• Әдебиет
  • 21 Сәуір, 2022

«ТАУ ІШІНДЕГІ ТАУҚЫМЕТ»

Қазақстан Жазушылар кітапханасында белгілі қаламгер, филология ғылымының докторы Нұрдәулет Ақыштың «Тау ішіндегі тауқымет» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Балаларға арналған аталмыш жинаққа жазу­шының төрт повесі еніпті. Автордың айтуынша, бұл жинаққа кірген повестердің кейбірі балалық шақта басынан кешкен оқиғаларға байланысты жазылыпты. Реалистік дүниелерді жазғанды жөн кө­ретін қаламгер өз шығармашылығында да мей­лінше болған оқиға желісін қолдануға тырысады.

«Елгезектігімнің кесірінен», «Кебежеден шыққан қылыш», «Киелі көлдің қарақшысы» және Альпинистер туралы жазылған повестерде де автор шығармадағы оқиғалар желісіне жастарға үлгі боларлық сюжеттерді пайдаланыпты. Альпинистер туралы хикаятта бірыңғай ер адамдар ғана кейіпкер ретінде көрініс тауыпты. Оның себебін жазушы бұл салада ер азаматтардың көптігімен түсіндірді.

Тұсаукесер рәсіміне келген белгілі ақындар ­Болат Үсенбаев, Жұмаш Кенебай, журналист-ғалым Сағатбет Медеубек жазушының адамгершілік болмысы мен шығармашылық шеберлігі жайлы сөз қозғады. «Ақиқат» журналы бас редакторының орынбасары Дина Имамбай сөз алып, автордың шығармашылығына тоқталды. Шараға қатысқан студент жастар қаламгерге сұрақ қойып, көкейіндегі ойларымен бөлісіп отырды. Тұсаукесер рәсімінің соңына қарай жастар жазушымен естелік суретке түсті.

                                                                                                               

Н.БАТЫР

1641 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы