• Руханият
  • 24 Қараша, 2022

ЕСІМІ БЕРІЛІП, БЮСТІ ОРНАТЫЛАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт сөндіруші Асқар За­би­кулиннің отбасына көңіл айтты.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Серікұлы Забикулиннің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Асқар Серікұлы төтенше жағдайлар саласында еңбек етіп, елімізге адал қызмет етудің үлгісін көрсете білген азамат еді. Астанадағы көп­қабатты үйде болған өрт ке­зінде оқиға орнына шұғыл жетіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды. Осы бір әрекеті арқылы ол Отан алдындағы азаматтық антына берік екенін және жанқиярлық ерлігін көрсетті. Оның есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады. Мар­құм­ның жаны жәннатта, иманы саламат болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет бас­­шысының тапсырмасы бойынша ержүрек өрт сөн­дірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Астана қаласындағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Асқар Забикулиннің отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтты. Ол қызметтік борышын орындау және адамдардың өмірін құтқару кезінде жанқиярлық және батырлық танытты. Өрт сөндірушінің қазасына байланысты жоғары оқу орындары басшыларына Асқар Закибулиннің отбасы үшін гранттар бөлу мүмкіндігін қарастыру тапсырылған болатын.

Қазіргі уақытта екі отандық жоғары оқу орындары грант беруге дайын екенін білдірді.Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Асқар Забикулиннің балаларына орта мектепті бітіргеннен кейін, кез келген бакалавриат мамандықтарында ЖОО грантында оқуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ Асқар Забикулиннің балалары 2023 жылы жазда университеттің жатақханасында тұрып, IT-лагерьге және жазғы тілдік мектепке қатыса алады. Сонымен қатар  әйелі Анель Забикулина үшін «Адам ресурстарын басқару» мамандығы бойынша МВА-да оқуға грант бөлінді.

Батырдың әйелі Анель Забикулинаның МВА бағдар­ламасында оқуға толық грантын Алматы менеджмент университеті де бөлді. Ол грантты 2023–2026 жылдары қолдана алады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъе­герлік қызмет қыз­мет­кер­лерінің, қыз­меттік міндет­терін атқару кезінде қаза тапқан немесе мертiгуi (жара­лануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің балаларының өтініші негізінде оларға конкурстан тыс білім беру гранты беріледі.

Н. БЕЙСЕМБАЕВА

 

1205 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7697

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6457

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4203

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3586

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3546

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3511

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3242

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3232

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы