• Қоғам
  • 28 Шілде, 2022

ҰЛТ САУЛЫҒЫ – БОЛАШАҚ АМАНДЫҒЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген тапсырма мен жұмыс жоспары бойынша Шымкент қаласына барып, есеп беру мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді.

Министр халық алдында Денсаулық сақтау министрлігінің өңірлермен бірге жүргізіп жатқан жұмысы және Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласының алдына қойған міндеттерінің орындалу барысы туралы баяндады.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Ұлттық жоба аясында медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту,  медицина және фармацевтика өнеркәсібін дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Пациенттердің құқықтарын қорғау және медицина қызметкерлерін сақтандыру, олардың мәртебесін арттыру бойынша заң жобасын қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласында нәрес-телердің тууының оң динамикасы байқалады және ана өлімі 2020 жылмен салыстырғанда 16%-ға төмендеген. ­Сонымен қатар қанайналым жүйесінің ауруларынан, қатерлі ісіктен ­болатын өлім-жітім көрсеткіштері де төмендеді», – деді А.Ғиният.

2021 жылы министрлік елдегі денсаулық сақтау объектілерін түгендеді. Республика  ­бойынша 2025 жылға дейін 500 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісін салу жоспарланып отыр, оның ішінде Шымкент қаласында 14 амбулаториялық-емханалық объектінің салынуы мен ашылуы жоспарланған.

 Сондай-ақ Шымкент қаласында жазатайым оқиға, улану және жарақаттану салдарынан өлім-жітім көрсеткіші өскен. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 32%-ға артқан.

Айта кету керек, 2022 жылы жалпы ел бойынша бала туу саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеген. 2022 жылдың 6 айының қорытындысы ­бойынша Шымкент қаласында ана өлімі 4,7 есе төмендеді. 2022 жылғы 6 айдың ішінде 14,9 мың ана босанды, 15,3 мың нәресте дүниеге келді.

Қазақстан Республикасы Президен-тінің тапсырмасы бойынша 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылып, 2026 жылға дейін экстракорпоралдық ұрықтандыруға жыл сайын 7 000 квота бөлу көзделген. Осы бағдарламаның аясында Шымкент қаласында 2021 жылы 403 әйел экстракорпоралдық ұрықтан-дыруға жолдама алып, 41 әйел бала көтеріп, 90 отбасы сәби сүю бақытына ие болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 8 перзентхана салу жоспарланып отыр, соның ішінде Шымкент қаласында 1 перзентхана салынады. Сонымен қатар шешім талап ететін бірқатар міндет бар, олар: шала туған балаларға көмек көрсету сапасын арттыру, балалардағы патологияларды ерте анықтауды қамтамасыз ету.

«Аналар мен балалардың денсаулы-ғын сақтау мәселелері – министрліктің ерекше бақылауында. Қала бойынша нәресте өлім-жітімінің өсуі проблемалық мәселелердің бірі болып отыр», – деді Денсаулық сақтау министрі.

Ажар Ғинияттың айтуынша, Шымкент қаласында 2021 жылдың қорытындысы бойынша республикада нәресте өлім-жітімінің ең жоғары көрсеткіші байқалады. 2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,83%-ға ұлғайған.

Қаладағы нәресте өлім-жітімінің себептерінің біріншісі перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар, дамудың туа біткен ақаулары – екінші кезектегі себеп. 3-ші себеп – жұқпалы және паразиттік аурулар. А.Ғиният өңірде нәресте өлім-жітімін төмендету бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

«2020 жылғы 1 қаңтардан ­бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске асырылып жатыр. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 16,1 млн адам тіркелген, бұл біздің ел халқының 83,6%-ын құрайды», – деген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазір 3,15 млн адам әлі күнге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып, Шымкент қаласы бойынша бұл көрсеткіш 237,5 мың адамды (21,1%) құрағанын айтты.

А.Ғиният 2022 жылға мынадай міндеттер барын жеткізді:

•       Сақтандырылмаған халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеудің баламалы тетігін енгізу арқылы медициналық сақтандырумен қамтуды кеңейту (жарналар 12 айға  аударылуы тиіс);

•       2023 жылдан бастап медици-налық қызметтердің сапасы мен сервисін арттыру, инвестицияларды ынталандыру мақсатында тарифті толықтыру (негізгі құралдарды жаңартуға шығыстарды қосу).

2022 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерге 67 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылғы шығындардан 14 млрд теңгеге көп (КВИ бойынша шығыстарды есепке алмағанда).

2022 жылы денсаулық сақтау жүйесінің алдында мынадай бірқатар басым міндеттері:

•       «Биологиялық қауіпсіздік ­туралы» Заңды іске асыру;

•       Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау;

•       «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру;

•       Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру туралы заңды қабылдау;

•       Қылмыстық-түзету жүйесінің медициналық қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру.

Министр Түркістан облысына да ­барып, тұрғындарға есеп беру мақсатында кездесу өткізді. Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрлігінің өңірлермен бірге жүргізіп жатқан жұмысы және Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласының алдына қойған міндеттерінің орындалу барысы туралы баяндады.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын – алғашқы медициналық-санитариялық көмек, бұл халыққа көрсетілетін барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған қызмет. Түркістан облысында  алғашқы медициналық-санитариялық көмектің  722 объектісі жұмыс істейді. 2021 жылы министрлік елдегі денсаулық сақтау объектілеріне түгендеу жүргізді.  Республика бойынша 2025 жылға дейін 500 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісін салу жоспарланып отыр, оның ішінде Шымкент қаласында 142 амбулаториялық-емханалық объектінің салынуы мен ашылуы жоспарланған. Биыл 4 фельдшерлік пункт, Ордабасы ауданында 3 объект, Төлеби ауданында 1 объект салынып жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау үшін оны барынша мобильді және халықтың қалың ­тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Халықтың сұрауы ­бойынша амбу-латориялық жағдайда мамандан-дырылған медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілді, осының негізінде Түркістан облысының халқы жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтер  ала алады. Сондай-ақ онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде зерттеп-қарауды және емдеуді жеделдету үшін «Жасыл жол» қағидаты енгізілді, оның аясында онкологиялық ауруға күдікті пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде консультация беріледі және зерттеп-қаралады.

 Министрдің айтуынша, балаларды профилактикалық қарап-тексеру пакеттері кеңейтіледі. Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен 16,4 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыру көзделген және оған 9 сирек ауруы бар баланы емдеу үшін 24 дәрілік заттар сатып алынады.

Отандық денсаулық сақтаудың басым міндеттерінің бірі – ел халқын дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету. Осы мақсатта Бірыңғай дистрибьютор СҚ-Фармация амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету аясында 173 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттарды сатып алды, бұл ретте өңірлерге сатып алынған дәрілік заттардың ­45%-ы жеткізілді, ал стационар деңгейінде 165 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттар сатып алды, бұл ретте сатып алынған көлемнен өңірлерге 39%-ы жеткізілді.

«Түркістан облысында амбула-ториялық дәрімен қамтамасыз ету аясында 11,6 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттар сатып алу жүзеге асырылды, стационарлық көмек ­аясында 10 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттар сатып алынды», – дейді министр.

 «Өткен жылы министрлік халық денсаулығын сақтаудың барлық бағыттары бойынша маңызды жұмыс жүргізді. Қол жеткізген жетістіктермен қатар тез арада шешуді талап ететін міндеттер де бар. Біз ел халқына медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін тиімді шешімдерді әзірлеу үшін  кәсіби және азаматтық қоғамдастықтың бүкіл күш-жігерін біріктіруіміз қажет», – дейді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

А.МҰСАБЕКҚЫЗЫ

464 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы