• Ақпарат
  • 08 Маусым, 2023

Архивте айтар мәселе көп

Жас архившілердің халықаралық VI жазғы мектебі өз жұмысын бас­тады. Мұндай іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Қазақстан мен Ресейдің жетекші университеттері – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен бірлесе отырып 2017 жылдан бас­тап жыл сайын өткізіп келеді. 


«Осы 6 жылда Жазғы мектепте 900-ден аса жас архивші біліктіліктерін арттырды. Форум өзінің географиялық ауқымын кеңейтіп, оның жұмысына Әзер­байжан, Армения, Беларусь, Қа­зақстан, Қырғызстан, Қытай, Моң­ғолия, Ресей және Өзбекстаннан жас мамандар қатысса, биылғы Жазғы мектеп жұмысына алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктері мен Түрікменстан Республикасының өкілдері қосылды.
Бүгінгі Форум жұмысы аясында архивтердің ашықтығы, құжаттардың қолжетімділігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, аталған мәселе төңірегінде отандық және шетелдік тәжірибе негізінде архив мамандары тарапынан құнды пікірлер айтылады деп сенемін», – дейді Жазғы мектептің ашылуына орай өткен жиынның модераторы, Президент архивінің директоры Әлия Мұстафина.
Жас архившілерге арналған жазғы мектептің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Төлеев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Ресей мемлекеттік гуманитарлық уни­верситетінің ректоры Александр Безбородов, Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық кітапханасы мен архивтерінің бас директоры Абдулла Мәжид Әл-Әли, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, Бүкілресейлік құжаттама және архив ісінің ғылыми-зерттеу институтының директоры Павел Кюнг, Өзбекстан Республикасы «Узархив» агенттігінің директоры Улугбек Юсупов, Беларусь құжаттама және архив ісінің ғылыми-зерттеу институтының директоры  Андрей Рыбаков сөз сөйлеп, мектеп жұмысына сәттілік тіледі. 
Іс-шара ҚР «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңы­ның 25 жыл­дығына орай «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» ар­хивтік марафонының аясында ұйымдастырып отыр. Жазғы мектеп жұмысына Қазақстан, Қытай, Қыр­ғызстан, Ресей, Танзания, Түркі­менстан және Өзбекстаннан 100-ден аса архившілер қатысты. Жазғы мектепте Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Түркия және Ресейдің ғалымдары мен тәжірибелі мамандары архив ісі бойынша дәріс оқып жатыр.
Жазғы мектепте Архив құжат­тарының ашықтығы, Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық кітапханасы мен архивтерінің қызметі, Өзбек­стан Республикасының мем­лекеттік архив­терінде цифр­лық техно­ло­гияларды қолдану, Ресей Федерациясының мемлекеттік архивінің электронды құжаттарын сақтау орталығы: ресейлік ар­хив­шілердің жаңа жобасы, Архивтегі құжаттарды басқару жүйесіне функ­цио­налдық талаптарды әзірлеу әдістемесі, Түркия Республикасының мемлекеттік архивтерінің ашық­тығы мен қолжетімділігі: пайдаланушы көзқарасы, Архив ақпа­раты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру факторы (ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қуғын-сүр­гін материалдары негізінде), Ашық қолжетімділіктің Қазақстан архивтеріне әсері: зерттеу мүм­кіндіктері, т.б. тақырыптар төңірі­ген­де баяндамалар оқылады. 
Жазғы мектеп оқулары аясында «Архивтану, құжаттану және археография саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру, сынау және енгізу» дөң­гелек үстелі өтеді. Оған шетел­дік және отандық сарапшылар қаты­сып, салалық мәселелерді тал­қылайды. Оған қоса жазғы мектепке қаты­сушыларға арнап Архивтік құжаттарды реставрациялау және консервациялау бойынша шеберлік сағаты өтеді. 
 Өңірлерден және шетелден келген қатысушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге және «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Есік көліне барады. 
Жазғы мектеп жұмысы басталмас бұрын қатысушылар Президент архивіне экскурция жасап, құжаттарды сақтау, іздеу тәртібімен танысты. 
Айта кетелік, жас архившілердің халықаралық Жазғы мектебі жас мамандардың біліктілігін арттыруға, жаңа технологиялар мен архив жұ­мысындағы заманауи әдістермен танысуға, архив саласындағы халық­аралық қатынастарды дамытуға бағытталады.

Э.Ыбырайқызы

623 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8031

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6645

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4390

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3774

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3740

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3698

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3432

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3424

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы