• Қоғам
  • 11 Тамыз, 2021

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ

«30 игі іс». Дәл осындай атау­мен қайырымдылық керуен акциясы басталды.  «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы мен Алматы облысының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп қалалық жағажай аумағында экологиялық тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Табиғатты аялау керек. ­Алайда біз көпшілігіміз айналаны қоқыспен былғамау, Табиғат Анаға зиян келтірмеу екенін жақсы білсек те осы теріс әдеттен арыла алмай келеміз. Мәселен, күн жылынысымен табиғаттың тамаша көрінісін тамашалау үшін өзен жағасына, тау бөктеріне серуендеп баруға құштармыз. Күні бойы демалып, табиғаттың тылсым дүниелеріне көз тастап, табиғатпен үнсіз тілдесіп қайтамыз. Ал сол ­демалыстан кейінгі көріністі көрсеңіз, көңіліңіз біраз түсіп қалар еді. Ал осындай олқылықтың орын алып жатқандығын айтып, ескерте қалсақ «Осы табиғатты шашып жатқан мен ғана ма? Адамның бәрі солай істейді» деп ашу шақырады. Адамның бәрі істесе істесін, бірақ сіз істемеңіз деп айтып түсіндіре алмайтынымыз өкінішті. Өзгелер шашса да сіз шашпаңыз. Әсіресе жазды күні табиғат пен су қоймалары ерекше ластанады. Күн ыстықта ішкен сусындардың құмыраларынан адам денсаулығына зиянды түрлі аурулар тарайды деп дәрігерлер қанша дабыл қақса да адамзат еш қаймықпастан табиғатты ластауын қояр емес. Біздің қоғамға экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін біраз жұмыс жүргізуіміз керек. Осындай олқылықтың орны толсын деген мақсатта болашақта акцияларды жиі өткізіп тұрамыз. Дәл осындай акцияның тәрбиелік мәні де зор. Аталған акцияға балалар да белсенділік танытты. Осыны көзбен көрген жасөспірімдер болашақта Табиғат Анаға зиян келтірмейді деген үміттеміз. Тиісті емес жерлерде қоқыс шығару мәселесіне назар аударып, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға баршамыз белсене атсалысуымыз қажет.  

Руфина УСАНОВА,

«Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабының төрағасы

 

1065 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы