• Ақпарат
  • 29 Наурыз, 2012

Терроризмнің жолы кесілді

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің 2012 жылғы 24 наурызда Алматы қаласының аумағында дайындалу сатысын­дағы терроризм актілерінің алдын алғандығы туралы хабарлайды. Жоспарланған терактілердің ұйымдастырушысы 2009 жылдан бастап қазақстандық құқық қорғау органдарынан шетелде жасырынып жүрген, 1975 жылы туылған Александр Владимирович Павлов болып табылады. А.Павлов 2005 жылдан бас­тап Қазақстанның құқық қорғау органдарымен іздеу салынған БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың жеке күзетін басқара­ды, оның жеке құпия тапсырмаларын орындаумен айналысады. Атап айтқанда, Александр Павлов Мұхтар Әблязовке БТА Банктің қаржыларын аса ірі көлемде ұрлауға көмек көрсеткен, ал 2009 жылғы ақпанда Әблязов­тың жеке мұрағатын және БТА Банктің Корпоративтік бизнес бас­қармасының компьютерлері­нен қатты дискілерді көшіруді ұйым­дастырған, содан соң өзі де Ұлы­британияға шығып, бүгінгі күнге дейін Қазақстанға кірмеген. 2010 жылғы сәуірде А.Павловқа қатысты «біреудің сеніп тапсырыл­ған мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету» фактісі бойынша (ҚР ҚК 176-бабы, 3-тармағы) қылмыстық іс қозғалған, ал 2010 жылғы тамызда оған іздеу жарияланған. Онымен сөз байласа отырып тіркелмеген «Алға» партиясы басшыларының бірі, Мұхтар Әблязовтың ең жақын сенімді тұлғаларының бірі болып табылатын және шетелде тұрақты тұратын Мұратбек Кетебаев әрекет еткен. Терроризм және экстремизм актілерін ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды олар 2011 жылғы қыркүйектен бері ойластырып келген. 2012 жылғы наурыздың басын­да олар өздерінің сыбайлас­тар­ына Алматы қаласының қоғамдық жерлерінде, соның ішін­де, саябақтар аймағында және әкімшілік ғимараттарының жанында жарылыстар топтамасын жасауды тапсырған. Атап айтқанда, Павлов орын­даушыға Әуезов ауданындағы «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы «Фэмэили» отбасы­лық саябағында жарылысты ұйым­дастыруды, сондай-ақ, жар­ыл­ғыш заттарды Әл-Фараби даңғылындағы жаяу жүргіншілер өтпе­лерінде орналастыруды тапсырған. Терроризм актілерін ұйым­дастыру үшін А.Павлов 25 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражат бөлген, оның 15 мың доллары орындаушыға берілген. Қалған 10 мың долларын терактілер жасалғаннан кейін беру жоспарланған. Жедел-тергеу шараларының барысында терроризмнің негізгі мақсаты ретінде «халықты қорқыту, аласапыран мен дүрбелең жағ­дайын тудыру, елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру» болғандығы анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыс­тық кодексінің 233-бабының 1-тармағы («Терроризм») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде. Тергеу аясында құқық қорғау органдарына жоғарыда аталған тұлғалардың, шетелдіктерді қоса алғандағы, радикалды ұстаным­дағы діни топтардың өкілдерімен Қазақстанда террористік актілерді бірлесіп жасау, сондай-ақ, дін­аралық және ұлтаралық тұрғыда қақтығыстар тудыру мақсатында байланыс орнату әрекеттері туралы ақпарат келіп түсті. Тергеу жүргізілуде. Бірқатар тұлғалар қазіргі кезде ұсталды және кінәларын мойындап айғақ беруде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

2362 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7332

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6261

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4006

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3394

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3352

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3321

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3049

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3038

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы