• Ақпарат
  • 29 Наурыз, 2012

Әз Наурыз әлем рухын әспеттеді

d0bdd0b0d0b7d0b0d180d0b1d0b0d0b5d0b2-d0b8-d0bed0b1d0b0d0bcd0b0

Қазақ елінің бастамасын қолдау – бейбітшілікті қорғау

Әз Наурыз ауызға алынғанда тыныштық, татулық, ынтымақ ұғымдары да тілімізге орала кетер еді... Қазақ о бастан бейбітшілікті жақтаған халық, жер бетінде ты­ныштық болса ғана аңсаған армандар мен межелеген мақсаттардың жүзеге асатынына көзі жеткен халық. Мұны Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жақсы түсінеді. Түсінгендіктің нақты дәлелі – ажал уын сепкен Семей ядролық полигонын жабу жөнінде еліміз Тәуелсіздікке жеткен алғашқы уақытта-ақ шешім қабылдады. Бұл шын мәнінде тарихи әрі дана шешім еді. Кеше ғана Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында ядролық қауіпсіздік жөніндегі екінші жаһандық саммит өтті. Оған осы ел басшысының арнайы шақыруымен Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Онда Қазақстан басшысының сөзі зор ықыласпен тыңдалды. Қазақстан бейбітшілік сүйгіш ел. Мұны қазір бүкіл әлем мойындап отыр.

Осы аптаның басында төрткүл дүниенің назары Оңтүстік Корея мемлекетінің астанасы Сеул қаласына ауды. Мұнда ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттің пленарлық отырысы болып өтті. Осымен екінші рет өтіп отырған айтулы саммитке 53 мемлекет басшысы мен 3 халықаралық ұйым жетекшілері, оның ішінде Оңтүстік Корея Президенті Ли Мен Бактың арнайы шақыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік маңызы зор саммит басталмастан бұрын «Чонг Ва Дэ» деп аталатын Президент сара­йында Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бакпен кездесті. Тараптар соңғы жиырма жылда қол жеткізген жетістіктерді бекітіп, одан әрі нығайта түсу мақсатында екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық серіктестік жоғарғы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Одан кейін Елбасы «Хаят отель Сеул» қонақүйінде Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен кездесті. Кездесу барысында тараптар ядролық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі мәселелерді кеңінен талқылады. Екі елдің көшбасшылары Орталық Азия өңіріндегі жағдайға ерекше назар аударып, өзара пікір алмасты. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президентін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төртінші съезіне шақырды және Барак Обамаға алдағы президенттік сайлауда табыс тілей отырып, дәстүрге сай қазақтың тұмарын тарту етті. Әлемдік ядролық қауіпсіздікті нығайту, ядролық терроризм қатеріне қарсы күрес пен ядролық материалдардың заңсыз айналымына қарсы тұру және ядролық энергияны адамзат мүддесіне пайдалану мәселесінде саммиттің маңызы зор екендігі анық. Еліміздің ядролық қарусыздану мәселесіне қосқан үлесі орасан екені сөзсіз. Саммитті оны өткізуші ел – Корея Рес­публикасының президенті Ли Мен Бак кіріспе сөзбен ашты. Одан соң АҚШ Президенті Барак Обама мен Қытай басшысы Ху Цзиньтао сөз алған­нан кейін сөз кезегі Қазақстан Респуб­ли­касы­ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді. Өз сөзінде Мемлекет басшысы Вашингтонда болған кездесуден кейінгі екі жылдың жаһандық ядролық қауіпсіздік саласындағы елеулі оқиғаларға толы болғанын атап өтті. «Біріншіден, 2011 жылы Ядролық қарулар­ды таратпау туралы шарттың Шолу конференциясы болып өтті. Екіншіден, екі жылдың ішінде әлемде жоғары байытылған ядролық уранның елеулі бөлігі жойылды. Әлемнің отыздан астам елі ядролық қауіпсіздік саласында ұлттық міндеттеме қабылдады. Үшіншіден, 2010 жылы Астанада Ядролық терроризм актілерімен күрес жөніндегі жаһандық бастамашылық конференциясы табыспен өтті», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті ядролық энергетика тек абсолюттік қауіпсіздік кепілдігі жағдайында және ең басты үш қағидат негізінде дамуы тиістігін атап өтті. «Бірінші – әмбебаптық. Бейбіт атомды игеру саласындағы жинақталған халықара­лық-құқықтық тәжірибені тарату және кодтау қажет. Мұндағы мақсат – ядролық қауіпсіздіктің заңдық міндетті стандарттарын қабылдау. Екінші – транспаренттілік және жеделдік. Ядролық нысандағы кез келген оғаш оқиға туралы толық және жедел ақпарат таратумен қатар, төтенше жағдайда жылдам әрекет етудің нақты тетіктерін әзірлеп, жасау керек. Үшінші – теңдік және сенім. Барлық мемлекеттерге бейбіт ядролық технологияға қолжетімділіктің тең құқығы, сондай-ақ, Төменгі байытылған уранның халықаралық банкінің кепілді қорларын пай­даланудың мүмкіндігі берілуі керек. Қазіргі уақытта осындай банкті Қазақстанда орналастыру жөніндегі МАГАТЭ-мен жұмыс өзінің практикалық сатысына көтеріліп отыр. Бұл біздің таратпау режімін нығайту мен ядролық қарусыздануға қосар нақты үлесіміз» деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттерді әр 2 жыл сайын өткізіп отыруды ұсынды. Мұндай саммиттердің бірін келешекте Астанада өткізуге болатынын мәлімдеді. Саммит соңынан қорытынды коммюнике қабылданды. Онда физикалық ядролық қауіпсіздік жөніндегі келесі саммит 2014 жылы Нидерландыда өтеді деп белгіленді. Сеулде Ядролық қауіпсіздік жөніндегі екінші саммит аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің және АҚШ Президенті Барак Обаманың үшжақты кездесуі өтті. Жүздесудің қорытындысы бойынша үш мемлекеттің басшылары бұрынғы Семей сынақ полигонына қатысты үшжақты ынтымақтастық жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылдады. Сұлтан Қадырбек

2822 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7376

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6284

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4032

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3417

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3375

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3344

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3072

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3062

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы