• Ақпарат
  • 29 Наурыз, 2012

Сот отырысы жүріп жатыр

Қазіргі күні жұртшылыққа мәлім болып отырғандай, өткен сейсенбіде Ақтау қаласында 2011 жылдың 16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғаға байланысты сот отырысы басталды. Сот отырысы ашық, жариялылық жағдайында өтуде. Оған қазақстандықтармен қатар шетелдік журналис­тер мен сарапшылар да қатысуда. Сот отырысы қаладағы «Арман» атты жастар орталығында өтуде. Сотқа жаппай тәртіпсіздік жасады деген айыппен 37 адам қылмыстық іске тартылған. Сот отырысына 100-ден астам жәбірленуші, 45 куәгер шақы­рылған. Мемлекеттік айыптаушылар, қорғаушылар қатысуда. Сот отырысының ашық­тығын, жариялылығын, істің өз деңгейінде қаралуын қамтама­сыз ету мақсатында қолайлы жағдай туғызылуда. Сот отыры­с­ының көпшіліктің көз алдында өтуі үшін телеэкрандар орнатылған. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін арна­йы баспасөз орталығы жұмыс істеуде. Сот барысы жөнінде облыстық соттың ресми өкілі журналист қауымы үшін брифинг өткізіп тұрмақ. Айыпталушылар күш қол­дан­ған­дары, қоғамдық, жеке мүлікті қиратқандары, өртегені, тонаушылық және ұрлағандары үшін Қылмыстық кодекстің тиісті баптарымен айыпталуда. Солардың ішінде 30 адамға байланысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы, 7 адамға «ешқайда кетпеу» шарасы қолданылған. Алғашқы күнгі сот отырысында айыпталушылардың жеке бастарына қатысты анықтамалар берілді. Сот құрамы таныстырылды, сот отырысын жүргізудегі құқықтар түсіндірілді. Мұнан соң қорғаушылар пікірлері мен талап-тілектерін білдірді. Мемлекеттік айыптаушылар өз жауаптарын келесі сот отырысында беретіндіктерін айтты. Жұртшылық елдің көз алдында өтіп жатқан сот отыры­сының әділ шешім қабыл­дайтындығына сенім білдіруде. Д.Смайыл

2221 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7360

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6276

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4023

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3409

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3367

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3336

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3064

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3054

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы