• Тұлға
  • 12 Шілде, 2012

Балқаш ТЫНЫБАЕВ, медицина ғылымдарының докторы: «Саулығын сақтаған аурудың алдын алар»

...Осы бір етжеңді жігіт ағасымен таныс болғаныма жеті-сегіз жыл болған. Көрші тұратын онымен күнде ертеңгілік жұмысқа барарда кездесіп қалып, тек бас изесіп амандасатынбыз. Қашан көрсең де, қолынан үлкен портфелі түспейді. Менің бір көршім: – Біздің ғимаратта кілең мықтылар тұрады. Ана ағамыз анау-мынау емес, медицина ғылымының докторы. Атырауда екі медицина ғылымының докторы бар, соның бірі біздің көршіміз, – деген еді.

Сонымен, бейтаныс ағамен жақынырық танысудың да сәті түсті. Шығыс өңірдің түлегі екен. Балқаш Тыныбаев 1947 жылы 11 шілдеде Семей облысы, Үржар ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келіпті. Әкесі Ғалидың негізгі мамандығы экономист. Облысқа белгілі партия, кеңес, өндіріс қызметкері болған. Балқаш екі жасқа толғанда, әкесі қайтыс болады. Енді отбасының бар ауыртпалығын әкесінің інісі Кәрібжан көтереді. Кәрекең Ұлы Отан соғысының ардагері. Екі «Даңқ», Ұлы Отан соғысы ордендерінің кавалері еді. Ұзақ жылдар бойы Мақаншы аудандық тұтынушылар қоғамының төрағасы болып істеді. Балқаш 1965 жылы Мақаншы ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы 11 жылдық мектепті тәмамдаған. Қырсық шалғанда, дау он бірін­ші кластың аттестатын алудан басталыпты. Мектеп директоры әртүрлі сылтау айтып, оның мектеп бітіргендегі аттестатын бермеуге тырысады. Ал аттестатта кілең бестік баға қойылған болатын. Ақыры сол жылдың 23 қарашасында аттестат та қолға тиді-ау. Бірақ «Алтын медаль» берілмеді. Сөйтіп, Балқаш Алматыдағы медицина институтына құжат тапсырды. Алайда конкурстан өтпей қалды. Елден орден-медальдарын жарқыратып, Кәрібжан ағасы да жетті. – Балам, ештеңеден қысылма, Қонаевқа барамыз енді. Әділдік бар шығар, – деді ол. Сөйтіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ғимаратына да жетті. Есік алдындағылармен шүйіркелескеннен кейін Кәрібжан аға жоғарыға шығып кетті. Балқаш ағасын күтіп, төменде қалды. Шіркін, ол кезде адамдарға деген қамқорлық ерекше еді ғой. Қазіргідей қабылдау кезегіне жазып қою, айлап күттіру деген жоқ еді. Кәрібжан ағасы Қонаевқа бар жағдайды айтып береді. Ақсақалдың сөзін байыппен тыңдаған Димаш Ахметов ішкі телефонның бірін көтеріп: – Саттар Нұрмашұлы, мына мектептің директоры қаскүнем бе? Жұрт жақсы оқыған балаларын жоғары оқу орындарына түсіруге ұмтылса, ол кері тартып отырған көрінеді. Тез осы мәселеге байланысты комиссия құруды сұраймын. Нәтижесін маған тез арада хабарларсың, – деді. Кәрібжан аға үстінен ауыр жүк түскендей, жеңілденіп шықты. Орталық Комитеттің ғылым және оқу орындары бөлімінен құрылған комиссия Семейге барып, мектептегі жағдайды тексеріп қайтты. Орталық Комитетке түскен соғыс ардагерінің арызы бойынша сол кездегі Қазақ КСР Оқу министрі К.Айманов пен оның орынбасары Р.Д.Есенжолова әділ шешім алынуына барлық жағдайды жасады. Осы комиссияның қаулысымен Балқашқа «Алтын» медаль табыс етілсе, екінші қуаныш Алматы мединститутының емдеу факультетіне студент болып қабылданды. Сөйтіп, аңсаған арманға қол жеткендей болды. Студенттік жылдар зыр етіп өте шықты. Жас дәрігерлерді жұмысқа бөлгенде, Балқаш Тыныбаевқа алыстағы Маңғыстау өңірі бұйырды. Ақтау қаласына келіп, облыстық денсаулық сақтау бөліміне жолықса, Ералиев ауданына жібермек болды. Маңғыстаудың жаңа-жаңа облыс болып жатқан кезі. Қонақүйлерде орын жоқ. Бара қоятын таныс және жоқ. Содан облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасарының кабинетінде жатуына тура келді. Кейіннен Атырау қалалық біріккен екінші орталық ауруханасында учаскелік дәрігер, химия зауытында цех дәрігері, В.И.Ленин атындағы Гурьев мұнай өңдеу зауытының дәрігерлік-санитарлық емдеу мекемесінде интернатура, №2-ші қалалық орталық емханасының өндірістік филиал меңгерушісі, жұқпалы аурулар кабинетінің меңгерушісі, №1-ші қалалық емхананың дәрігер терапевті болып істеді. 1974-1980 жылдары қалалық эпидстационардың бас дәрігері, 1982-1983 жылдары Алматы облысы клиникалық жұқпалы аурулар емханасында дәрігер ординатор, 1983-1988 жылдары А.Сүндетов атындағы медицина училищесін­де дәрігер оқытушы, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Ал 1988 жылдан күні бүгінге дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры. Ол Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік медицина академиясының клиникалық ординатурасын 1982 жылы, ал аспирантурасын 1994 жылы бітіріп шықты. Жұмыс жасай жүріп, ғылымға да ден қойды. Әсіресе, адамдардың денсаулығына экологиялық жағдайдың әсер етуін жан-жақты зерттей бастады. Бұған Бал­қаштың «Ембімұнайгаз» бен «Казнефтегазразведка» бірлестіктерінде жұмыс жасауы да әсер етпей қоймады. Ақыры 1998 жылды эпи­демиология мамандығы бойынша медицина ғылымының кандидаты атағын алу үшін ғылыми диссертациясын сәтті қорғап шықты. Балқаш мұнымен де тоқталып қалмады. Ғылымдағы ізденісін жалғастыра білді. 2006 жылдың 20 қазанында Алматы қаласындағы Қазақ тағамтану академиясында «Каспий жағалауының Солтүстік Шығысында мұнай-газ кеніштерін игерудің қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулық сапасына әсерлерін кешенді гигиеналық-экологиялық бақылау» деген тақырыпта медицина ғылымының докторы болу үшін диссертация қорғады. Балқаш осы уақыт аралығында өз мамандығы бойынша 150-ден астам мақала, 12 әдістемелік нұсқау, «Экологиялық жайсыз аймақтардағы халық өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету­дің гигиеналық-экологиялық мәселелері» оқу құралын да жазып жариялады. Қазір Балқаш Алашорда қайраткері, жерлесіміз Халел Досмұхамедұлының дәрігерлік жұмыстарын зерттеу үстінде. Күнделікті жұмысын ғылыммен ұштас­тырған Бәкең Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс­белгісімен марапатталды. Алматы қала­сынан шығатын «Денсаулық» журналының Батыс Қазақстан өңірі бойынша меншікті тілшісі. Иә, денсаулық сақтау жүйесінде 20 жыл, халық ағарту жүйесінде 20 жыл қызмет атқарған ағамыз еліміздің жас буындарына білім беріп, ғылым тәрбиелеуде өзінің қомақты үлесін қосып келеді. Ол өз отбасының тірегі, ұл-қызының әкесі, немерелерінің сүйікті атасы да. Студенттік жылдарда танысқан Гурьев­тің қызы Семейге келін болып түскен еді. Зайыбы шет тілдер институтынан түлегі Баянсұлу Қодасқызы Тыныбаева да бүгіндері облысқа белгілі ұстаз. Ол 1972 жылы Алматыдағы шет тілдер институтын неміс тілінің мұ­ғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылдың наурыз айынан Х.Дос­мұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті­нің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, қазір кафедра меңгерушісі болып жұмыс жасауда, педагогика ғылымдарының кандидаты. Балқаш кейде ойлайды, осынау заманда тәніңді аурудан қорғап қалудың мүмкіндігі бар ма? Жоқ-ау, сірә. Денсаулықты сақтау үшін адамға берілетін төрт-ақ кеңес бар көрінеді. Біріншісі – күш жұмсалатын еңбекке белсенді болу, екіншісі – дұрыс тамақтану, үшінші зиян­ды қылықтардан аулақ болу, төртіншісі – жүйкені аялау. Алайда көбіміз осы кеңестерді біле тұра, ұстанбаймыз. Ұстай алмаймыз, ұстағымыз келмейді, жалқаулық жібермейді, ұмытып кетеміз, ұмытып кеткіміз келеді. Сөйте келе, денсаулық бұзылғанда өкінеміз. Демек, ауырмай тұрып, саулықты сақтаған жөн. – Өзіме де, әйеліме де, балаларыма да, туыстарыма да, қоғамға да мен денім сау болса ғана керекпін. Сондықтан өз денсаулығымыз үшін күрес – қоғамның денсаулығы үшін күреске ұштасса, – дейді Балқаш Ғалиұлы ойлы жүзбен. Құттыгерей СМАДИЯР, Қазақстан Журналистер сыйлығының лауреаты Атырау

3379 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9273

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7354

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5097

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4479

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4443

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4402

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4139

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4132

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы