• Тұлға
  • 03 Наурыз, 2011

БАҚ кандидаттарға бірдей мүмкіндік жасауы тиіс

d0bbd18fd0b7d0b7d0b0d182-d181d183d0bbd0b5d0b9d0bcd0b5d0b5d0bdКез келген сайлаудың жауапты әрі маңызды кезеңдерінің бірі – сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары екені белгілі. 2011 жылдың 3 сәуірінде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталып жатыр. Осы орайда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменмен әңгімелескен едік.

– Ләззат Жаңылысқызы, сөз басында кезектен тыс өткелі отырған Президент сайлауының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары мен сайлауалды іс-шаралар үрдісін айта кетсеңіз? – Негізінен алғанда, үгіт-насихат жұмыстарында айтарлықтай өзгерістер болмайды. Бұл шара заңда бұрыннан белгіленген тәртіппен жүзеге асады. Жалпы, үгіт-насихат жұмыстары 3 наурызда басталып, 1 сәуір күні түнгі 24-00-де аяқталады. Мемлекет үміткерлерге өз бағдарламаларымен бұқара­лық ақпарат құралдарында үгіт жүргізу үшін бірдей қаражат бөлінуіне кепілдік береді.

Ақпарат құралдарындағы үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарына келетін болсақ, ол екі бағытта ұйымдастырылады. Бірінші бағыты – мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін кепілдіктер. Қай жағынан алсақ та, сайлау үдерісінің бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрініс табуы – маңызды мәселе. Өткенде біз президенттікке кандидаттарға республикалық бюджеттен бөлінетін шы­ғыстардың нормативтерін белгілеу туралы қаулы қабылдадық. Таратып айтатын болсақ, әрбір үміткердің теледидардан он бес минут сөз сөйлеуіне – 4 миллион 625 мың теңге, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне – 169 мың теңге, сондай-ақ баспасөз басылымдарына 540 шаршы см. көлемінде екі мақала жариялауға 810 мың теңге бөлінеді. Сондай-ақ кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар жалдауға – 200 мың теңге, баспа, үгіт материалдарын басып шығаруға 290 мың теңге беріледі. Әрбір үміткердің көлік шығындары үшін тағы 200 мың теңге қарастырылған. Бұдан бөлек, кандидаттар сайлауалды үгіт материалдарымен электрондық және баспа ақпарат құралдарына БАҚ редакцияларының заңмен белгіленген тәртіпте алдын ала жариялаған, барлық кандидаттар үшін бірдей шарттар негізінде шыға алады. Бұл қызметтің ақысын кандидаттар өздерінің сайлау қорларынан төлеуі тиіс. Екінші бағыт – Президенттікке үміткер кандидаттардың тікелей өзінің жүргізетін сайлау алдындағы науқаны. Ол науқан үміткердің өзі құрған сайлау қорының есебінен жүргізіледі. Үміткер ретінде тіркелген әр азамат өзінің сайлау қорын құруға міндетті. Қор үш негізден құралады. Біріншіден, кандидаттың тікелей өз қаражаты. Екіншіден, егер кандидатты саяси партия ұсынса, сол партия тарапынан берілетін қаражат. Және азаматтардың еркін қайырымдылықтары. Бұл қордың ең жоғарғы мөлшері 432 миллион теңге шамасынан аспауы тиіс. Осы қордың қаржысынан Президенттікке үміткер өзінің қажетті деп тапқан ақпарат құралында сөз сөйлеуге, пікірін білдіруге, өзіне дауыс беруге насихаттауға құқы бар. Бірақ бұл жердегі БАҚ-тың алдындағы үлкен жауапкершілік – барлық кандидатқа теңдей мүмкіндік жасауы керек. Егер де ақпарат құралы бір кандидаттың сөйлеуіне немесе мақаласы шығуына рұқсат беріп, онымен келісімге отырса, онда басқа кандидаттармен де осындай келісімге оты­руға міндетті болып табылады. Бұл – үлкен мәселе. Өйткені ақпарат құралдарында кан­дидаттарға тең кепілдік беруді қамтамасыз ететін – осы талап. Егер ақпарат құралдары бұл талапты орындамаған жағдайда еліміздің Әкімшілік кодексі бойынша жауапқа тартылуы қарастырылған. – Әрбір тіркелген үміткер сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде қандай да бір шарт аясында жұмыс жасайды ма? – Тіркеуден өткен үміткер 3 наурыз­дан бас­тап сайлаушылармен үгіт жұ­мысын жүргізу алдын­да мынадай шарттарды естен шығарма­ғаны дұ­рыс: – сай­лау алдындағы жария іс-шараларды: жи­на­лыстар және сайлаушылар­мен кез­десу­лерді, жария пікірталастар мен пікір алы­су­ларды, сондай-ақ кандидаттар мен олар­дың сенім білдірілген адамдарының электорат өкіл­­дерімен жеке кездесулері Республика заң­намасымен реттелген тәртіпте өткізілуі тиіс; – дыбыс-бейне, баспа және өзге де үгіт мате­риалдарда оларды шығарған ұйым, басылған жері мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, ақысы қандай қаражаттан төленгендігі туралы мәліметтер болуға тиіс. Үгіттік баспа материалдарды Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдік үгіт материалдарын таратуға тыйым салынатынын ескерген жөн; – сайлауалды үгіт кезінде сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу немесе осындай нәрселерге уәде беру арқылы жүргізілетін, яғни сайлаушылардың дауысын сатып алу нышандары бар шаралар өткізуге тыйым салынады. Сайлауалды үгіт жүргізудің осы және басқа да бірқатар заңды талаптарын бұзу кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға негіз бола алады. Сайлау науқанының табысты болуы сайланбалы лауазымға кандидаттардың заң талаптарын қатаң ұстанып, көпшіліктің талабынан шығып, әрқайсысымыздың таңдауымызға әсер ете алатындай бағдарламалар ұсынуына көп байланысты. Көптеген өркениетті елдерде сайлауалды үгіт жүргізу осындай заңнамалық негізде жүзеге асады. – Сайлау кезінде БАҚ өкілдері қандай құқыққа ие бола алады? – Еліміздің сайлау заңнамасында еліміздің де, шет мемлекеттердің де бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлауды жария етуі үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Олар­дың сайлау процесінің барлық кезеңдеріне қатысуға, сайлау комиссияларынан сайлау нау­қанының барысы туралы ақпарат алуға, да­уыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіруге, сайлау процесіне қатысушылармен кездесуге, сайлау күні дауыс беру рәсімін, сайлау комиссияларының қызметін толыққанды байқауға құқығы бар. – Дауыс беру күні ақпарат құралының өкілі кез келген сайлау учаскесіне кіріп ақпарат жинауына құқы бар ма? – Біздің елімізде БАҚ-тың сайлауға қа­тысуына, оны объективті түрде жариялауға, жоғарыда айтылған талаптарды орындай оты­рып, үгіт-насихат жұмыстарын жариялауға қатысуға құқы бар. Ал дауыс беру күні әрбір сайлау учаскесінде әрбір ақпарат құралының бір өкілі бола алады, оның өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты мен редакцияның тапсырмасының болуы шарт. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы

2686 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8993

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7186

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4927

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4312

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4278

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4236

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3968

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3966

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы