• Тұлға
  • 05 Мамыр, 2011

«Ағалық ақыл оны биікке көтерді...» (Н.Рахманқызының «Ораз Әбішев» атты кітабының негізінде)

d0bad0bed180d0bad0b5d0bcd184d0b8d0bbd18cd0bcКезінде Алматыдағы Қазақ музыка театрында әнші болған бұл тұлғаның режиссерлік салада қолтаңбасы қалатынын кім білген?! Қазақ деректі кино өнерінің негізін салған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, кинорежиссер, еңбек ардагері Ораз Әбішев көктемнің жаймашуақ күнінде 95 жасқа толған торқалы тойын атап өтеді. Ораз Әбішев қазақтың біртуар ақындары мен жазушылары, өресі биік ұлдары мен қыздары туған киелі мекен Семей жеріндегі Абыралы ауданының Қайнар ауылында 1916 жылы дүниеге келген. 1935 жылы Әди Шәріповтің қолдауымен Семейден Алматыға келген ол 1936 жылы кәсіби биікке енді ғана көтеріліп келе жатқан Қазақ музыка театрының жанындағы 2 жылдық мектепке қабылданады. Сөз басында айтып өткеніміздей, Алматыдағы Қазақ музыка театрында ол әнші болады. Ана сүтімен дарыған әншілігінің арқасында Қ.Жандарбеков, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байсейітов секілді өнер иелерімен бір сахнаға шығып, өнердің алғашқы мектебінен өтеді. 1939 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің «қазақтың ұлттық кино мамандарын даярлау туралы» арнайы қаулысы шығады да, Мәскеудегі Бүкілодақтық Кинематографистер институтына (ВГИК) талантты да талапты қазақ жастарын оқуға жіберу керек деген леппен жас Ораз да Мәскеуге аттанады. Оқи жүріп, көптеген режиссерлермен араласып, «Ленфильм», «Мосфильм» киностудияларының тәжірибе мектебінен өткен-ді. «Райхан» фильмінің режиссері Моисей Левиннің ассистенті болып, Г.Рошаль, А.Медведкин сынды белгілі режиссерлерден тәлім алып, 1942 жылы туған жерге қайта оралады. Бұл уақытта Алматыға «Ленфильм» киностудиясы уақытша көшіп келген еді. Біріккен Киностудиялар Орталығында жұмыс та жасап, соғыс жылдары осы орталықтың жанынан ашылған киноактерлер мектебінде С.М.Эйзенштейн, В.И.Пудовкин, С.Д.Васильев, И.А.Пырьев, Л.З.Трауберг сияқты Кеңес кино өнерінің шеберлерімен бірге жүрді. Бір таңғаларлығы, осы мектепте «Актер шеберлігі» пәнінен дәріс те береді. Оның дәрісін тыңдағандар ішінде ата тарихта алтын әріптермен есімдері қалған сахна саңлақтары, шеберлері, Қазақстанның халық әртістері, айталық, К.Қожабеков, Н.Жантөрин, Ш.Жандарбекова, Ә.Өмірзақова, Т.Қосыбаева және т.б. ерек тұлғалар бар болатын. Алғашқы кино шығармасын түсіруге асықпаған жас Ораз, тәмсілдей айтсақ, деректі кино өнерінде қоянды арбамен жүріп алғандай-ақ. Себебі ол шығармашылық ізденістерден бөлек, Алматы кинохроника студиясында, негізінен, арнайы тапсырмамен келген мәскеулік және ленинградтық кино­операторлармен, режиссерлермен жұмыс істеуі, одан кейінгі әрбір санында республикамыздағы өнеркәсіп орындарының соғыс кезеңіне лайықталып құрылған жұмысы, зауыттар мен фабрикаларда, егіс далаларында күндіз-түні еңбек еткен еңбеккерлердің ерлігі жөнінде үздіксіз көрсетілген «Советтік Қазақстан» киножурналындағы жұмыстары ерен еңбек пен уақытты талап етіп отырды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары қарқынды дамыған хроникалық-деректі кино өндірісінде жаңалықтар болды. Деректі кино өнерінің бас­ты тақырыптары ауыл шаруашылығы, халық шаруашылығы, мәдениет пен өнер тақырыптары бола отырып, 1945 жылы бар болғаны екі деректі очерк экранға шығады, ал 1946 жылдан бастап әртүрлі тақырыптағы фильмдер түсірілу қолға алына бастайды. Соғыстан кейінгі жылдар Ораз Әбішевке оң нәтиже көрсетті. Өйткені режиссер 1946 жылы «Біздің колхоз «Қызыл Ту» атты бірінші деректі фильмді экранға шығарған-ды. Республика өмірінде болып жатқан маңызды оқиғалар мен құбылыстар, негізінен, киножурналдар мен деректі фильмдерде көрініс тауып отырды. Ораз Әбішевтің шығармашылығында жеке тұлғалардың өмір жолына арналған «Дина Нұрпейісова», «Абай», «Апа», «Мұқан Төлебаев», «Ән мен жыр дүлдүлі», «Қажымұқан», «Талғаттың биік аспаны», «Рәпия» тәрізді биографиялық фильмдермен толықты. Иә, кино өнерімен өрілген ғұмыр. Қалай десе де, 70-ке жуық деректі кино мен 300-ден астам киножурналдарды кино тарихына қалдырған тұлғаның бұл салаға келуінің өзі бір бөлек әңгіме десек те болады. Сөз орайында айта кету керек, 1938 жылы Ашхабадта өткен қазақ мәдениеті мен өнерінің онкүндігіне барған кезінде ол сырқаттанып қалып, сахнаға ән айтуға шыға алмайды. Бәлки, тағдыр деген осы шығар. Содан не керек, Алматыға қайтып келген соң, оған режиссер, актер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, кәсіби қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі Құрманбек Жандарбеков «Дауыс дегенге аса сенім жоқ. Кино мамандарын даярлайын деп жатыр. Қабілетің бар ғой, киноға ауыссаң қайтеді?» деп ағалық ақылын айтқан екен. Мінеки, ағалық ақыл оны биікке көтерді. Әнші Ораз енді басқаша бағдар тауып, өз өмірінде жаңа шығармашылық белестері мен алғаш қадамдарын бастап, кино өнерінің асқар шыңына жетті. Оның торқалы тойы, 95 жасын тойлауы – қазақтың өнері мен мәдениетін қастерлеп, биікте ұстайтын тұлғалар және өнердегі жандар, тіпті қазақ елі үшін айтулы мереке. Гүлбағда Көбеева, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті

4055 рет

көрсетілді

62

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9177

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7295

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5034

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4419

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4383

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4344

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4079

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4070

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы