• Тұлға
  • 07 Шілде, 2011

Дайындыққа халық белсенді қатысуы тиіс

Гүлшат Дәуренбекова, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі, өртке қарсы қызмет майоры:

– Алматы қаласы Сейсмологиялық қауіпті аймақта орналасқаны көпшілікке мәлім. Бірақ қала тұрғындары 2011 жылдың мамыр айының 1-2-сі аралығында болған ма­гнитудасы 5 балдық жер сілкінісіне дайын болмай шықты. Сол себепті Сіздердің та­рап­тарыңыздан психологиялық, моральдық да­йындық жұмыстарын жүргізіп отыру жолға қойылды ма? Халықты дер кезінде ақ­параттандыру шарасы қалай жүзеге асады? – Сейсмологиялық аудандау картасына жүгінсек, Алматы қаласы 7 балға жуық жер сілкінісіне бейімделген аймақта орналасқан. Жер сілкінісі бола қалған жағдайда кез келген адам өзінің қауіпсіздігі үшін қарапайым ғана ережелерді білуі керек. Біз қала тұрғындарын ол ережелермен бұрыннан бері таныстырып келеміз. Мәселен, жер сілкінісі бола қалған жағдайда сабырлық сақтау, басқаны дүрліктірмеу қажет. Далаға бірден жүгіріп шықпау, егер екінші немесе одан жоғары қабатта болсаңыз, өзіңіз алдын ала белгілеп жүрген қауіпсіз аймаққа тұруыңыз керек, столдың астына тығылуға болады дегендей. Ал 2011 жылдың 1-2 мамырында жер сілкінісіне келсек, алғашқы жер сілкінісі болғаннан кейін, оперативтік кезекші бірден Интерфакс ақпараттық агенттігіне, Қазақ радиосына хабар берді. Қазақ радиосы «қалада қатты жер сілкінісі болмайды, сабырлық сақтаңыздар» деп екі тілде ақпарат таратты. Дегенмен де халық дүрлігіп, әртүрлі ғаламтордағы жалған ақпараттарға сенді. Жер сілкінісі айтып келмейтін апат және оны алдын ала болжау әлемде болған емес. Ал халықты алдын алу мақсатында дайындауға келсек, барлық мектептерде, балабақшаларда, жоғары білім беру мекемелерінде, үлкен мекемелерде жаттығу жұмыстары жүргізіліп келеді. Біз жылда «Қыс», «Көктем» атты оқу-жаттығу жұмыстарын өткіземіз. «Ашық есік» күндерін жариялаймыз, яғни халық кез келген уақытта сабақ, ақыл-кеңес алуға мүмкіндігі бар. 2009 жылы Халықаралық көлемде «Жер-2009» атты үлкен оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. БАҚ арқылы халыққа жер сілкінісінің алдын алу мақсатында оқу-жаттығу жұмысы болатыны алдын ала хабарласақ та, халық белсенділік танытқан жоқ. Мамыр айында өткен жаттығуда да қаламызда бәрі бірдей атсалыспады. Дайындыққа халық белсенді қатысуы тиіс. – Алматы қаласы мен оған іргелес елдімекендерде үстіміздегі жылдың 27 маусымында болған дауыл зардаптарын жою жұмыстары қалай жүзеге асуда? – Осы жылдың 27 маусымында болған дауыл мен бұршақ жаууының салдарынан қаламызда 4 адам зардап шекті, автокөліктерге, электр сымдарына, жолдарға, үйлердің төбесіне, газ құбырларына ағаш құлау кездесті. ТЖД жауапты қызметіне 19 қоңырау тіркелді. Төтенше жағдайды ауыздықтауға ТЖД бастығы, полковник Құтпанов Берік Сатынбайұлының басқаруымен барлық қызметтер жұмылды­рылды. Барлық қалалық және аудандық әкімдікпен бірлесіп, қала бойынша мониторинг жасалды. Мәселен, Медеу таулы аймақтарында 17 маусымда болған дауылдан кейін, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен бөлінген арнайы полктің қызметкерлері мен орманшылар тау бөктеріндегі орманды алқапты аралап, құлаған ағаштарды тазарту жұмыстарымен айналысуда. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің медицина қызметкерлері жұмысшылардың денсаулығын бақылауға алып отыр. –Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті түрлі апаттардың алдын алу мақсатында алдағы уақытта қандай іс-шаралар жасамақшы? – Алдағы уақытта жасалатын іс-шараларға келсек, Алматы қаласында арнайы ведомствоаралық комиссия бар. Оны Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Ш.Мұқашев басқарады. Осы комиссияның арнайы жоспары бар, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жоспары бар, сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жоспарда профилактикалық жұмыстар, теория және тәжірибе түгелдей енгізілген. Күнделікті жұмыста да, ай сайын өтетін дөңгелек үстелдерде қаланың қызметкерлерінің дайындық жұмыстары тексеріліп тұрады. Төтенше жағдайды алдын алу, құтқаруды ұйымдастыру басты міндетіміз болғандықтан, әр уақытта дайын­быз деп айта аламыз. Әңгімелескен Сұлтан Тайғарин

1350 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9139

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7276

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5016

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4400

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4365

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4325

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4059

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4052

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы