• Тұлға
  • 10 Наурыз, 2011

Жетістік сыры – талмай іздену

d0b0d0b7d0b0d0bcd0b0d182Азамат Қожа есімді жас бүгінде жастығына қарамай, «Транстелеком» АҚ-да ақпараттық технологиялар жөніндегі бас инженер қызметін атқарып жүр. Жалпы, Алматы қаласы сынды бәсекелестіктің қайнаған ортасында ол бірінші кезекте қазақ баласының компьютерге келгенде ешкімге дес бермейтіндігін дәлелдеу үстінде. Қалай десе де, Азаматтың өзіндей талай жігіттердің базарда арба сүйреп, енді бірі ата-анасының мойнына «мініп» алғанын ескерсек, оның ісіне сүйсінбей тұра алмайды екенсің.

– Азамат, сенің мамандығың қандай? – Бағдарламашы. Бірақ мен әлі де бұл мамандықтың дипломын ала қойған жоқпын. Бұйыртса, биыл аламын. – Сонда сен сырттай оқисың ба? – Әрине, сырттай оқып келемін. Шымкентте екі жылдай оқыдым. Бірақ өз-өзіме көңілім толмады. Оқытылып жатқан бағдарламаны да қиын қабылдадым. Менің өзімнің табиғатым сондай ма, әлде өзім жалқаумын ба, әйтеуір, кітап қарау деген қолымнан еш келмей-ақ қойды. Гуманитарлық сала тіпті жаныма жақпайтын. Есесіне практикалық жұмыстарға жақсымын. Мен үшін оқып білгеннен гөрі, іс барысында меңгерген оңай. Бір жағынан, ата-анамнан да ұят болды. Семестрден семестрге өте алмай, күйзеліске түстім. Ақыры, «қой, бұлай жүре бергенім болмас, тым болмағанда оқуымның ақшасын өзім табайын» деп сырттай бөлімге ауысып кетіп, Шымкент қаласындағы ұлттық кітапханаға компьютерші болып жұмысқа тұрдым. – Қазір өкінбейсің бе? – Несіне өкінемін. Дұрыс жолды таңдадым деп ойлаймын. Біздің елде теория мен практика байланыстырылып, қатар жүрмейді. Мен практикалық жағын таңдадым. Қазір аса жоғары дәрежелі болмасам да, «менмін» деген анау-мынау бағдарламашыдан кем емеспін. Өйткені мен орта деңгейлі бағдарламашы өтуге тиіс барлық кезеңдерден өтіп шықтым. Мәселен, кітапханадан кейін компьютерлік білім беруге маманданған тағы бір жекеменшік фирмаға жұмысқа тұрдым. Онда біз келушілерді компьютерлік біліктілікке баулып, сертификат берумен айналыстық. Осының бәрі мен үшін үлкен мектеп болды. – Алматыға қалай келіп жүрсің? – Бәлкім, мен сол сертификат таратып жүре берер ме едім, кім білсін?! Егер Айдар есімді сыныптасым Алматыға шақырмағанда… Ол «ұялы телефон жөндейтін орталық ашайық» деп ұсыныс айтты. Өзім де Шымкенттен басқа жерге баруды ойлап жүргем. Келдік, көрдік, аштық, шүкір, табыс та таптық. – Ал “Транстелекомға” қалай келіп жүрсің? – Мен осы ұйымның тәжірибелі бағдарламашылар іздестіріп жатқанын достарымнан естідім. Сыннан өттік, жұмысқа алындық. Бір жақсысы, бұл жақтың кадр бөлімі таза білігіңе қарайды екен. – Яғни таза біліктілік қай жақта да алып шығады ғой. Солай ма? – Тап солай. Мысалы, жақында менің Алмат дейтін бір ауылдасым осы Алматының жекеменшік колледждерінің біріне жұмысқа тұруға ұмтылып көрді. Мамандығы – суретші. Қас қылғанда, сонымен қоса-қабат директордың алдына компьютерші қызметіне жоғары білімді бір жігіт барады. Директордың көңілі дипломдыға ауады да баяғы. Бірақ Алмат еш қиналмастан бұзылған кез келген бір компьютерді алып келуді сұрайды. Алмат баяғыдан компьютер жөндеудің шебері еді. Директор мен дипломшының көзін бақырайтып қойып, айналасы 1 сағаттың ішінде компьютерді жөндеп береді. Ал енді сізге жұмбақ. Директор кімді жұмысқа алды? – Жарайды. Әңгіме ауанын қазіргі қызметіңе бұрсақ. Өзің жап-жассың. Бас инженерлікке тым ерте іліккен жоқсың ба? – Бәрі еңбегіммен келді. Алғашқыда орысшадан қиналдым. Мұнда жұмыс істейтіндердің дені – өзге ұлт өкілдері. Бұдан бөлек, ә дегеннен теориялық танымға қатысты біраз осал тұстарым сыр берді. Өтті, кетті. Айтудың да керегі жоқ. Мен үшін бүгінгісі маңызды. Бастапқыда бірінші дәрежелі, сосын екінші, әрі қарай үшінші дәрежелі маман дәрежесіне жеттім. Оңай емес, қателіктер жасай отырып, үйреніп, ізденіп дегендей, қиыншылықтармен жеткен жетістік. – Нағыз бағдарламашы болудың кілті неде деп ойлайсыз? – Мәселен, менің өзім біреуге нұсқау бере алмаймын. Біз тынымсыз ізденістің адамымыз. Сәл қалғып, тоқмейілсіп кетсең, заманауи бағдарламалардан қалып қоясың. Ал бұл деген – бағдарламашы үшін өліммен пара-пар нәрсе. Былайша, өз тәжірибемнен айтар болсам, талмай іздену. Ең бастысы – практикаға көбірек көңіл бөлу. Әрине, теориялық білім жақсы. Бірақ оны жүзеге асырып, өмірге кірістіріп отырмасаң, өлі білімге айналады. Сұхбаттасқан Ерболат МАМЫРАЙХАН

2378 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9035

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7212

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4951

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4338

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4301

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4262

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3996

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3989

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы