• Тұлға
  • 04 Қаңтар, 2012

Бақтиярдың белесі

Қазақстан Республикасының жаңа тарихындағы өсу-өркендеу жетістіктері білімді, тәжірибелі мамандар арқылы жүзеге асырылуда. Өмір бойы білім игерудегі теориялық білім негіздерін кәсіби мамандар даярлау ісіне ұштастырған ортамыздағы ғалымдар жауапты қызметтерімен үлес қосып келеді. Еліміздің ғылыми-зерттеу институттарында ұстаздық және ұйымдастырушылық – басшылық қызметтерін ұштастыра атқарып жүрген көптеген замандас әріптесіміз бар. Солардың қатарында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақтияр Өрісбайұлы Смановтың да өзіндік тұлғасы даралана көрінеді.  Бақтияр Өрісбайұлы 1973 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология фа­культетін, одан кейін Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын, КСРО Педагогика ғылымдары академиясының Басшы кадрлар біліктілігін көтеру институты жоғары курстарын бітірген. Бақ­тиярдың еңбек жолы әуелі мектеп мұғалімі болудан басталды. Білім ми­нистрінің кеңесшісі, Жалпы орта білім бас басқармасының бастығы, министрліктің алқа мүшесі, бірқатар бөлімдердің жетекшісі қызметтерін де абыроймен атқарды. Бақтияр Өрісбайұлының қазақ әдебие­тін оқыту әдістемесі бойынша Мәскеу­де қорғаған кандидаттық (1991 жылы), Ал­матыдағы (2000 жылы) докторлық диссертациялары тәжірибелік қолданысы аса зәру мәселелерге арналды. Қазақ әдебиеттануы, фольклортануы, педагогика, психология ғылымдары салаларымен негізделген оқыту әдістемесі ізденістері Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов еңбектерінен бастау алып, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев, Әуелбек Қоңыратбаев және т.б. кейінгі толқын зерттеушілерінің еңбектерінде жалғасқаны мәлім. Бақтияр Өрісбайұлы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған бірқатар монографиялар, оқулықтар, оқу құралдарын, әдістемелік нұсқаулар жазып жариялады. Ғылыми-зерттеу және ұстаздық-басшылық қызметтері тұтаса өрілген жылдарда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде доцент, қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде филология, тарих-филология, дайындық (диаспора) факультеттерінің деканы, Алматы облысы Мамандар кәсібін дамыту институтының кафедра меңгерушісі, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт директоры қызметтерінде болды. Бақтияр Өрісбайұлы – қазіргі кезде Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аппарат жетекшісі, сонымен қатар, қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры. Ғалым-ұстаздың негізгі зерттеулері қазақ әдебиетіндегі көркем шығармаларды талдау әдістемесі бойынша үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл орайда, ғалымның «Көркем шығарманы талдау әдістемесі» («Ұлағат» баспасы, 2011) атты монографиясында жүйе­ленген өзекті мәселелер ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік негізділігімен бағаланады. Зерттеуші «Мектепте көркем шығар­маны талдаудың теориялық негіздері» аясында қазақ әдебиеті пәнінің тарихи бас­тауларын, ұлттық сөз өнері мұраларын оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қа­лыптасуын, көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі мәселелерін тарихи деректі, теориялық тұжырымды ойларымен жүйелеген. «Көркем шығарманы талдау техноло­гиясының педагогикалық-психологиялық жүйесі» тақырыбы бойынша бірнеше маңызды ғылыми мәселелер сараланған. Атап айтқанда, оқушы­лар­дың шығар­машылық белсенділігін арт­тырудағы көркем шығарманы талдаудың ұстаным-тұжырымдары әдеби шығарманы талдаудың әдістемелік жүйесі: ұтымды әдіс-тәсілдер, шығарманың көркемдік қасиетін танытудың тиімді жолы – тіл ерекшелігін талдау. «Жеке тұлғаның құзіреттілігін қа­лыптастыруға көркем туындыны талдаудың ықпалы» атты бөлімде қазақ сөз өнерінің әлем өркениеті деңгейіндегі классикалық туындысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» ро­ман-эпопеясындағы гуманистік идеяларды тал­дау, шығармадағы ислам құндылық­­та­рын таныту, типтік талдаудың тәрбиелік мәні мәселелері де ғылыми-әдістемелік ба­йыптаулармен тұжырымдалған. «Көркем шығарманы талдай оқытуды тәжірибе арқылы бекіту» тақырыбы аясында ұлттық рухани құндылықтарды оқыту мен тәрбие мәселелері зерттелген. С.Мұқановтың «Ботагөз» романын талдау сабақтарының жүйесі, Ғ.Мүсірепов шығармаларын талдау арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, көркем шығарманы талдау технологиясына қатысты тәжірибелер туралы ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалған. Ғалым-ұстаздың көркем шығарманы талдау әдістемесіне арналған тұжырымдары қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның орта және арнаулы орта, сонымен бірге жоғары оқу орындарындағы қазақ әдебиетін оқыту және сол арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысына пайдасы мол. Тәуелсіз Қазақстан Республика­сындағы белгілі әдебиетші ғалым, іскер, білікті басшы тұғырындағы Бақтияр Өрісбайұлы Сманов – туған халқына қызмет етіп келе жатқан абыройлы азамат. Халықаралық педагогикалық білім беру (Ресей) және Еларалық Айтматов (Қырғызстан) академияларының академигі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Ы.Алтынсарин медалінің ие­гері атақтарымен қазіргі қазақ зиялыларына тән рухани биіктік сипатын дәлелдеуде. Қорыта айтқанда, асқаралы алпыстың белесіне көтерілген құрметті әріптес досымызға отбасымен, елімен бірге абы­ройлы еңбек сапарының жалғаса беруін тілейміз. Темірхан Тебегенов, филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі. Ақманат Шамахова, филология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы

3217 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8971

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7174

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4915

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4300

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4265

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4224

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3955

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3954

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы