• Әдебиет
  • 03 Желтоқсан, 2009

Әбіштің бір әңгімесі жайлы ой

www.anatili.kazgazeta.kzҚазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың әңгімелерінің бірі «Тасбақаның шөбі» – классикалық туынды. Онда кемел әңгімеге тән хас белгілердің бәрі бар. Басы артық оқиға, эпизод, тіпті артық сөз жоқ. Әрбір сөз, сөйлем, детальдар – үлкен ғимараттың орнын тауып қаланған кірпіштеріндей. Егер де бір сөйлем алынса, шығарма-ғимараттың бір кірпіші кетиіп қалатындай. Оның үстіне әңгімедегі жанды сурет, бейнелі орамдар – өмірдің өзіндегідей шынайы да нақты. Кейіпкерлері де өмірдегідей тірі адамдар, нағыз типтік бейнелер.

Шығарма тақырыбы – жетпісінші жылдардағы ауыл өмірі. Жазушының ауыл өмірін терең білетіндігі сондай, бар жайды өз басынан өткендей мөлдірете көрсеткен.

Әңгіме оқиғасы бастан-аяқ екі-ақ кейіпкердің тұлғасын сомдауға жұмсалған. Шығарманың қолға ұстатқандай болмысы екі персонаж төңірегінде, олардың замандастарымен өзара қарым-қатынасы және өмірмен бетпе-бет келтірудің нәтижесінде ашылады.

Бұл кейіпкерлер – Оңбай мен Қарабала.

Оңбай – ата-бабасынан сіңірі шыққан кедейдің тұқымы. Табиғатында өте пысық, еті тірі адам. Оның пысықтығы мектепте оқып жүргенде-ақ байқалған. Оқуға алғыр, мұғалім тапсырмаларына мұқият болған. Сонымен қатар қағылез, тентек, ұрыншақ. Бойы жігер-қуатқа, бұла күшке толы. “Он беске келер-келместе-ақ қызы бар үйге түнде тайлақ боп сүйкенетінді шығарған”. Қиқарлығы, ұрыншақтығы, сонымен бірге пысықтығы қартайғанша толас таппаған.

“Ауылдағы кісі үрікпес қыз біткеннің Оңбайдың өлеңдетіп жазған хатын алмағаны кемде-кем. Ал Оңбайдың қалтасы тола қыздар берген кестелі орамал. Алқалы жиын көрсе, арқасы қызып кетеді. Көзі шоқша жайнап, екі беті бал-бұл жанып шыға келеді. Жиналыс атаулыдан сөйлемей қалмайды. Мерекелік жиналыс па, есеп беруге, қой қырқуға, шөп шабуға, мал төлдетуге, күйек алуға арналған жиналыс па, оған бәрібір. Басқарушы баяндамадан кейін-ақ соның атын атайды. Жұрт дуылдатып қол соғады. Сол ду-ду – бір ду-ду. Залда отырғандар да, төрде отырғандар да бастарын ша

10011 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы