• Әдебиет
  • 10 Наурыз, 2022

CӨЗІ МЫҚТЫНЫҢ ӨЗІ ДЕ МЫҚТЫ

Бақтияр Өрісбайұлы Сманов – XX ғасырдың 70-90-жылдары мен қазіргі XXI ғасыр басындағы жаңа тарихымызда көркем әдебиетті орта мектепте оқыту әдістемесін зерттеуді педагогика ғылымының классикалық дәстүрі аясында жаңаша дамыта жалғастырған ғалым-ұстаз. Ол – педагогика ғылымының докторы, ҚР Ұлттық ғылым, Халықаралық педагогикалық білім беру (Ресей), Айтматов атындағы (Қырғызстан) академияларының академигі.

Бақтияр Өрісбайұлының ­ғы­лыми шығармашылығы әдебиетті оқыту әдістемесіне арналған іргелі зерттеу еңбектерімен айқындалады: біріншісі – 1991 жылы Мәскеуде «Қазақ орта мек­тепбінің жоғары сыныптырында кейіпкер бейнесін талдау»  тақырыбымен қорғаған кандидаттық диссертациясы; екіншісі – 2010 жылы Алматыда «Мектепте көркем шығарма тал­даудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбымен қорғаған докторлық диссертациясы.

Әдіскер ғалым орта мектептің әдебиет сабағындағы көркем мәтінді талдаулар жүйесіндегі оқушылар орындайтын жұмыс түрлеріне (шығарма идеясы мен тақырыбын, көркемдік шешімін проблемалық сұрақтармен ­сараптау, көркем туындының жанрлық сипатын бағалау, ­туынды кейіпкерлері туралы пікірсайыстар ұйымдастыру, оқушылардың жоспар, реферат, тезис, эссе, ғылыми жоба т.б. өзіндік шығармашылық ізде­ністерін жүзеге асыруы т.б.) бас­шылық бағдар беретін мұғалімнің педагогикалық-пси­хологиялық оқу-әдістемелік тәсілдерін кітаптарында («Көр­кем шығарманы талдау негіздері»: Монография, 2016; «Қазақ әдебиеті: Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқау, 2007 т.б.) жүйелеп көрсеткен.

Әдебиетті оқыту әдістемесінің жоғары білікті маманы, академик Бақтияр Өрісбайұлының ғылыми-педагогикалық, қоғамдық-әлеуметтік қызметі мен тарихи-танымдық бағ­дардағы зерттеу кітаптары («Ал­пыс­тың асуындағы ойлар», 2012; «Молда Қошық датқа (тарихи-танымдық кітап)», 2013; «Арналы ағыстар (зерттеу­лер мен мақалалар, 2 томдық, 2017, 1-том: 404 б.; 2-том: 404 б.) да Қазақстан Республикасындағы орта мектептердегі білім беру мен ұлттық тәлім-тәрбие берудің өзекті мәселелерін қамтыған ұстаздық-тәлімгерлік, тәрбиелік көзқарастарын танытады.

Ғалымның Қазақстандағы орта білім берудің өзекті мәселелеріне арналған педагогикалық көсемсөз мақалалары отандық орта білім беру жүйесін жаңаша дамытуға ықпал ететін тәлімгерлік құндылығымен маңызды. ­Мысалы, «Мұғалім беделі – ел абыройы», «Оқушыларды көркем әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу», «Аралас мектеп ашуға әуестенбеген жөн», «Ғылым жетістігі – мектепте», «Ұстаздықғылыммен ұштас­қанда», «Оқыту мен тәрбиенің бірлігі» («Алпыстың асуындағы ойлар» кітабынан, 134-228-бб.); «Басты міндет – білім сапасы», «Қазақстан Республикасындағы мұғалім мәртебесін көтеру мәселелері», «Педагог мамандар даярлау сапасын арттырудағы инновациялық технологиялардың орны», «Ата-ана және бала тәрбиесі», «Латын әліпбиі мем­лекетік тіл тірегі болмақ» т.б. ­­(« ­Арналы ағыстар» кітабынан,1-том, 164-235-бб.).

Бақтияр Өрісбайұлы – педаго­ги­калық және тарихтану бағдардағы зерттеулерімен қатар Қазақстан Республикасының бұрынғы-соңғы кезеңдеріндегі көрнекті мемлекет және қоғам, оқу-ағарту, ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлері туралы танымдық мақалалар жазып, ­жариялап жүрген белсенді қаламгер.Ол Қазақстан Рес­публикасының Тәуелсіздігі салтанат құрып келе жатқан рухани жаңғырудағы жаңа тарихымыздағы саяси-әлеу­меттік маңызды мәселелерге арналған отаншылдық-ұлттық рухты әлеуметтік көсем­сөз мақалалармен де танылды. Әсіресе рухани жаңғы­ру­дағы қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа тари­хының дамуына, болашағына арнал­ған көсемсөз мақалаларынан ғалым-қалам­гердің Тәуелсіздіктің көк байрағын желбіреткен мем­лекетіміздің Мәңгілік Ел болуын ойлаған отаншыл ұстанымдағы азаматтық парасат биігіндегі тұлғасын танимыз. Мысалы, «Алдаспан», «Елдік пен ерлік иесі», «Тәуелсіздік және Президент», «Сөзі мықты елдің өзі де мықты», «Бөрілік пен серілікті бірдей берген», «Кемел келешекті ойласақ», «Рухани дүние діңгегі» т.б. («Алпыстың асуындағы ойлар» кітабынан, 5-88-бб.); «Қазақ әйелі және қазіргі қоғам», «Егемендік – еркін елдің мұраты», «Тәуелсіздік туын тіккен Елбасы», «Ел да­муының жаңа көкжиегі» («Арналы ағыстар» кітабынан, 1-том, 18-67-бб.). Ғалым-қалам­гердің тарихтану, отантану, тұлғатану тақырыптарындағы көсемсөздері педагогикалық-пси­хологиялық зерттеулерімен жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жұмыс­тарын ұштастырудағы ғылыми-зерт­теушілік пен тәлімгерлік-тәрбиешілік ұстаным сабақтастығын танытады.

Ғалымның республикамы­мыз­дағы орта мектептен басталып, одан кейін жетекші жоғары оқу орындарындағы (Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және ҚазҚызҰПУ) ұстаздық қыз­меттері (мұғалім, доцент, про­фессор,кафедра меңгерушісіғ декан, басшылық аппарат жетекшісі) – еңбек ғұмырнамасының жарқын беттері. Ол орта мектеп педагог­терінің біліктілігін дамытатын республикалық меке­мелердегі басшылық қызмет­терімен (Алматы облысы ­педагог ­мамандар кәсібін дамыту институтының кафедра мең­герушісі, Республикалық басшы және ғылыми-педагогикалық мамандар біліктілігін арттыру институтының директоры) де отандық оқу-ағарту, білім беру салаларының ғылыми-әдістемелік әлеуетін дамытуға да өз үлесін қосты. Ол – Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері; «ҚР мәдениет саласының үздігі», «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерінің, «Ерен еңбегі үшін», «Ыбырай Алтынсарин», «С.Қадышев» медальдарының иегері. Бұл – отандық педагогика ғылымына қазақ әдебиетін оқыту әдістемесеі мен педагог мамандар даярлауға арналған еңбек ғұмырнамасымен үлес қосқан ғалым-ұстазды лайықты бағалаудың көрсеткіштері.

Қорыта айтқанда, көркем әдебиеттің орта мектепте оқытылуын ғылыми-әдіс­темелік  тұрғыда зерттеп-зерделеп негіздеген жоғары білікті ғалым-әдіскер маман, академик Бақтияр Өрісбайұлы Сманов­тың ұлағаты жаңа буын ізденушілердің, шәкірттерінің еңбектерімен жалғаса береді. Бұл – ұлттық сөз өнерін ұлықтаған ұрпақтарымыздың халықтық тәрбие ықпалын болашаққа ұлас­тыратын мәңгілік жолы.

Темірхан ТЕБЕГЕНОВ,

филология ғылымының

докторы, профессор

2114 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы