• Тұлға
  • 31 Мамыр, 2012

ЖҰМЫСЫМЫЗДА НӘТИЖЕ БАР

  Ләззат Құсайынова, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы: – Ләззат Сейітқазықызы, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырыстарында қандай мәселелер көтеріліп жүр? – Жалпы Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комис­сияның отырыстары әр тоқсан сайын өткізіліп келеді. Келесі отырыс, бұйырса, маусым айының алтыншы жұлдызында жаңа құраммен өтеді. Бұл жолы Ішкі саясат басқармасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы баяндама тыңдалады. Одан басқа, Астана қаласындағы Көшбасшы әйелдер мектебі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі мәселелер де күн тәртібіне қойылады. Комиссия құрамында түрлі саланың, атап айтар болсақ, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жұмыспен қамту саласының мамандары, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері бар. Сондықтан, отырыста қаралатын мәселелер қызықты да мазмұнды болады деген ойдамын. Бір атап өтерлігі, биыл комиссия отырысы екінші рет өткізілейін деп отыр. Бірақ жаңа құрамда. Ал бірінші тоқсандағы мәжіліс Денсаулық сақтау басқармасының гендерлік теңдік стратегиясын іске асыруға байланыс­ты атқарған жұмыстары жөнінде болған. – Сіздердің тараптарыңыздан шығарылған шешімдер нәтижелі бола ма? – Өзіңіз жақсы білетіндей, кейінгі уақытта жасөспірімдер мен жастар арасында суицид көбейіп кетті. Былтыр қаладағы 62 мектептің екі оқушысы өздеріне қол жұмсап, қайғылы жағдай орын алған. Сол кезде комиссияның кезекті мәжілісін өткізгенбіз. Ол өте маңызды болды деп ойлаймын. Өйткені әрбір ата-ана өз отбасын, баласын ойлап, әрекет етеді. Отырыстың хаттамасында біз біраз шешім шығарған едік. Олардың көбі орындалды деуге болады. Мысалы, апта сайын қала газеттерінің беттерінде сенім телефондары жарияланып отырады. – Комиссия басқа қандай жұмыстармен шұғылданады? – Бұл сауалыңызға жауап бермес бұрын, мына мәселені айта кетейін, комиссияның негізгі жұмысы «ҚР 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы» бойынша жүргізіледі. Аталмыш стратегия 9 бөлімнен тұрады. Сол бойынша біз жұмыс ұйымдастырамыз. Осыған сәйкес жыл басында іс-шаралар жоспары бекітіледі. Жос­пар бойынша таяуда Халықаралық отбасы күніне арнап бір ай бойы бірқатар шаралар өткіздік. Негізі жыл сайын Отбасы күніне арнап 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Отбасы фестивалін» өткізу біздің игі дәстүрімізге айналған. Ол бюджеттен бө­лінетін қаражатқа, комиссия мүшелерінің мүмкіндіктеріне байланысты өткізіледі. Негізгі шараларымыздің дені Білім бас­қармасымен бірлесе ұйымдастырылады. Мектептерде түрлі байқаулар, семинар-кеңестер өткізіледі. Әлеуметтік зерттеулер, конференциялар өткіземіз. Мысалы, қаладағы Оқушылар сарайының негізінде психолог мамандарға арнап «Отбасы. Жеткіншек. Қоғам» айдарымен семинар-тренинг өткізілді. Сосын жыл сайын сурет байқауы өткізіледі. – Естуіміз бойынша, сіздер ер адамдар мәселесін де көтеріп келесіздер? – Иә, былтырдан бастап, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының ұсынысы бойынша біз отбасылық-демографиялық саясатқа тек қана әйелдерді емес, ерлерді де тарту мақсатында біраз жұмыстар жүргіздік. Мектептерде «Менің әкем ­– керемет» байқауын өткізуді қолға алдық. Өткен жылдан бастап «Әкелер слетін» ұйымдастырып жүрміз. Бұл биыл екінші рет өткізілді. Сол «Әкелер слетінің» нәтижесі болса керек, биыл мектептерде ата-аналар кеңесінен тыс, әкелер кеңесі құрыла бастады. Олар кеңесті құрып қана қоймай, әкелер сайтын ашып, сонда өздерінің тәжірибелерімен, ақыл-кеңестерімен бөлісетін игі дәстүрді енгізіп отыр. Былтыр да, биыл да «Әкелер слетін» 59 мектептің базасында өткіздік. Бұл мектеп әкелермен жұмыс істеуде базалық мектеп саналады. Сондықтан биылғы слеттен кейін мектеп алдынан «Әкелер аллеясын» ашып, сонда ағаш отырғызылды. Жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз. Бұрын-соңды әкелердің ғана басын қосып, бала тәрбиесі туралы, оның үйдегі тәрбиесі жөнінде ешкім әңгімелескен емес. Биыл әрқайсысы өзінің бала тәрбиесіндегі тәжірибесін, отбасындағы проблемаларын ортаға салып, пікір алмасып, аудиторияны қызықтырып, белсенділік танытты. – Астанадағы Жастар денсаулығы орталығының жұмысы туралы айта отыр­саңыз? – Бүгінде Астана қаласындағы 6 емханада Жастар денсаулығы орталығы ашылып жұмыс істеуде. Бұл орталық не үшін керек дейтін шығарсыз. Қазір көптеген жастар проблемаларын кез келген емханаға барып айта алмайды. Ал мына орталықтарда психологтар, гинекологтар, андролог-урологтар сол жастардың мәселесімен жұмыс істейді. Мысалы, оқып жүріп ауыр жағдайға түскен, аяғы ауырлап қалған жастар болса психологтың көмегіне жүгініп, ақыл-кеңес алып, гинекологтың қабылдауында болуға мүмкіндік жасалған. Былайша айтқанда, жастар мәселесін шешуге осы орталықтар біршама атсалысып жатыр. – Қазіргі таңда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау туралы көп айтылады. Бұл мәселеге де көңіл бөлесіздер ғой. – Дұрыс айтасыз. Біздің басты мақсаттарымыздың бірі кәсіпкер әйелдерді қолдау және отбасылық бизнесті дамыту болғандықтан, комиссия құрамында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары бар. Өзіңіз білесіз, елде дағдарыс басталған кезде Үкімет кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында бірнеше бағдарламаларды өмірге әкелген. Аталған басқарма арқылы үш жыл қатарынан «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының осы бағдарламаларын кәсіпкер әйелдермен бірге талқылап, соларды тиімді пайдалануы үшін түрлі шаралар ұйымдастырдық. Жыл сайын «Қанатты әйел» атты көрме өткіземіз. Ол жерде кәсіпкер әйелдердің өндірген заттарын сатылымға шығарып, елге көрсетеміз. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар басқармасымен бірлесе көп жұмыс істейміз. Өйткені жұмыссыздықпен күрес және әйелдерді жұмыспен қамту біздің құзырымызға жататын мәселелер. – Әңгімеңізге рақмет! Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы Астана

1825 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8775

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7067

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4811

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4197

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4159

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4120

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3850

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3850

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы