• Тұлға
  • 07 Шілде, 2011

«Батыр таққа таласпайды, тақты қорғайды»

d0b5d180d182d0b0d0b5d0b2Омырауы орденге толы ол кісі сұсты көрінеді. Әскери адам болғасын шығар. Бұл – Халық Қаһарманы, генерал Бақытжан Ертаев. Жалпы, әскери адамды халық темірдей тәртіптің һәм тік мінездің адамы деп танитыны рас. Шындығында, әскерилер де ет пен сүйектен жаралған пенде болған соң, Бақытжан ағаның өз сөзімен айтсақ, «олардың да уайымдауға, өкінуге, толқуға, қуануға хақы бар. Қандай батыр болса да!». Бақытжан Ертайұлы: «Әскери болу деген – әкімшіл-әміршіл болу деген сөз емес. Генералдың киімін киіп алып, «мен генералмын!» деп кеудесін ұрып жүргендер де кездеседі. Генералға ел сүйсінетіндей болуы керек. Комбат кезімде «Сарбазды өзіңнің балаңдай, бауырыңдай тәрбиелесең, ол сені әкесіндей сыйлайды. Сол себептен командир болу үшін сарбаздың жанында бауырдай болып жүру керек» дегенді жиі айтатынмын» дейді.  Генерал Ертаев – ісімен де, сөзімен де батыр адам. Өйткені шындықты айта білу де – ерлік. Әркез өзі үлгі тұтатын ұлы қолбасшы, батыр Бауыржан Момышұлының сөздерін мысалға алып отыратын генерал шындықты сүйеді. «Батыр Баукең: «Өтірік қасыңда жүреді, шындық алыста жүреді», – деп әлдеқашан айтып кеткен. Данагөй Высоцкий де: «Шындық – ауру, ақсақ, ұсқынсыз, бірақ ол – шындық» депті. Шындықсыз нағыз шынайы өмір жоқ. Кезінде мені қаралап, сотқа шақырғандар да болды. «Орындыққа отырғызып қойып, 40 күн бойы мені тергеген. Сол оқиға кезінде азаматтық формада отырған маған бір журналист келіп: – «Сіз неге азаматтық формадасыз?» – деп сұрақ қойды. Мен: – «Генералдың арын таптамас үшін! Егер бұл өмірді әділет бар болса, мен бұл жерден генерал формасында шығамын» дедім» дейді. Біз кейде батырларымыздың да бір сәт қуана, мұңая білетінін, пендеге тән өзге сезімдерді де бастан өткеретінін көпшілігіміз аңғара бермейміз. Генералмен емен-жарқын отырып әңгімелескенде қайсар қаһармандарымыздың да тағдыры тақтайдай тегіс емес екеніне көз жеткіземіз. Алайда Алаштың арқасүйер азаматы емес пе, тағдыр сан рет сынаса да, еш мойымайды. Ол сәттерде рухани ұстазы Бауыржан Момышұлының: «Өтіріктің балын жалап жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген сөзіне сүйенетінін қадап айтты. Бақытжан Ертайұлы: «Біздің тарихымыз – ұлы тарих. Біз – рухты, иманды, батыр, аруақты халықпыз. Жауымыздың алдында тізе бүкпеген халықпыз. Біздің Наурызбай, Қабанбай, Райымбек және көптеген батыр бабаларымыз не үшін жанын қиды? Не үшін олар жекпе-жекке шықты? Әрине, біз үшін. Мен соғысқа барғанда, «аруақтар, қолдаңдар, Отаным үшін, елім үшін» деп бардым. Әлия, Мәншүк сынды қыздарымыз сонау екінші дүниежүзілік соғыста кім үшін мерт болды? Бізге тегін келген нәрсе жоқ. Бізге бәрі ата-бабамыздың ақ білегінің күшімен, ақ найзасының ұшымен келді. Сондықтан барымызды бағалап, жоғымызды түгендеу – бүгінгі біздің парызымыз» деді. Балалық шаққа сәл көз жүгірткен батыр: «Әкемнен жастай айырылған мен сол сияқты әкім я ветеринар болсам деп армандадым. Бірақ жағдайыма қарасам, шешемнің оған әлі жетпейді. Институтқа түсу үшін ол уақытта да киім, ақша керек. Бір күні учаскелік военком шақырып алды да, «кім болғың келеді?» деді. Мен бастық болғым келетінін айттым. «Баукеңдей болғың келе ме?» деді қайтадан. Баукеңнің есімін естісек, еркелігімізді тыя қоятын шағымыз. Өйткені Баукең десе бәріміз ұшып түрегелеміз. Оның атының өзі – біз үшін абырой. «Ол үшін не істеу керек? Киім, тамақ бере ме?» деппін. Ол «бәрін береді» дейді ғой әлгі жерде. Терең ойланып қалыппын...». Міне, бүгінгі Халық Қаһар­маны әскери салаға осылай қадам басты. «Бұрын ауылда әскери киім киген адам келе жатса, жүрегіміз алып-ұшып соған қарай жүгіретінбіз, офицерлерге сүйсіне қарап тұрып, артынан балаң қиялмен біраз жерді барлап қайтамыз. Әскерден бір жауын­гер келсе, онымен жапа-тармағай суретке түсіп, киімін алсақ, тіпті киімінің түймесіне қол жеткізсек соған мәзбіз. Өйткені ол кезде әскери адамға ғана емес, тіпті әскерилердің бүкіл болмысына үлкен құрмет болатын. Батырларымызды бағалай білетінбіз» дейді генерал. Шындығында, Бауыржан Момышұлын үлгі тұтатын Халық Қаһарманының бойынан батырларға деген осындай құрметті байқауға болады. Бақытжан Ертаев – патриот. «Біреулер батырларға беймәлім күдікпен қарайды. Сөйтіп, арампиғылды жандар «Батыр – аңғал» деп, батырларды еліне, елдің басшысына қарсы қойғысы келеді. Олай етуге болмайды. «Батыр таққа таласпайды. Батыр тақты қорғайды». Елін қорғайды. Мен әркез осыны айтамын» деп сөзін түйіндейді бейбіт күннің батыры. Ерлік тек қиян-кескі ұрыста немесе қан майданда ғана сыналмаса керек. Өзге елдерде «Алғыс айту күні» сынды арнаулы күндер бар. Бұл күндері жастар, қарапайым азаматтар, балалар еліне еңбегі сіңген немесе сол мемлекеттің бақытты өмір сүруіне себепкер жандарға барып құрмет көрсетіп, алғыс айтады. Яғни халық қарыздар қаһармандарын құрметсіз қалдырмайды. Ерлерін елеусіз қалдырмаған мұндай елдер жетерлік. Ендеше, бұдан біздің де үйренеріміз көп. Динара ІЗТІЛЕУ

4904 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9141

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7278

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5018

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4402

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4367

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4327

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4061

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4054

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы