• Тұлға
  • 23 Маусым, 2010

Қызметке адал болу – кәсіби парызымыз

d0bcd0b0d0b6d0b8d180d0b8d0bd23 маусым – полиция күні. Бұл мейрам 2002 жылдан бері қарай аталып келеді. Осыған орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер училищесінің бастығы, полиция полковнигі Дабыржан Тыныбайұлы Мажиринмен сұхбаттасқан едік– «Ішкі істер қызметкерлерінің көпшілігі арнайы жоғары оқу орындарын бітірмеген, әскери міндетін орындағаннан кейін полиция қатарына алынады» деген түсінік бар. Осы түсінік дұрыс па, әлде бұрыс па? – Қазақстан Республикасының Ішкі істер қызметінің қатарына өтетін азаматтардың барлығы әскери борышын өтеуі міндетті. Оның өзінде әскер қатарында болды деп бей-берекет барлығын ала бермейміз. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарына сәйкес, болашақ полиция қызметкері үлкен тексерістерден өтеді. Мектеп жасынан бастап, сол күнге дейінгі тәртібі, әскер қатарында өзін-өзі көрсете білуі, жұмыс жасаған болса, әріптестерінен мінездеме алынып, көрші-көлемдерімен қандай қарым-қатынаста болғандығы, бұрын-соңды құқық тәртібін бұзған-бұзбағанды­ғы секілді жайттар анықталып, содан кейін ғана арнайы медициналық тексеруге жіберіледі. Полиция қызметінің жоғары білімін аламын деушілерге елімізде Ішкі істер министрлігінің арнайы оқу орындары жеткілікті. Алматыда Ішкі істер академиясы, Қарағандыда және де биыл ашылған Ақтөбеде Заң институттары бар. Сонымен қатар Қызылжарда ішкі әскери инс­титут қызмет етеді. Онда тек ішкі әскери қызметкерлерін оқытады. Орта арнайы оқу орындары Семей мен Шымкентте және Ішкі істер министрлігінің училищелері барлық облыс орталықтарында бар. Жай оқу орындарынан ерек­шелігі – біздің білім ордаларында жүз пайыз жұмыспен қамтамасыз ету қаралған. Оқу мерзімі біткеннен кейін жұмыссыз қаламын деген сөз мүлдем болмайды. Қолына дип­лом алысымен қай облыстан келді, сол жаққа қайтарылады немесе өз еркімен маман жетіспейтін аймаққа жолдама алады. – Елімізде Ішкі істер қызметкер­лерінің арасында қызметтік лауазымын асыра пайдалану нәтижесінде заң бұзушылық әрекеттері болып тұрады. Оған нендей себептер бар? Бір жиында заң бұзған полиция қызметкерлеріне жай халық­тан гөрі қатал жаза қолдану керек деген ұсыныс айтылды. Осыған өз пікіріңіз... – Қазақта «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген сөз бар. Сол секілді бір қызметкердің тәртіп бұзғандығы үшін бүкіл полиция қызметкерлерінің бәрі осындай деген түсінік қалыптаспа­уы керек. Қызметкерлер арасында заң бұзушылық мүлдем болмайды деп те айта алмаймын, бірақ талап пен тәрбие арқылы жақсы жетістіктерге қол жеткіздік деп айта аламын. Әрдайым арымыз таза, қызметке адал болу біздің кәсіби парызымыз десек болады. Әлбеттте, пенделік кімде болмайды?! Полиция қызметкерлерінің бұлай жаман жағынан көрініп қалуына себеп – ақ нәрсеге кішкентай қара дақтың тигені қалай анық байқалатын болса, біздің қызметкерлеріміздің ішінен мыңнан біреуінің бұзған тәртіпсіздігі дәл солай көрінеді деп білемін. Бүгінгі таңда еліміздің саяси, заң талаптарына сай ішкі істер қызметкерлері арасында тексеріс­тер, бақылаулар жүргізіліп оты­рылады. Министрлік жанынан ішкі қауіпсіздік басқармасы қызмет етеді. Басқарманың бөлімшелері әр облыстарда бар және олар тікелей министрлікке бағынады. Бір адам­ның полиция қызметкеріне байланысты арыз-өтініштері болса ешқайсысы қараусыз, жауапсыз қалмайды. Бәріне тексеріліс жүргізіледі. Министрліктің қойып отырған ең бірінші талабы – өзіміз заңды қор­ғай жүріп, өз қызметкерлеріміз­дің заңды бұзбауы. Қазақта «ауруын жасырған өледі» дейді ғой, біз «ауруымызды» жасырмаймыз. Бірінші орынға қоятынымыз – өзіміздің ішкі тәртіп. Біреуге ақыл айтар, тәртіпке салар алдында бірінші өзің ақылды, тәртіпті болуың керек. Және айтарым, елді тәртіпке шақырып жүрген полиция қыз­меткерлері өздері заң бұзатын болса, өздері тәртіпке қарсы іс-әрекетке баратын болса, оларға қатал жаза қолдану керек деп білемін. Мүмкін қарапайым халық заңды білмей бұзатын шығар, ал олар біле тұрып бұзады. – Бүгінгі таңда ауылдық жерлерде полиция қызметкерлерінің жетіспеуі – жиі байқалатын жайт. Жас мамандарды ауылға қызметке шақыру мәселесі қалай ұйымдастырылуда? Нендей жеңілдіктер бар? – Жоғарыда атап өткендей, оқу орындарын бітіргеннен кейін, бар­лық бітірушілерді басқарма жанынан бағыт-бағытқа қызметке жібереді. Облыстық, қалалық ішкі істер де­пар­таменттерінің арнайы кадр­лар жөніндегі қызметкерлері қай ауданға, ауылға қанша қызметкер керек, қандай салада керек екенін анықтап, алдын-ала жоспарлап қоя­ды. Тұратын үйіне дейін анықтап, барлық жағдай жасалады. Бүгінгі күні ана ауылда полиция маманы жетпей жатыр дегенді естіген жоқпын. Жұмыс болғасын бос орындар болып жатады, оның орны оқу бітірген жас мамандармен толықтырылып отырады. Айта кетер жайт, көп жерлерде жергілікті әкімшілік жағынан көмек көрсетіледі. Жалғыз полиция өз күшімен ғана еш уақытта бұзықтықты, қылмысты тоқтата алмайды. Бүкіл елдің, жергілікті басшылықтардың көмектері керек. Еліміздегі барлық облыстарда, аймақтарда полиция қызметкеріне материалдық та, басқалай да жасалған жағдайлардың болуында әкімшіліктің үлесі зор деп білемін. Ішкі істер министрлігі тарапынан да көп көмек көрсетіледі. Ауылда қызмет ететін қызмет­керлерге берілетін көптеген же­ңілдіктер қарастырылған. Мысалы, ауылдық жерлерде қызмет еткен азаматтарға бір жыл еңбек кітапшасында бір жарым жыл болып есептелінеді. Ол ертең зейнетақыға шыққанда үлкен жеңілдік болады. Одан басқа айлық жалақысы да жоғары болып келеді. – Бүгінгі полиция қызметкерлері­нің жұмыс істеу тәртібімен таныс­тыр­саңыз. Әскери тәртіптегідей кезек­пен жұмыс атқарады ма, әлде 8 сағат­тық еңбек заңы бойынша ма? – Барлық қызмет еңбек заңы бойынша атқарылады. Одан басқа министрліктің ішкі бұйрықтары да бар. Бізде кезектен тыс жұмыс атқаратын жағдайлар жиі болып тұрады. Қызығы мен қиындығы мол полиция қызметінің ерекшелігі – біздің қызметкерлер сегіз сағат жұмыс істедік деп, жұмыс орнын немесе бітпеген тапсырмасын тас­тап кете салмайды. Қылмыстың болуы немесе сол секілді тағы басқа тәртіпсіздіктер уақыт таңдамайды. Ол түнде де, күндіз де, таңертең де, кеште де болады. Кейін осы еңбек уақытынан тыс қызметтері үшін тиесілі демалыстарын алады. Қазір полиция қызметкерлерінің еңбек демалысы 45 күнге дейін жетеді. Тағы да айта кетер жайт, біз мереке кездерінде де жұмыс жасаймыз. Тіпті мереке кезінде біздің қызметтік міндетіміз екі-үш есе артады. Халықтың жақсылап демалуы, бала-шағаларымен уақыттарын қызықты өткізуі үшін қажетті тәртіп тыныштығын қадағалаймыз. Осындай қызметімізге орай Үкімет тарапынан барлық жағдай­лар жасалған. Ерте зейнетке шы­ғамыз. ТМД елдерінің ішінде айлық жалақылары ең жоғарғысы Қазақстан Республикасының Ішкі істер қызметкерлерінде. – Халық арасында полиция қыз­меті дегенде «план орындау» дегенді жиі естиміз. Ол не өзі? Шын дақпырт па? – Әрине, жалған әңгіме. Елімізде мұндай «план орындау» деген нәрсе жоқ. Біздің қызметіміз – қылмыстың алдын алу, тәртіпсіздікті болдырмау, болған бұзықтықтың анық-қанығын біліп, кінәліні заңға тарту. Қылмыстың болмағаны сізге де, бізге де жақсы емес пе?! Мүмкін Кеңес кезінде осы секілді нәрсе болған шығар. Біздің міндет – бол­ған қылмысты ашу. Біз ашпасақ, ол көбейе берсе тағы да болмайды. Мүмкін сол нәрсені «план» деп ойлайтын шығар. Әр қылмыс ашылуы тиіс. Біз жұмыс істеуіміз керек. Ол бізге жоспар емес қой. – Еліміздің Ішкі істер қызметі­нің халықаралық Интерпол немесе жастар жағы жақсы таныс, атышулы ФБР деген секілді ұйымдармен байланысы қалай? – Егемендігімізді алғаннан ке­­­йінгі жылдардан бері құқық қор­ғау саласы бойынша Ішкі істер ми­нистрлігінің барлық халық­ара­лық ұйымдарымен тығыз байланыстамыз. Мен кезінде еліміздегі Интерполдың бастығы болдым. Сол кезде 183 мемлекетпен байланысымыз болатын. Қазіргі таңда жалғыз ФБР емес, бұл тек америкалық фе­деральдық ұйымы ғой, осы секілді Еуропаның, ТМД-ның, сол секілді Қытайдың құқық қорғау органдарымен байланысымыз бар. Бұл байланыстардың болуының орны ерекше. Қылмыс тек біздің жерде ғана жасалмайды. Қазір шетелге бару да, келу де оңай. Кеңес заманындай жауып қойған ештеңе жоқ. Бүгінгі таңда халықаралық қылмыстық ұйымдар да жетіп-артылады. Мысалы, қылмысты Ресейде бастап, Қазақстанда аяқтайтын немесе Қазақстанда бас­тап, шетелде аяқтайтындар көп. Ондай қылмыс­тармен өз елімізде отырып күресе де алмаймыз, алдын ала алмаймыз да. Осы шараларды атқаруда Ин­терполдың атқаратын ролі ерекше. Қашып кеткен адамдар дейміз ғой, оның өзі Интерпол қызметінің тек бір ғана қыры. Қазір лаңкестік, есірткі ісі секілді ірі қылмыстардың алдын алу, қадағалау – уақыт күттірмес шаралар. Осы халықаралық қыл­мыстардың алдын алуда Интерполмен байланыстың маңызы зор. Сонымен қоса еліміздің ішкі іс­тер қызметкерлері шетелге тәжірибе алмасуға барып тұрады. Бір-бірімізге ақпарат беріп, ақылдасып, түрлі жиындар өткізіп тұрамыз. Халықаралық байланыс барысында іске асатын шаралар – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемге қажетті жаһандық мәселелер. Осындай ұйым болмаса жеке мемлекет халықаралық қылмысқа тосқауыл бола алмайды. – Әңгімеңізге рақмет. Жанұзақ ӘЛІМГЕРЕЙ

5243 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9326

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7390

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5132

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4514

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4479

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4437

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4174

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4166

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы