• Қоғам
  • 17 Қараша, 2022

ЖИҺАЗЫ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ

Шымкент қаласында орналасқан «Mega Smart» жиһаз өндіретін компания өз қызметін бастағалы 16 жыл өтті. Алғашында шағын ғана қоймада жұмыстарын бастаған олар, ізденіс пен тынымсыз еңбектің нәтижесінде, кәсіпкерлікте өз жолдарын таба білді. Бүгінде өндірістік кәсіпорынға айналған компания өз өнімдерін тұтынушылары бағалағанының арқасында халық аралық дәрежеге дейін көтерілді. Қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам қызымет жасап, өндірістік және қоймалық ғимаратының көлемі 11000 шаршы метрге жетті.

Компанияның екі филиалы Шымкент және Астана қалаларында жұмыс істесе, 32 диллерлік орталықтары Орта Азияда қызмет көрсетеді. Жиһаз жасайтын материалдарды Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан тасымалдайды. «Mega Smart» мектепке арналған жиһаз өндірумен қатар, білім шаңырақтарына да үнемі көмектесіп отырады. Яғни заманауи білім жүйесін дамытуға өз ұсыныстарын қосып, соны қолданысқа енгізуде. Кәсіпорынның бас директоры Сергей Хегайдың басшылығымен олар мектептерге жаңа форматтағы парталар, орындықтар және өзге де жиһаздар ұсынуда. Басшының талабын дұрыс түсінген кәсіпорын безендірушілері бұрынғы парталарға модернизация жасап, жаңа үлгідегі жиһаздарды құрастыруда. Бұл парталар мен орындықтар оқушылардың шағын, орта және үлкен тобымен де жұмыс істеуге тез бейімделеді. Егер оқу ғимараты тым тар болса немесе парталар қозғалуға кедергі бола берсе бұл да оқушылар мен оқытушыларға қолайсыздық туғызады. Оқу ғимаратын көп түрлі және қозғауға бейімді етіп жиһазбен жарақтандырса оқытушылардың көпбейінді білім беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі таңда елімізде жаңа мектептерді белсенді түрде салуда. Оның ішінде мемлекет қарыжысына салынып жатқаны да, жекеменшік бағыттағылары да бар. Осы мектептердің барлығын жаңа үлгідегі жиһаздармен жабдықтау өте маңызды. Өйткені жаңа мектептердің барлығы Еуропаның озық мектептерінің тәжірибесін енгізуде. Әсіресе Финляндия тәжірибесі өз ерекшелігімен бәрінен озық тұр. «Жаңа мектептерді ескі парталармен жабдықтаған бүгінгі күні тым ұят мәселе. Өйткені жаңа үлгідегі жиһаздар оқушылардың пайдалануына өте қолайлы. Олардың дизайнында оқушыға керекті көп функциялар қарастырылған. Скандинавтардың үлкен тәжірибесін қабылдай отырып, білім жүйесін қалай құруды түсіндік. Сондықтан да мектептердің жиһаз жүйесін жасақтауда өзіміздің «Propolis» атты мектептік жиһаз үлгісін жасадық. Бұл жиһаз үлгісінің бұрынғы парталардан көптеген өзгешелігі бар. Мұны түсінген жаңадан ашылған мектептер бірден біздің жиһаздарға тапсырыс беруде. «Propolis» үлгісі жәй ғана жиһаз емес тұтастай алғанда заманауи білім жүйесінің философиясы» дейді компания басшысы. «Mega Smart» ұжымы екі жыл бойы осы жүйені енгізу бойынша жұмыс жасады. Соның нәтижесінде, бүгінгі таңда еліміздегі ондаған жекеменшік жаңа мектептер олардың жиһазымен жабдықталған. Одан бөлек Шымкент, Алматы, Астана қалаларындағы жаңадан ашылып жатқан мемлекеттік мектептер де компания жиһаздарына тапсырыс берген. Бұл компания жиһаздарының және бір ерекшелігі материалдары өртке төзімді тез жанбайтын материалдардан жасалған. Сондай-ақ оның бояуларында токсин жоқ, балалардың улануына жол бермейді. Ендеше Жаңа Қазақстанды құруда болашақ ұрпақтың  жаңа үлгідегі мектеп жиһаздарымен  қамтамсыз ету – заман талабы.

Нұрболат АБАЙҰЛЫ

 

583 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы