• Ақпарат
  • 22 Қаңтар, 2009

Мен қазақпын

Халық тып-тыныш жатқан. Билік «қазақстандық ұлт боласың» деп бүйірінен бір тепті.

Бұл халықтың бүйірінен келіп тиген алғашқы соққы емес-тін. Көзін бақырайтып қойып жерін сатты. Қыңқ деген жоқ. Жерінің астындағы байлығын талан-таражға түсірді. Үні шықпады. Енді келіп «ұлтыңнан айырамыз» деп отыр. Бүк түсіп жатқан жұрт арс ете қалды. Талай жылдан бері тілінің астына жасырып келген азу тісін ақситты. Арса-арса тырнағын көрсетті. Билік мұндайды күтпеп еді...

Асып-тасқан ақылымыз жоқ. Бірақ біз биліктің соңғы әрекетін түсіне алмай далмыз. Ойда жоқта биотөлқұжат дегенді шығарды. Жер-көкке сиғызбай мақтады. Айтуларынша, қаның, жаның, саның туралы деректің бәрі алақандай қағазға сыйып кетеді екен. Әлем осындай үлгіге көшіп жатыр-мыс. Жөн дедік. Арқаланып алақан соқпасақ та, әлемдік арбаның көшіне ілескенімізге шүкір қылдық. Сонан соң биотөлқұжатта «ұлт» деген графаның болмайтынын жеткізді. Басында ешкім түсінбеді. Өйткені ондай төлқұжатты жұрттың бәрі алмайды екен. Санаулыларға ғана тиесілі болмақ көрінеді. Осы арада ұлтты жоюға қарсы жасалған жойқын әрекеттің иісі шықты. Мұндай сорақылыққа көнбеген ұлт зиялылары мен қарапайым халық аттанға салды. Көтеріліске шығатынын айтты.

Мәселеге Мәсімов араласты. Дүйсенбі күні өткізген Үкімет отырысында премьер сөзінің әлқисассын осы тақырыппен бастады. Әділет министрі Зағипа Бәлиеваға тез арада биотөлқұжатқа «ұлт» деген графаны енгізуді тапсырды.

– Басқа-басқа, бізден ұлтымызды ешкім тартып алған жоқ,– деді бас министр.

Мәсімовтің алдынан шыққанан соң Бәлиеваны қаумалаған біздің әріптестер сұрақтың астына көміп тастады. Сан сапалақ сауалға тұншығып қала жаздаған Зағипа ханым «Мен қазақпын. Қазақтың қызымын» деген көзі күлімсіреп тұрып. «Қазақ екенін, қазақтың қызы екенін Бәлиева битөлқұжатқа тапсырыс бергенде неге ойламаған?» деген сұрақ біздің көкейде қалып қойды.

Сонымен Мәсімовтің араласуымен мәселе халықтың қалауынша болғалы тұр. Кеше ғана «әлемдік стандарт солай. Біз одан асып ешқайда бара алмаймыз» дегендердің аузына құм құйылды.

Қазақ қана емес, осы жерде тұрып жатқан 130-дың ешқайсысының «қазақстандық ұлт» болғысы келмейді. Оны премьер-министрдің өзі ісімен дәлелдеп беріп отыр.

Иван да, Огай да өз ұлтын сақтап қалғысы келеді. Оларға «қазақстандық ұлт» деген жалған ұғымның көк тиынға да керегі жоқ.

Бұл жолы халық жеңді. Бірақ таразы басы теңелді деп айта алмаймыз. Өйткені ұйқылы-ояу халықтың жіберіп алған есесі әлдеқайда көп болатын.

Кене САРЫ

4075 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8279

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6785

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4534

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3916

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3883

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3843

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3571

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3571

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы