• Ақпарат
  • 27 Мамыр, 2010

Ұлт ұрпағымен ұзақ жасайды

1Бар байлығымыз һәм бақытымыз – бала. Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен өлшенбек. Ендеше, осы байлықтың бағасын қаншалықты біліп жүрміз?

Соңғы кездері «демографиялық қыс» жағдайында өмір сүріп жатқан елдер бұл бақыттың бағасын бала туу азайып, елі «қартайып» бара жатқанда ғана түсінді. Ал он жылда 20 млн.-дық межені мақсат етіп қойып отырған Қазақ елінің бар үмітін балаларға артуы – түсінікті жайт. Бала қоғамдағы қамқорлыққа мұқ­таж. Олардың өсіп-өркендеуіне жа­уапты ата-анасы, қамқоршысы және туған елі болуы тиіс. Мемлекет олардың жөргегі, қорегі, ем-домы, кейін балабақшасы, мектебі, жоғары білімі бар – бәрін бас­ты назарда ұстап, бала елдің кәдесіне жарағанша бабы келісті бәйге атындай жаратуы тиіс. Бұл орайда бірқатар елдер – бізге, біраз елдерге біз үлгі болуымыз керек. Олай дейтініміз, бар жиғанын баланың жолынан аямайтын елдерде қарапайым отбасының баласы байдың баласындай өмір сүреді. Олардың та­мағы мен киімін айтпағанда, жеке компьютерінен бастап сөмкесіндегі өшір­гішіне дейін түгел. Керісін­ше, білімнің қымбаттығынан бастауыш білім де ала алмайтын балалары бар елдер де жетеді. Бұл орайда еліміз біреуден кейін, біреуден ілгері. Орта білім тегін, жоғары білім алуға мемлекеттен грант бөлініп, қала берді, шетел асып, білімің мен білігіңді байқауға мүмкіндік мол. Алайда елдегі жас отбасылардың жұмысы мен баспана мәселесі біраз жайттың бетін ашады. Бұлай дей­тініміз, жас отаулардың әлеуметтік ахуалы ауыз толтырып айтарлықтай жағдайға жетпейінше, қарадомалақтар қарасының көбеюі де екіталай болып тұр. Солардың қатарында «бас ауруы» басылмай келген балабақша мәселесі де бар. Дегенмен Елбасы биылғы Жолдауында Үкіметке міндеттеген «Балапан» бағдарламасы талай түйіннің шешілуіне сеп болар деген ойдамыз. Бағдарламаның басты мақсаты – 2020 жылға дейін балаларды мектеп алды даярлығымен толық қамтамасыз ету. Статистикаға сенсек, елімізде соңғы жылдары мектепке дейінгі мекемелер саны 230-ға дейін көбейген. Бұған қоса 980 шағын орталық ашылыпты. Қазіргі уақытта балабақшаларды ашу ережелері барынша жеңілдетілуде. Бір ғана Астана қаласында мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалар кезегі 34 мыңға жеткенін аңғарсақ, рес­публика бойынша олардың саны қанша екенін бағамдай беріңіз... Атам қазақ «баладай мұңсыз қыл» деп бекер айтпаған. Жалпы, Қа­зақстанның әр баласының езуіне күлкі үйіруге мемлекетіміздің қазіргі қуаты жеткілікті. Сондықтан бүгінгі сәби ертеңгі ел болашағы екенін еске­ріп, оларға бар жағдайды жасағаны­мыз абзал. Өйткені ұлт ұрпағымен ғана ұзақ жасамақ. Рая КІРШІБАЕВА Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы

3636 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7391

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6293

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4040

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3426

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3384

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3352

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3081

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3070

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы