған кәсіпкерлік саласының өркен жаюына біз де өз тарапымыздан үлес қосып, дамыта түсуіміз қажет. Барлық мәселелерге осы тұрғыдан қарауымыз керек. Негізінен алғанда, кәсіпкерлік бұл экономикалық жетістіктерді айқындайтын бірден-бір жоба. Егер де экономикамыз тұрақты әрі ілгері дамысын десек, сол арқылы халықтың игілігін арттыруды көздесек, онда біз кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлгеніміз жөн. Бұдан кейінгі маңызды мәселе мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу. Бұл да саяси өміріміздің маңызды саласы болып табылады. Мұны дамыту мақсатында бізде мемлекеттік емес ұйымдардың басын қосатын қоғамдық кеңес құрылған. Қоғамдық кеңес жұмыстардың бағытын үйлестіріп отырады. Бұл орайда ерекше айта кететін нәрсе, біз үшін қоғамдық ұйымдардың қандай мәселелер көтеріп жүргендері маңызды. Өйткені қаламызды одан әрі дамытуға байланысты тың идеяларға біз қашанда қолдау көрсетуге әзірміз. Басқарма тарапынан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіп, олардың да ой-пікірлерін ескеріп отыруды ұмыт қалдырған емеспіз. Қала бойынша жеті ауданда «Ардагерлер кеңесі» бар. Биыл Сталинград шайқасының 70 жылдығын атап өтуді жоспарлап отырмыз. Жылдан жылға азайып, қатары кеміп бара жатқан ардагерлеріміздің асқақ рухтарын жас ұрпаққа үлгі етіп, мектептерде, жоғары оқу орындарында кездесулер өткізу, естеліктерін тыңдау тәрбиелік мәні зор шаралар болып табылады. Қаламыздағы негізгі мәселенің бірі – ол экология. Бұған әкімдік тарапынан көптеген іс-шаралар жасалып жатыр. Қалаға кіреберіс жерлерде көліктерді экологиялық талапқа сай келетіндей тексерістен өткізу, талапқа сай келмейтін көліктердің қалаға кіруін шектеу, қоғамдық көліктер паркін жаңарту және тағы басқалар. Сонымен қатар менің ойымша, қала тазалығына, әрбір қала тұрғыны мән бере қарауы керек. Сонда ғана қаламыздың келбеті ажарлана түспек. Біз күнделікті өмірде ішкі істер басқармасымен, көші-қон полиция басқармаларымен бірлесе жұмыстар атқарамыз. Мұның барлығы ең алдымен қауіпсіздік шараларын жақсартуға, қаладағы көші-қон үдерістерді реттестіруге, әртүрлі құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қорыта айтқанда, басқарма тарапынан атқарылып жатқан, атқарылуы тиіс жұмыстар легі қашанда мол. Ең бастысы сапа мен нәтиже болуы керек. – Әңгімеңізге рақмет! Әңгімелескен Дәуіржан Төлебаев

2276 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9490

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7514

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5259

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4639

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4602

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4560

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4297

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4291

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы