• Ақпарат
  • 22 Қаңтар, 2009

Ұлттық санақ: Көңіл таси ма, әлде жаси ма?

Әлихан Бәйменов, саясаткер:

Сандық жағынан алғанда дұрыс есептелетін болса халықтың саныөткен санаққа қарағанда өсуі тиіс. Өйткені, шетелден қандастарымыз келіп жатыр. Оның үстіне халқымыз жас. Табиғи өсу деңгейіміз жоғары.

Ұлттық санақ халықтың сапалық көрсеткішін де анықтауы керек деп ойлаймын. Өйткені ұлттың болашақ өсу әлеуетін анықтау үшін ұлтымыздың жас мөлшері мен қандай топқа бөлінетіні керек. Тағы бір жағынан халықтың білім алу деңгейі, кәсібі және қандай жұмыспен айналысуы да маңызды. Мысалы, сауалнама арқылы анықтаған жұмыссыздық санына қарағанда ұлттық санақтағы мөлшер дәл шығады. Ал бұлар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына өзгерістер әкелетін факторлар.

Бекболат Тілеухан, депутат:

Экономикалық әл-ауқатымыз күшейді. Туу саны артты. Мысалы, менің

туған ағамның баласы 30 жасында 5 балалы болды. Жиенімнің 4 ұлы бар, оның інісінің 4 қызы бар. Осылай жан-жағымызды байқасақ туудың беталысы жаман емес. Шетелден келетін қазақтарымызға мемлекет тарапынан қамқорлық ойдағыдай болса, тіптен көбейер едік. Өкінішке орай ол жағы көңілдегідей болмай отыр. Бірақ бәрібір қазақтың саны өседі. Ал азаяды дегендер болса, ол қазақша айтқанда кейбіреулердің мысық тілеуі.

Жағда Бабалық, этнограф:

Халықтың саны айтарлықтай өспей жатыр. Оған бір ғана мысал, кейбір

деректерде жасанды түсіктің салдарынан Қазақстанда әр жылы 300 мыңдай нәресте туылмай жатып мерт болатыны айтылады. Оның үстіне халықтың денсаулығы да тым шіркін-ай емес. Дегенмен, санақ жүргізушілердің қолынан халықтың санын аз қылып та, көп қылып та көрсету келеді ғой...

Мұртаза Бұлтай, дінтанушы:

Халықтың саны жылдан-жылға аз да болса өсіп келе жатыр. Бірақ

біздің армандағанымыздай халықтың санының өсуі көрінбейді. 2015 жылы Қазақстан халқының саны 20 милионға шығарамыз деген үкіметтің тұжырымдамасы болған еді. Оған бар-жоғы 5-6 жыл қалды. Діттеген межеге жетуге көзіміз жетпейді. Әрине, қазақтардың саны 10 жыл бұрынғыдан анағұрлым көп болады деп болжаймын. Өйткені, біріншіден, ішкі ресурстар арқылы көбейдік. Соңғы жылдары әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, және мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар мен өтемақылардың ұйымдастырылуы нәтиже берді. Екіншіден, сыртқы ресурс. Бұл шетелдегі қазақтардың көшіп келуі арқылы көбейгеніміз. Үшіншіден, жанама ресурс. Бұл жол жүру ережелерінің қатаюы, кейбір аурулармен күрестің күшеюі, т.б игі шаралар адам өлімін, ана өлімін азайтып отыр.

Жармахан Тұяқбай, саясаткер:

Халықты саны өседі. Өйткені, шетелге көшетіндердің саны саябырсыды. Халықтың көшіп-қонуы көп жағынан тұрақтанды деп ойлаймын.Екіншіден, шетелден келетін қандастарымыздың саны жылдан-жылға азайып бара жатса да, санымыздың артуына азда болса өз үлесін қосып отыр. Үшіншіден, 90 – жылдардың басындағы тоқырау жылдарына қарағанда халықтың бала тууы саны артты. Бір айта кетерлік нәрсе біз санмен бірге сапаға да көңіл бөлуіміз керек.

2894 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8266

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6777

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4525

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3908

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3874

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3834

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3563

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3561

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы