• Білім және ғылым
  • 02 Маусым, 2010

Жауапкершілікті сезіне білейік

p1010035Сәрсен Жүсіпбеков, ҚазҰТУ проректоры:

Ғаламдасу заманында әлемдік талаптарға жауап беретін отандық кәсіби мамандар дайындау ісінің маңызы ара түспек. Бұл мәселе Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген елдің қарқынды индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында қамтылған. Қазақстанда білікті техникалық мамандар әзірлеу қандай деңгейде? Бұл сауалға Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқу істері жөніндегі проректоры Сәрсен Жүсіпбеков жауап береді. – Соңғы кездері қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік университеттер рейтингінен орын ала алмай отырғандығы жөнінде сын айтылып қалады. Шын мәнісіндегі жағдай қандай? Бұл ретте еліміздегі іргелі оқу орны – ҚазҰТУ-дың мүмкіндігі жөнінде не айтар едіңіз? – Университеттің стратегиялық мақсаттары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында көрсетілген талаптарды жүзеге асыру­ға негізделген. «Жоғары білім сапасы ең жоғары ха­лық­аралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жоғары оқу орындары әлемнің жетекші универ­си­теттерінің рейтингіне енуге ұмты­луы керек» деген болатын Мемлекет басшысы. Осыған орай университеттің Ғылыми кеңесінде «Қ.Сәтбаев атында­ғы ҚазҰТУ стратегиялық дамуы» атты құжат қабылданған. 2009 жылы қаңтар айында Alatau IT City ақпараттық технологиялар паркінде өткен «Ғылым және инновация» атты көрмеде ҚазҰТУ даму бағдарламасын Елбасы толықтай мақұлдады. – Сіз айтып отырған университтетің басты құжаты не туралы? – Мақсаты – Қазақстан Президенті айтқандай, әлемнің жетекші уни­верситтері рейтингісіне кіру, әлемдік деңгейдегі ұлттық зерттеу оқу орнына айналу. – Бұл – келешек еншісінде. Ал дәл қазіргі жағдай жөнінде не айта аласыз? – Қазақстандағы техникалық жо­ғары оқу орындары арасында рей­тингі жағынан ҚазҰТУ бірінші орын алатындығы белгілі. Ал былтыр «Times Higher QS World University Rankings» (Ұлыбритания) рейтинг агенттігі бағалаған әлем университеттері қатарына ендік. Университеттегі білім беру сапасын жақсарту үшін әлемдегі ең беделді ASIIN (Германия), ABET (АҚШ), АНОР (Ресей) сияқты аккредитация агенттіктерінде 22 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредитациядан өту үшін қыруар жұмыс жасалуда. Мәселен, қазірдің өзінде «есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету», «картография мен геодезия», «машина жасау», «электроэнергия» және «техникалық физика» тәрізді мамандар бойынша Еуропаның 16 елі мойындайтын АНОР аккредитация агенттігінен халықаралық аккредитациядан өттік. «Шеврон» компаниясы демеушілік көрсететін Халықаралық университеттердің әріп­тестік бағдарламасына мүше болу құрметіне ие болған посткеңестік ел­дердің ішінде жалғыз ҚазҰТУ ғана. – Жақсы маман әзірлеудің басты тетігі ұстаздар ұжымы екені анық. Техникалық мамандар әзірлейтін кадрлар жеткілікті ме? – Қазіргі таңда университеттегі профессор-оқытушы құрамына 3000-ға жуық қызметкер кіреді. Оның ішінде 9 ҰҒА академигі, 35 халықаралық академиялардың мүшелері, 200-ге жуық ғылым докторы, 500-ге тарта ғылым кандидаты бар. Университетте жыл сайын білікті ұстаз-ғалымдардың тәжірибесін жастарға үйрету мақсатында «Жас лекторлар мектебі» ұйымдастырылады. Өткен оқу жылынан бастап жас оқытушыларға арналған «Ұжымдық мәдениет және оқытушы әдебі» атты тренинг-курстар өткізіле бастады. Университеттің кадр потенциалын арттыру үшін «Кадр» бағдарламасы жүзеге асуда. Әрине, «бес саусақ бірдей емес». 20 мыңға жуық студенттері мен ұстаздары, қызметкерлері бар, кішігірім бір аудан халқының санына пара-пар үлкен ұжым­да өзінің қасиетті борышын тиісті дәре­жеде атқара алмайтын «ұстаздардың», сон­дай-ақ оқу үлгерімі нашар студент­тердің де аракідік кездесіп қалатындығы – өмір шындығы. Сондықтан университеттің күн­делікті қайнаған тіршілігінде біреу жұмыстан, біреу оқудан шығып жататыны рас. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары университет құрамындағы институттар қызметін өзіміз жан-жақты тексеру барысында кейбір қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері әшкереленді. Атап айтсақ, Мұнай және газ институтында стипендия тағайындау, диплом беруде жіберген олқылықтары үшін осы институттың басшылығы толықтай жұмыстан шығарылып, осы іске қатысты басқа қызметкерлерге қатаң сөгіс жарияланды. Бұл істердің барлығы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасына берілді. Комиссия анықтаған кейбір фактілер бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғаған. Университет басшылығының, Ғылыми кеңесінің алға қойған мақсаты – ұжымда мұндай келеңсіз жайттарға жол бермеу. Сондықтан алдағы уақытта да заң бұзушыларға барып, университеттің атына кір келтіретін, еліміздің болашақ тізгінін ұстар жас буынға тәлім-тәрбие беруге лайықсыз азаматтарға атағына, лауазымына қарамастан орын болмайды дегіміз келеді. Сұхбаттасқан М.ЖҮНІСОВА

2807 рет

көрсетілді

34

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8210

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6746

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4494

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3875

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3842

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3804

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3532

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3528

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы