• Тұлға
  • 13 Шілде, 2011

ЕЛ АСТАНАҒА ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕЙДІ

d0b5d0bbd0b5d183d0b1d0b0d0b5d0b2Ұзаққали Елеубаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Алғашқы «мүшел» тойын дүркіретіп тойлаған, он үш жылдың ішінде ел ордасына ғана емес, әлемдік деңгейдегі маңызды мәселелер талқыланып, іргелі шешімдер қабылданатын ірі орталыққа айналған Астана, Елбасының сөзімен айтқанда, ұлт келбетіне айналды. Он үш жыл – қазақ үшін өте қасиетті уақыт. Мемлекеттігіміздің, елдігіміздің басты белгісі саналатын Астананың туған күні – күллі қазаққа ортақ мереке болғаны сөзсіз. Алты Алаштың айбары Астана жайында айтулы меже қарсаңында ғана емес, күнде айтсақ та артық емес. Осыған орай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұзаққали Елеубаевпен әңгімеміз Астана, Астананың ел өміріндегі рөлі, әлемдік деңгейдегі орны жайында өрбіді.  – Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығымен тұспа-тұс келіп жатқан мерейлі меже, бас қала – Астанаға биыл он үш жыл. Осы уақытта еліміздің бас қаласы Астананы қазақ қана емес, әлем таныды деуге болады. Қалай ойлайсыз, Астана он үш жылда саяси, экономикалық, рухани, мә­дени, діни орталыққа айнала алды ма? – Қазақ елінің, қазақ жерінің бас қаласы – Астана деген уақытта арман қала, ару қала, ел ордасы деген тіркестер ғана емес, Астана Саммиті, Астана форумы, дәстүрлі діндер съезі, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ақ Азиада, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы деген атаулар көңілге орала береді. Бұл, сөз жоқ, Астананың әлемдік деңгейдегі са­яси ірі орталыққа айналғандығын көрсетеді. Ақ Ордадан бастап, Үкімет үйі, Парламент Мәжілісінің үйі, министрліктер – бәрі-бәрі Астанада орналасқан. Қазаққа, қазақ еліне қажетті маңызды мәселелер Астанада талқыланады, Астанада шешімін табады. Бұл тұрғыда Астана, әрине, экономикалық орталық. Діни орталықтың да рөлін Астана атқаруда, дәстүрлі діндер съезі – осы сөзіміздің айғағы. Дін саласындағы күрделі проблемалар Астана төрінде талқыланып келді және солай бола бермек. Күні кеше болып өткен Ислам ын­тымақтастық форумы да діннен алыстап кете алмайды. Дін істері Агенттігі де Астанада құрылды. Ендеше, Астана елдің толғақты мә­се­лелерін шешетін ірі орталық деуге әбден лайық. Уақыт өлшемімен салыстырғанда 13 жыл аз уақыт, ал жеткен жетістіктері жағынан Астана осы уақыт ішінде әлем елдерінің біраз қалаларын басып озды деуге болады. Осы уақыт ішінде заманауи талаптарға жауап беретін сәулеті мен дәулеті келіскен қаланың дүниеге келуі, азғана уақытта әлемдік деңгейдегі ірі басқосулардың Астанада өтіп, маңызды шешімдердің қазақ елінің бас қаласында қабылдануының өзі – үлкен абырой. Яғни Астананың саяси, экономикалық, діни ірі орталыққа айналғанына күмән жоқ. Мүшел жас қазақта сиқырлы, сырбаз, қасиетті жас қой. Осы жастың қасиеттілігін, меніңше, Астана толық пайдалана алды. Осы кезге дейін әлемнің көп астаналарында, қалаларында болдым. Он үш жыл ішінде әмбеге танылып қана қоймай, әлемде дәл біздің Астанадай ертегідегідей әдемі қала салған бірде-бір ел жоқ. Географиялық жағынан ал­ғанда да, Астана қаласы Қазақстанның ортасында орналасқан, мұның өзі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапқырлығы деуге болады. Астана сөзімен қазір келісім, бейбітшілік, салиқалы саясат, байсалды шешім, ұтымды ұсыныс деген тіркестер қатар жүретін болды. Бұл тұрғыдан келгенде, Астананы әр қазақ мақтан етуі тиіс. – Ата-бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздік тұсында дүниеге келген арман қала Астанаға қарап күллі қазақ баласы, еліміздің әр қаласы бой ғана емес, ой түзейді деуге болады. Осы орайда Астанада ұлттық болмысымызды, ұлт­тық құндылықтарымызды насихаттау қандай деңгейде деп ойлайсыз? – Жаһандану деп жүргенімізде, ұлттық құндылықтардың екінші, үшінші кезекке ысырылып қалғаны рас. Тіл, дін, діл, дәстүр сақталуы тиіс деп жүргеніміз де осыдан ғой. Дей тұрғанмен, барды бар, жоқты жоқ деп айтуымыз керек. Әрбір қазақ баласы, әрбір еліміздің қаласы бой түзейтін, ой түзейтін Астана бас қала ретіндегі міндеттерін бұлжытпай орындап жатыр. Астана – ұлттық нақыштардың орталығы. Қараңызшы, сәулеті келіскен Астананың қай құрылысын алсаңыз да, ұлттық бояуды байқайсың. Одан қалса, көшедегі жарнамалар да қазақыланып келеді. Бұл мемлекеттік тілге назардың жіті аударылып отырғандығын көрсетсе керек. Әрине, Қазақ елі болғандықтан, қазақ тілі бәрінен басым болуы қажет. Арнайы мәліметтерге сүйенсек, Астананы мекен ететін миллионға жуық тұрғынның 60-70 пайызы қазақтар екен. Астаналық аға буын балаларын, немерелерін қазір қазақ мектептеріне беріп жатыр. Мұның барлығы Астанада қазақы бояудың қанығып келе жатқандығын көрсетеді. Дегенмен қазақ тіліне деген басымдылықты күшейте беру керек. Өйткені жаппай қазақыландыру Астанадан бастау алса, оны өзге қалалардың үлгі етері анық. – Сіздің көзқарасыңыз бойынша, Астанада қолға алынбай жатқан мәселелер бар ма? – Рухани, мәдени тұрғыдан алғанда, Астанада жетілдіре түсетін тұстар көп. Өйткені ақын-жазушы, әнші-жыршылар, өнер адамдарының бәрі Алматыда. Ал Астана ең алдымен бас қала әрі ресми ірі орталық болғандықтан, Президенттен бастап, Үкімет, Парламент, министрліктер тарапынан шығарылатын Жарлық, Үкім, Шешім атаулы күллі қазақ еліне Астана арқылы тарайды. Астана – облыс­тар үшін бағыт беруші бағдаршам іспетті. Ол үшін театрлар, мәдени ошақтар көптеп жұмыс істеуі керек деген ойдамын. Қазақы спектакльдер, қазақтың киносы, қазақтың мультфильмі, қазақтың ұлттық ойыншықтары, салт-дәстүр, әдет-ғұрып – бәрі-бәрі Астанада дәріптелуі тиіс. Мәртебелі меймандар келген уақытта қазақты танытатын осындай арнайы шаралар ұйымдастырылып тұрса да артық етпейді. Бұдан бөлек, Астанадағы азық-түлік бағасын арзандату жа­йын қолға алу қажет деп есептеймін. Менің ойымша, бұл бағытта азық-түлік белдеуін жасау қажет. Әкімшілік бұл мәселелердің жолға қойылатындығын айтады, өйткені қарапайым халық қымбатшылықтан зиян шекпегені жөн. Астанадағы барлық жайтты Елбасының өзі тікелей бақылап отырғандықтан, біз ойлаған бұл істер қолға алынады деген ойдамыз. – Әңгімеңізге рахмет! Әңгімелескен Әлпеш САДЫҚ АТЫРАУ

1742 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9107

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7257

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4997

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4382

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4346

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4306

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4041

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4033

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы