• Ақпарат
  • 29 Наурыз, 2012

«Армандастар» жоғары бағасын алды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» стипендианттарының шынайы өмірінен түсірілген «Армандастар» фильмін тамашалады. Фильм біткеннен кейін басты рөлде ойнаған әртістерге алғысын білдірген Мемлекет басшысы оларға шығармашылық табыс тіледі. «Осындай фильмдер көбірек болса, біздің жастарымыз болашақтықтарға қарап бой түзер еді. Бұл фильмнің ішінде оқуға, білімге деген үлкен талап, достық, махаббат, адами қарым-қатынастар дәріптелген. Қазіргі уақытта дәл осындай адами құндылықтар жастарымызға жетіспейді», – деп атап өтті Н.Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы шетелден білім алып келген болашақтықтардың ол жақта да барлығы керемет еместігін көргендігін баса айтты. Осы орайда Голливуд сынды шетелдік кинокомпаниялардың туындыларында тек бір тұлғаны дәріптеуге баса назар аударылатындығын тілге тиек еткен Мемлекет басшысы: «Тұлғаның өмірі мен жұмысы қоғамға қызмет етуі керек», – деді. Айта кетейік, «Армандастар» фильмiнің режиссері – Ерлан Сағынов. Басты рөлдерді Әділ Ахметов, Елдар Отарбаев, Айнара Рысдәулетова, Марлен Жұмақов, Ғабит Мұстафа, Андрей Марычев ойнап сомдады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлері туралы аталмыш фильм болашақтықтардың өмірінен алынған шынайы оқиғаларға негізделген. Сюжет желісінде әлемнің жетекші универ­ситеттеріне оқуға түскен жас қазақстан­дықтардың тағдыры суреттеледі. Әр кейіпкердің өз оқиғасы бар. Біреуі махаббатын табады, қиындықтарды жеңіп, қуаты арта түседі, ал біреуі өмір сынынан өте алмай, ерте жеңіледі. Осылайша жас мемлекеттің аяғынан тұруымен бір мезгілде кейіпкерлер тұлғасының, олардың мақсаттары мен өмірлік жоспарының дамуы мен қалыптасуы да қатар жүреді. Бірнеше жыл өткен соң өздерінің кәсіби жолдарын бастау үшін дос­тар үйлеріне оралады. Алайда Отанға оралған олардың тағдырлары қиын жағдайда қайтадан тоғысады. Негізінен кино мазмұны «Болашақ» стипендиясының көмегімен әлемдік жетекші университеттерде оқып жүрген жас қазақстандықтардың тағдыр-тіршілігін бейнелеген. Басты кейіпкерлердің бірі – білікті кардиохирург болуды, екіншісі – Қазақстан Көшбасшысының интеграциялық саясатын жалғастырар дипломат болуды армандайды. Фильмнің өн бойынан отансүйгіштік пен туған елдің ертеңіне деген алаңдаушылық пен патриоттық сезімді айқын байқауға болады. Соңында білім қуып, шетелде романтикаға толы студенттік күндерді бірге өткізген бес жастың арман-мақсаттары бір арнада тоғысады. Мелодрама негізінде жасалынған аталмыш «Армандастар» фильмін Елбасы аяғына дейін тамашалады. Жаңа қазақстандық фильмдерге Мемлекет Басшысының көңілі толғандығы соншалықты, тіпті, кейбір сәттерін сүйсіне қарағанын да айтты. Елбасы көрсетілімнен кейін журналистерге берген сұхбатында «Армандастар» киносының қағидалары мен ондағы шытырман оқиғалар және туған елінің бір кірпіші болып қалануға ұмтылған студент жастардың достық қарым-қатынасы қазіргі заман талабына сай екендігін айтты. Фильмді тамашалаған Елбасымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед те болды. С.ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

2649 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7429

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6312

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4059

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3445

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3405

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3371

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3100

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3089

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы