• Руханият
  • 23 Ақпан, 2023

БЕДЕРЛІ КІТАП – БЕДЕЛДІ КІТАП

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана алғаш рет мәдени ескерткіштерге арналған «Қазақстан Республикасының ескерткіштерінің тарихы және мәдениеті тактильді кітапта» атты басылым шығара бастады. Тактильді кітаптардың сипаттамасы жайпақ баспа, нүктелі-бедерлі және бедерлі-графикалық, электронды тасымалдағышта берілген.

Әрбір тактильді кітап – бірегей туынды. Оның басты мақсаты – зағип жандарға қоршаған әлемді нақты сезініп, көз алдына келтіре алатындай және пайдалануына жеңіл, тартымды, қолайлы кітап бастыру. Мұндай басылымдар зағип жандардың жан-жақты білім алуы мен ақпараттануы үшін өте маңызды.  Тактильді кітап қазақ халқы үшін маңызы зор қол өнерімен және мемлекет тарапынан қорғалатын Шығыстың тарихи ескерткіштерімен таныстырады.

Кітапханадағы тактильді кітаптар XI-XII ғасырда өмір сүрген тұлғалардың бүгінге жеткен аңызы мен кесенелерін, атап айтқанда Айша бибі, Қарахан, Қожа-Ахмет Яссауи, Арыстан баб кесенелерін, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу бейітін, Тайқазанды және т.б тарихи ескерткіштерді оқырманына бедерлі тілмен сипаттайды. Бұл кітаптар оқырманның тарихи оқиғаларға дендеп енуіне мүмкіндік береді.

Тактильді кітаптарды шығарудағы негізгі мақсат – зағип және нашар көретін оқырманның қоршаған әлемді зерттеуіне және қабылдауына көмектесу. Мұндай кітап көмегімен ауқымды және кіші заттарды бейнелей аласыз. Қарама-қарсы құбылыстар мен ұғымдарды тактильді кітаптағы суреттер мен заттар арқылы оңай түсіндіруге болады.

Мәселен, 1984 жылдан бері Финляндия-да зағип және нашар көретін оқырманға арналған тактильді кітаптар жасалып келеді. Қазіргі уақытта Финляндияның зағип­тар кітапханасында 300-ден аса кітап қоры бар. Бұл ауқымды кітап қоры дер едік, өйт­кені тактильді кітап жасау процесі көп уақытты қажет етеді. Оған суретшілер мен дизайнерлер ғана емес, сонымен қатар біліктілігі жоғары тифлопедагогтар мен дефектологтар жұмыла кіріседі.

Біз мысалға алып отырған тактильді кітаптар Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімін­дегі «Оңалту» кабинетінде тұр. Оңалту кабинетінде зағип жандарды, кейін келе көз жанарынан айырылған зағиптарды Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуға үйретеді. Көз ақауы бар және жүре көз жанарынан айырылған зағип балалардың саусақ ұшы сезу қабілетін дамытуға, жұмыс істеу жасындағы жас­тар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды кеңістікті бағдарлауға бейімдейді. Оңалту техникалық құралдары жайында ақпарат бере отырып, зағип балалары бар ата-аналармен жұмыс істейді. Зағип жандардың басқа адамдармен қарым-қатынас орнату үшін өзі-өзіне қызмет ету әдістері мен тифлотехниканы пай­дала­нуға, әлеуметтік қарым-қатынас жасау­ға, әлеуметтік тәуелсіздікке, бос уақы­тын тиімді пайдалануға үйрету жұмыстары жүргізіледі.

Мәдени мұра ескерткіштерін елге әйгілеу, оларды барынша бүтін күйінде сақтап қалу – аса маңызды іс. Еліміздің әрбір мұрасы бағалы әрі қастерлі. Сол бағалы әрі қастерлі мұраны әрбір қазақстандық, мейлі ол кәдімгі кітаптан болсын, мейлі ол тактильді кітаптан болсын, оқып білгені де дұрыс.

Жансая ҚОСМЫРЗА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Тарих факультеті,

«Кітапханалық ақпараттық жүйе» мамандығының

 1-курс доктаранты

669 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7748

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6485

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4232

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3614

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3575

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3540

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3270

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3261

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы