• Қоғам
  • 22 Қыркүйек, 2022

Жабал Ерғалиев, жазушы: Әр қазақ – өзіміз кінәліміз!

– Қазақта «уызына жарымаған» деген сөз бар. Уыз – жаңа төлдеген малдың желіні, жаңа босанған әйелдің алғашқы емшек сүті. Қазақ жаңа туған төлді де, жаңа туған сәбиді де  алғашқы сол уыз сүтке жарытып, әбден тойдырып емізуге ден қойған. Өйткені уызына жарымай өскен төл де, уызына жарымаған бала да өсе келе аурушаң болады екен. 
Бүгінгінің қазағының басым көпші­лігінің өз ана тілінде сөйлей алмай жат­қандығы да, сол құдіретті де, қасиетті қазақ тілінің уызына туғанынан жарымай өс­кендіктерінен болып отыр ма деп ойлаймын. Жарық дүниеге енді келіп, тілі енді шығып келе жатқан жас сәби өзінің туған анасы сөйлемейтін өз ана тілінің уызына қалай жарысын?! 
Анасы ана тілінде сөйлемеген баланың өзі де ана тілінде сөйлей алмайды. Туған әкесі туғанынан өз баласымен таза қазақша сөйлемесе, ол бала өз ана тілін кімнен үйренеді?! Әжесі мен атасының тілі де айнып бара жатыр. Өйткені бүгінгінің қариялары да өз немерлерімен қатарласа жарысып, олар да өз ұрпақтарымен өзге тілде шүлдірлесіп жүр. Өзінің туған шаңырағында ана тілін естімеген және де төрдегі көгілдір экран мен қолындағы байланыс құралдары күні-түні өзге тілде «сайрап» тұрса, тілі енді шығып келе жатқан қазақтың баласы қазақтың тілін енді қалай, кімнен және қайтып, қайда барып үйренеді?! 
Қазақ қоғамы қазақ тілі үшін әлі де алаңдаулы болса, ендігі арада оған мемлекет те, одан қалды Қазақстанды мекендеп отырған өзге диаспоралардың өкілдері де кінәлі емес. Әр қазақ – өзіміз кінәліміз!
 

644 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы