• Әдебиет
  • 08 Қазан, 2009

«Суық» сұлулық

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,-деп жырлаған Исрайыл Сапарбаевтың осы бір қара өлеңі, өз заманының қылықты Қызжібектерін, балғын мінезді Баяндарын, еліктей ерке сұлу Еңліктерін сағына жырлайтындай көрінеді. Қазір де қаракөздерімізге қайран қалып жүрміз, тек басқа қырынан. Бүгінгі қыздарымыздың сырт келбеті, ішкі жан дүниесі тіптен өзгеріп кетті. Өңі суық, қабақтары қатыңқы, тік мінезді болып барады (әсіресе қала қыздары). Көпке топырақ шашудан аулақпын, дейтұрғанмен, ондайлар өкінішке орай жоқ емес. Тырнақтарын ұзартып, еріндерін қызартып, киімдерін жабыстырып киіп, кіндіктерін көрсетіп, Құдайдың жаратқан қасы-көзіне дейін жұлып, бір қолында шылымы, бір қолында сырасы... адам шошырлық күй кешуде. Бойында жаны бар демесең құдды бір жасанды қуыршақ іспетті. Ең өкініштісі, олар өздерінің болашақ жар, болашақ ана екендерін ұмыт қалдырғандары қатты қынжылтады. Кейде тіпті осыған көзі үйренгендер «заманның ағымы ғой, қайтеміз енді» деп жатады. Заман мен адам ежелден біте қайнасып кеткен бір әлем емес пе. Ендеше өз істеген істерімізді заманға жаба салуды қою керек. Базарымызды шығыс жаулап, назарымызды батыс жаулап ұлттық психологиямызды әбден уландырып отырғанда, «жығылғанға жұдырық» дегендей қыздарымыздың аяқ алысы мынау. Қазақы тыйым, салт-дәстүр, ұлттық бояу қалаларымыздағы небір жасанды жылтырақтардың көлеңкесінде қалып қойды. Сондайлардың ықпалы күшті болып тұр. Қыздарымыз «бүгін анау, ертең мынау» деп бір күнімен өмір сүріп жүр. Кейде оларды қаймағы бұзылмаған ауылдарымызға қазақыландыру курсына жіберсек қалай болар екен деп ойлайсың. Әй, қыздар-ай, болашағыңды бұлыңғырлатып, қазақ қызына тән құныңды жоғалтып қай жаққа бет алдыңдар? Суық сұлулығыңды қайтейін, қазақы жылулығың болмаған соң...

Ерлан Бапанов

3051 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы