• Руханият
  • 16 Ақпан, 2023

ЕРЖҰМАН СМАЙЫЛ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ

Қазақ журналистикасының қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетте бүгін қаламгер, журналист Ержұман Смайыл атындағы аудитория ашылды. Салтанатты іс-шара журналистика жампозының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Қазақ баспасөзінің дамуына ерекше еңбек сіңірген публицистің негізгі еңбек жолы ел газеті «Егемен Қазақстан» басылымымен тікелей байлансты. Ол аталған газетте қатардағы тілшіден бастап, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, бас редак­тордың бірінші орынбасары, бас ре­дактор, тіпті, қажырлы еңбегінің ар­қасында акционерлік қоғамның пре­зи­денті лауазымына дейін жеткен.

– Ержұман Смайыл деген есім қазақ журналистикасында 50 жылдан астам уақыт бойы белгілі. Қаламгердің атымен ұлттық университеттің журналистика факультетінде аудиторияның ашылуы Ер-ағамызға көрсетілген үлкен құрмет деп ойлаймын. Ержұман ағамыздың тағы бір ерекшелігі, журналистиканың тек жазу ғана емес, ұйымдастыру секілді елге көрінбейтін жауапты қызметін де асқан шеберлікпен атқаруы еді, – деді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев.

Ержұман Өтешұлы атындағы дә­рісхананың ашылу салтанатына «Егемен Қазақстан» газетінің ардагер журналистері, танымал қаламгерлер, ғалымдар, публицистің бірге оқыған курстастары мен әріптестері және отбасы қатысты.

–Аудиториядағы суреттерді көріп, қатты қобалжып отырмын. Ержұман әрі жүйрік журналист әрі үлкен ұйымдастырушы еді. Екеуіміз үш жарым жыл «Егеменде» бірге қызмет істедік. Ержұман өзіне тиесілі қызметті шек шығармай атқаратын. Қайтпайтын қайсарлығы бар еді, қаламы қалай жүйрік болса, әлемдік кеңістіктегі болып жатқан оқиғаны бағалап отыратын ақпараттық ой қорыту қабілеті де ерекше еді, – деді ақын, драматург Нұрлан Оразалин.

«Егемен Қазақстан» газетінің бұрынғы бас редакторы, филология ғылымының докторы Уәлихан Қалижан талай жыл бірге қызмет еткен әріптесі, әрі замандасы жөнінде жүрекжарды сөздерін жеткізді.

– Ержұман өте талантты, еңбекқор қаламгер еді. Өмірінде екі-ақ жерде қызмет істеді. Ең әуелі, «Егемен Қазақстанда» тілші болды, одан «Лениншіл жаста» орынбасар болды. Екеуіміз «Егемен Қазақстанда» бірге қызмет істедік. Сыйластығымыз, арағайындығымыз әр уақытта сақталды. Ешқашан арамызда түсінбеушілік болған емес. Ең қиын шақтарда да бірге ақылдасып отырдық. Әсіресе, өздеріңіз білетін Шерхан Мұртаза мен Камал ағалардың хаттары сол кезеңде жарияланды. Бұл хаттар газеттің аудиториясын кеңейтіп, тиражын өсірді. Осылай бірге атқарған жауапты кезеңдер көп болды, – деп еске алды.

Көпшілікке Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің құттықтау хатын министрлік өкілі Нұрбек Әмиша оқып берді. Салтанатты іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің комитет төрағасы Қуат Бораш қатысып, өзінің жылы лебізімен бөлісті. Қаламгердің 50 жыл бойы еңбек атқарған қасиетті шаңырағы «Егемен Қазақстан» газетінен басылымның жауапты хатшысы Самат Мұса елордадан арнайы келіп, «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлының құттықтауын жеткізді. Аталған серіктестіктің бас директорының орынбасары – Алматы қаласы басылымдарының жетекшісі Думан Анаш аудиторияның ашылуымен құттықтап, университет ұжымына игі бастама үшін ризашылығын білдірді.

Жансейіт Түймебаев алдағы уақытта ұлттық университеттің баспасынан «Өнегелі өмір» сериясымен Ержұман Смайылдың жинағы шығатынын айтты. Сондай-ақ, қаламгердің жары Жақан Сүлейменқызына университет ұжымы иығына орамал жауып, гүл шоқтарын табыс етті. Қаламгер атын­дағы дәрісхананың ашылу салтанатына арналған жиынды белгілі қаламгер Мейрамбек Төлепберген жүргізді.

Қазақ публицистикасының дамуында орны ерекше қаламгердің жазбалары қоғамдағы қордалы, көкейкесті мәселелерді қозғап, оның шешімін табуына әрдайым түрткі болып отырды. Сондықтан да болар, оны замандастары «Ердің сойы Ерағаң» деп жоғары бағалайды.

Ержұман Өтешұлы есімімен ашыл­ған жаңа аудиторияда көпшіліктің назарына публицистің әр жылдардағы қызмет барысынан дайындалған су­рет­терінен слайд көрсетілді. Сондай-ақ қаламгердің рухына арнап ас берілді.

Гауһар ТҮСТІКБАЕВА

 

958 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7909

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6576

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4321

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3705

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3668

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3629

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3362

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3353

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы