• Ақпарат
  • 18 Қараша, 2022

ҚазҰУ - үздіктер қатарында!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алғаш рет QS рейтингісі бойынша Орталық Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындары тізіміне еніп, 44-орынға ие болды. Сондай-ақ, «QS Asia University Rankings 2023: Орталық Азия» рейтингісінде бірінші орында тұр.Қара шаңырағымызға QS рейтингінің  негізін қалаушы және Президенті Нунцио Квакварелли арнайы келіп, ҚазҰУ басшылығы мен ұжымын жеткен жетістіктерімен құттықтады.Университет үшін тарихи сәтке арналған салтанатты шараға QS рейтингінің негізін қалаушы және Президенті Нунцио Квакварелли, ТМД және Орталық Азия елдері бойынша QS рейтингтік агенттігінің аймақтық директоры Сергей Христолюбов, университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар қатысты. 
       Салтанатты шарада университет ректоры ҚазҰУ-дың соңғы жылдардағы жетістіктерін атап өтіп, халықаралық рейтинг қазақстандық ЖОО үшін жыл сайын өз көрсеткіштерін жетілдіруге мүмкіндік беретінін жеткізді.
«Биылғы 8 маусымда жарияланған QS WUR жаһандық рейтингі қорытындысы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 150-орынға ие болды. Бір жылда Топ-200 ішінде 175-орында тұрған университет 25 позицияға жоғарылады. Бұл біз үшін үлкен мәртебе, зор жауапкершілік. Бүгінде ҚазҰУ әлемдегі ең үздік 150 университет қатарына енген Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Сондай-ақ «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» марапатын алған Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз университет.  Бұл біздің ғалымдарымыздың, оқытушыларымыз бен барша университет ұжымының ұзақ жылдар бойғы және күнделікті тынымсыз еңбегінің жемісі», – деді Жансейіт Түймебаев.Шара барысында, QS рейтингінің негізін қалаушы және Президенті Нунцио Квакварелли жылы қабылдағаны үшін университет ұжымына алғысын білдіріп, ҚазҰУ-дың жетістіктерін жоғары бағалады және қара шаңырағымыздың ғылыми-инновациялық жобаларымен танысты. Сонымен қатар, Нунцио Квакварелли ҚазҰУ басшылығы мен ұжымын жаһандық рейтингтегі жетістігімен құттықтап, QS рейтингінде одан әрі дамуды тоқтатпауды,ілгері көтеріліп үздіктер қатарында бола беріңіздер деп тілегін жеткізді.
    Жоғарыда  аталған жетістіктіктерді ескере отырып,заң факультеті әлемдік көрсеткіштерге ары қарай өз үлестерін қосатынын айтып өткім келеді.
Бұл көрсеткіштердің барлығы үздік университет қызметін объективті және толық сипаттайды.Оқытушылар құрамы өз тарапымыздан болашақ мамандарымызға жеткілікті түрде білім беріп,кәсіби тұрғыда мықты маман әзірлеуге дайынбыз.Жаһандық рейтинг нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетістіктерінің көбеюіне,халықаралық рейтингтерде бірте-бірте және тұрақты өсуіне, белсенді түрде алға жылжуына аянбай қызмет жасауға белсенді түрде атсалыcамыз.

Алимкулов Ербол Темірханович,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің деканының ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары,доцент

Паришова Ақерке,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының магистрі

839 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №10

10 Наурыз, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы