• Ақпарат
  • 29 Наурыз, 2012

Ой бөлісіп, пікір алмасты

d0b4-d0bcd18bd0bdd0b1d0b0d0b9Алматыда Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай шығармашылық одақтардың басшыларымен кездесіп, шешімін күткен мәселелер төңірегінде олармен кеңінен әңгімелесті. Бұл кездесудің міндеті де, мақсаты да шығармашы­лық ұйымдардың Елбасымыз Н.Назарбаев­тың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауындағы нұсқауларды жүзеге асыру жолдары және «мемлекетіміз бізге не береді» деп емес, «біз елімізге, халқымызға не беруге тиіспіз» деген тұрғыда алдағы кезеңдегі бағыт-бағдарды айқындап алу екенін министр әңгіме басында қадап айтты. Алайда шығармашылық одақтар басшыларының ашып айтқан ой-толғамдарында «елге біз не бере аламыз» деген мәселемен қатар, «үкімет бізге не бередіге» ойыса бергені байқалды. Мұндай пікірді мүлде жоққа шығаруға болмайтыны да айтылды. Мәселен, Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин Жазу­шылар одағының Кеңес үкіметі кезінде құрылып, қамқорлыққа бөленгенін, соның арқасында көркем әдебиет дамып, бірегей дарындар өсіп шыққанын баса айта келіп, жазушылардың кітаптарын шығаруға, қаламақы төлеуге үкімет қамқор болуы керектігі жөнінде ұсыныстарын білдірді. Өзге одақтар басшылары да үкі­меттің қамқор-көмек жаса­уын көбі­рек қозғаумен болды. Театр одағының шығармашылығы туралы сөз қозғаған Тұңғышбай Жаманқұлов қазақтың ұлттық мұң-мүддесіне орай жасалған, жасалуға тиіс қойылымдарды шет жұрттарға әйгілету мәселесін баса айтты. Әрине, қайсы одақтың басшысы болсын жаманын жасыра, жақсысын асыра айтқанымен, олардың шығармашылығының ең басты сыншысы – халық. Шет жұрттардан мақтау, марапат, сыйлық алуды мақсатқа айналдыру қазіргі шығармашылық одақтардың әдетіне айналғаны жөнінде баспасөзде аз қозғалып жүрген жоқ. Бұл ретте, әсіресе, Кинематографис­тер одағындағы жұмыстар сын көтермейтіндей халге ұшырағаны баршаға белгілі. Министрдің әңгіме басында ескертіп өткеніндей, «мемлекет бізге не береді» емес, «біз мемлекетке не береміз» деген талап шығармашылық одақтарды ойландыруы тиіс. Бұл ретте Елбасының қолдауымен «Мәдени мұра» аясында жарыққа шыққан туындылар бағдарға айналып, бүгінгі күн тақырыбына сай шығармалар тудыру шығармашылық одақтардың міндеті болмақ. Суретшілер одағы­ның төрағасы Байтұрсын Өмірбеков­тың «конкурстар мен фестивальдер, кәсіби жарыстар, байқаулар, сараптаулар ұйымдастырылса» дегендей ұсынысы қолдауға лайық деуге болады. Бұлай дейтініміз, мұндай шаралар үкімет тарапынан қолдау табатын болса, халқымыздың талап-тілегіне сай туындылар қамқорлыққа алынып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатыны сөзсіз. Сонда ғана халқымыз мақтан етерлік, жас­тарымыз тәлім аларлық туындылар жасалатыны сөзсіз. Кездесу соңында министр Дархан Мыңбайдың алдағы уақытта республикалық «Ел іші – өнер кеніші» деген акция өтетінін мәлім етуінің мәні де осындай ойды меңзегендей болды. Қ.Боқаев

2533 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7317

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6255

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3999

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3388

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3346

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3315

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3043

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3032

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы