• Қоғам
  • 27 Қаңтар, 2022

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ТӨМЕНДЕЙ МЕ?

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жамбыл Ахметбеков мүмкіндігі шектеулі жандардың зейнетке шығу жасын төмендету мәселесін көтерді.

 – Жылдар бойы Қазақстан Халық партиясының депутаттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемалық мәселелерін көтеріп, оларды шешу бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Өткен жылдың сәуір айында біз мүгедектігі бар адамдар үшін зейнет жасын төмендету ­туралы мәселе көтердік. Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтардың еңбек етуге құқығы бар және олардың кейбіреулері зейнет ­жасына жеткеннен кейін жұмысын жалғастырғысы келеді. ­Дегенмен мұндай адамдар аз. Зейнетке шығу қарсаңындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмыс істеу денсаулығына ­байланысты физикалық қиындық туғызады. Бұрынғы Үкімет мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасы тө­мендеген кезде тағайындалған ынтымақты зейнетақы мөлшері мүгедектік бойынша ай сайынғы жәрдемақыдан төмен болады деп жауап берді. Неліктен зейнетақы жүйесін мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ерекше жағдай жасауға өзгертпеске? – деді Ж.Ахметбеков Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында. Оның пайымынша, мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлер міндетті түрде зейнетақыны да, мүгедектігі бойынша жәрдемақыны да алуы тиіс.

«Біздің елде құқық қорғау және арнайы органдардың қыз­мет­керлері ғана зейнетке ерте шығады. Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз етуде осындай тәсіл қолданылуға тиіс деп есептейміз. Біз азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қабылдануға тиіс шаралар мен шешімдер туралы айтқанда Үкімет әдеттегідей: «Бұл – бюджетке қосымша ауыртпалық әкеледі» деп жауап береді. Бұл тәсілге қарсы бірнеше объективті дәлел бар. Біріншіден, Қазақстанда жұмыс істейтін зейнет жасындағы мүгедектердің саны 3 мың адамнан аз. Жұмыс істейтін 50 мың мүгедектің орташа жасы 45 пен зейнет жасы аралығын құрады. Яғни олардың саны көп емес», – деді депутат. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып және ел Президентінің бастамаларын қолдау мақсатында Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары:

1. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін зейнетақы жасын төмендетуді;

2. Мүмкіндігі шектеулі адамдар ұйымдарының міндетті түрде қатысуымен мүмкіндігі шектеулі адамдардың зейнетке шығу жасын төмендетудің және айқындаудың нақты өлшемдерін (мүгедектік тобын, денсаулық жағдайын, ауруын, еңбек сипатын және т.б. ескере отырып), сондай-ақ мүгедек адамдардың мүддесіне сай келетін зейнетақымен қамсыздандыру тетігін әзірлеуді;

3. Мүмкіндігі шектеулі жан­дардың проблемасын, оның ішінде жұмыс істейтін мүмкіндігі шектеулі адамдардың жасының еңбекке қабілеттілігіне әсері туралы қажетті ғылыми зерттеу жоспарын ­даярлауды;

4. «Мүгедек адамдардың ­құ­қықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту ­жө­ніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарға» мүгедек адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру, статистикалық деректерді ­жинау және мүгедектік мәселелерін ғылыми зерттеу, мүгедектік сала­сын­дағы жұмысы тиімділігінің индикаторларын әзірлеу бөлігінде пысықтау енгізуді;

5. Әзірленіп жатқан әлеуметтік Кодекске мүмкіндігі шектеулі адам­дардың зейнет жасын төмендету мәселесін енгізуді ұсынады.

Н.Бейсембаева

894 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы