• Ақпарат
  • 21 Маусым, 2012

Жарылқаушы айда көп жақсылық жасайық

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы және Орта Азия Мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің министрліктер мен түрлі сала жетекшілеріне, облыс, қала, аудан басшыларына, кәсіпкерлер мен жалпы ел халқына алдағы қасиетті Рамазан айына байланысты үндеуі

2012 жылдың 20 шілдесі – қасиетті Рамазан айының бірінші күні

Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын! Құрметті бауырлар, отандастар! Тәуелсіз еліміз әлем жұртшылығына өзінің ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел ретінде танылды. Аз уақыт ішінде ғасырға татырлық жұмыс атқарылғанымен, әлі де өз кезегін күткен шаруалар жетерлік. Біздің ең үлкен байлығымыз – Отанымыздың тыныштығы мен татулығы. Осыған орай еліміздің дамуына, жұртымыздың әл-ауқатының артуына әрбір азаматымыздың қосар үлесі зор деп білемін. Мұсылман үшін отыз күн ораза ұстау – ұлық ғибадат. Бұл күндерде ораза ұстаумен қатар, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау да Алла құзырындағы сауабы мол амалға жатады. Исі мұсылман баласы қасиетті Рамазан айында сауаптан үміттеніп, көптеген игі істер жасауды дәстүрге айналдырған. Келе жатқан қасиетті Рамазан айында мүмкіндігі бар отандастарымды Алла разылығы үшін игі істерді мейлінше көбірек жасауға шақырамын. Өкініштісі – жыл сайын Рамазан айы келуімен дүкендер мен базарларда азық-түлік бағалары күрт қымбаттап шыға келеді. Бұл, әрине, халықтың орынды ренішін туғызады. Рамазан біз үшін берекесі мол, Алланың рахымы мен мейірімі жауатын ай екенін ұмытпайық. Бұл айда жасалған әрбір ізгі амал өзге айларға қарағанда, сауабы еселеп артатыны сөзсіз. Сондықтан осынау мүбәрак айда түрлі мекеме басшылары мен кәсіпкер мұсылман бауырларымды Жаратушы Иеміздің мейірімін тілеп, азық-түліктің, қонақүйлер мен қоғамдық қызметтердің, киім-кешектің, құрылыс заттары мен жанар-жағар майдың, мектеп формасы мен оқулықтарының, демалыс лагерьлері мен шипажайлардың, мейрамханалар мен асханалардың бағасын 10 пайызға түсіріп, жеңілдік жасауға шақырамын. Қоғамдық көліктерде жүру ақысы, коммуналдық қызмет төлемақылары мен телекоммуникациялық байланыс тарифтері де осылай төмендетіліп жатса, нұр үстіне нұр. Өткен 2011 жылы да осындай үндеу жариялағанымызда бізге қолдау білдіріп, өздерінің өнімдерінің бағасын 10-30 пайыз арасында төмендеткен бауырларымызға Алла разы болсын. Қадірменді отандастарым! Қасиетті айда Алла тағаланың ашуы мен қаһарын тудыруға себепші арақ-шараптан, дініміз тыйым салған басқа да харам іс-әрекеттерден аулақ болайық. Рамазан айының құрметіне және басқа да айларда мейрамханалар мен жиын-тойларда ішкіліктің ешбір түрі дастарқанға қойылмаса және дүкендерде сатылмаса. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде Алла тағала ішімдік ішкенді, ішкізгенді, сатқанды, сатып алғанды, сондай-ақ оны жасап шығарғанды да лағынеттеген. Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұттарға табыну және бал ашатын оқтар – ластық, шайтанның iстерi. Мұратқа жетем десеңдер, олардан аулақ болыңдар» делінген («Маида» сүресi, 90-91-аяттар). Бұл үндеу барша адамзат баласына мол ризық беруші Алла тағаланың разылығына біздің жұртымыз мұнан әрі қарай да бөленіп, сауабына ие бола берсе, бұл ізгі амал басқа айларда да жалғасса деген ізгі мақсаттан туып отыр. Жарылқаушы айда сауапты амалдар – халыққа жақсылық жасаудың осынау орайы келген қолайлы сәтін мүмкіндігінше пайдаланып қалайық, ағайын!

2511 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7333

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6261

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4006

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3394

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3352

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3321

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3049

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3038

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы