• Қоғам
  • 05 Қыркүйек, 2012

Құқықтық мәдениет – өркендеу кепілі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті. Сессияға қос палата депутаттарынан өзге Президент әкімшілігі, Үкімет кеңсесі, Парламент палаталары аппаратының жауапты қызметкерлері, Үкімет құрамына кірмейтін агенттіктердің басшылары қатысты. ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес бесінші шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашқан Президент алдымен парламентшілерді кезекті сессияның ашылуымен құттық­тап, алдағы кезеңге арналған бірқатар заң шығарушылық міндеттерді анықтап берді. Сөз басында Мемлекет басшысы бірінші жартыжылдықта еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі өлшемдері бойынша оң өзгеріс байқалып отырғанын атап өтті. Елбасы сөзімен айтсақ, алты айда еліміздің ішкі жалпы өнімнің өсімі 5,6 пайызға жетті. Қазақстанның халықаралық сақтық қорлары 15 пайызға жуық өсіп, 83 миллиард доллардан асты. Ал алдағы сессия барысында Парламент 3 жылдық бюджетті қалыптастырады. Жаһандық экономикалық ахуалдың күрделі жағдайында бюджетті қамтамасыз ету ісі бір ғана бағытта – бюджет шы­ғыстарының үнемділігі мен тиімділігі бағытында болуы шарт. Сол себепті, Үкімет биылғы жылдың бюджетін нақтылағанда Президенттің тапсырмасы бойынша бюджет шығыстарын 57 млрд. теңгеге қысқартты. – Мен әлі де қысқарту мен бюджеттік үнем­дік резервтері бар деп санаймын. Сондықтан экономикалық өсімді қамтамасыз етпейтін және халықты еңбекпен қамтуды қарастыр­майтын шығыстар қарастырылмауға тиіс. Үкімет мемлекеттік бағдарламаларға сараптамаларды одан әрі жалғастыруы керек. Егер, ондай бағдарламалардың нәтижелілігі жоқ болса, қаражаттар басқа бағыттарға қайта бөлінуі тиіс, – деген Елбасы әрбір тиынның қайтарымы болуы шарт деп санайды. Олай болмаса, жұмысымыз нашар деген сөз. Сондай-ақ, әрбір жұмсалған шетелдік валютаның – доллардың да қайтарымы болуы керек. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қаржылық тәртіпті қатаң нығайтуды тапсырды. Бюджет қаражатын «көлеңкеге» бұрып әкетудің жолын кесу жұмысы барынша маңызды. «Біз бұл туралы көп айттық. Үкімет те жұмыс істеп жатыр. Алайда, соған қарамастан «көлеңкелі» экономика әжептәуір ауқымға ие болып отыр» дейді. Бұл орайда Үкіметке мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарын бақылауды да тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, экономикалық өсімнің құқықтық базасын жақсарту ең маңызды міндеттің бірі. Ең басты мәселе – БЭК аясында алдағы уақытта ДСҰ-ға кіруіндегі интеграциялық процестер жағдайында Қазақстандағы тиімді экономикалық қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Сондықтан Үкіметке ДСҰ-ға кіру барысында қабылданатын міндеттемелерді ратифика­ция­лау бойынша арнайы жаңа жобалар топтамасын жасау міндеттелді. Қазір қазақстандық үлесті қолдаудың барлық жүйесін, әсіресе, өңдеуші өнеркәсіп, аграрлық кешен, шағын бәсекелестік саласын қайта қараудың маңызы зор. Әлемдегі барлық ел өзінің тауар өндірушілеріне қолдау көрсетеді. Бұл тәжірибе қазақ елі үшін де маңызды. Сол себепті Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, әлемдік тәжірибені саралап, қазақстандық тауар өндірушілерді қолдаудың өзіндік моделін әзірлейтін болады. Жаңартылған энергетика мен экологиялық таза технологияларға негізделген, «жасыл экономикаға» өту үшін заңдық жағдай жасау – Заң шығарушы жұмысының негізгі аспектісі. Сондықтан энергия және су жинақтауда, «жасыл технологияны» пайдалануда, экологиялық туризмді дамытуда заңдық стимулдарды кеңейту қажет. Президент жүктеген келесі міндет заң шығарушылық қызметтегі негізгі бағыт – әлеуметтік жаңғырту. Енді парламентшілер алдында әлеуметтік жұмыс орындары, кәсіби біліктілік жүйесі туралы және өзге де жаңа заңдарды қабылдау міндеті тұр. Елбасының сөзімен айтсақ, заң шығару ісінде парламентарийлер өмірге қарапайым адамның көзімен қарауы тиіс. Бұл парламентарийлерге ғана емес, бүкіл атқарушы билікке де қатысты. «Заң кешенді түрде қоғамдық қатынастарды реттеп, туындаған мәселелерді шешуі тиіс. Бізге қоғамдық тәртіпті, қоғамдық орындардағы адамдардың мінез-құлқын реттейтін қарапайым және түсінікті заңдар қажет. Парламент депутаттары, парламенттегі партиялар нағыз осындай заңдардың қабылдануы жөнінде бастама көтерулері қажет, – деді Елбасы. Елбасы сөзінің соңында еліміздің бүгінгі табыстары өздігінен келе салмағанын, бұл барша халқымыздың 20 жылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін атады. «Өркениетті экономика мен құқықтық мемлекетті тек заңға сөзсіз бағынатын, елінің заңын сыйлайтын азаматтар ғана дамыта алады. Қоғам мен мемлекет бірлесе, қол қоса қимылдай отырып, біз көздеген құқықтық мемлекет қамалының әрбір кірпішін қалауы, ақырында оны түгелдей салып шығуы керек», – деп нақтылаған Н.Назарбаев көздеген мақсатқа күллі ел болып жұмыла кіріссек қана жете алатынымызға мән берді. Елбасы жүктеген міндеттердің салмағы басым, тек Үкімет пен заң шығарушы орындар оны орындауда сенім үдесінен шықса игі.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламент Мәжілісі­нің депутаты: – Президенттің сөзі биылғы жылдың басындағы Жолдауы мен осы жазда жарияланған ортақ еңбек туралы мақаласының жалғасындай болды. Тек қана жалғасы емес, сол жерде көтерілген ең негізгі міндеттерді айшықтап берді. Әуел бастан біздің бюджетті, мына келе жатқан алдағы жылдың және таяудағы үш жылдың бюджетін дұрыстап жобалау және әлеуметтік жаңғыртумен тікелей ұштастыру керек. Яғни қоғамда бұл өзі бір жағынан қарап отырсаңыз соншалықты да жаңалық емес. Бірақ соны шешудің жаңа жолдарына құқықтық негіз жасау, соған заңдық кеңістік туғызу. Қазір Үкіметпен бірлесе отырып Парламентте осы уақытқа дейін қабылданған және дайындалып жатқан заң жобаларын жүзеге асыруымыз керек. Мысалы, ауылдарды ауызсу, басқа да тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз ету мәселелерінің бәріне заңдық негізбен жол ашу керек. Ал енді қазір әрине жасалып жатқан жұмыс көп. Мысалы, мектептер, балабақшалар, ауруханалар ашылып жатыр. Олардың саны қазір 400-ден 500-ге жетіп жатқан үлкен көрсеткіштеріміз бар. Біз осыларды сейілтіп, қожыратып алмауымыз керек. Ерлан Қарин, «Нұр Отан» ХДП хатшысы: – Мемлекет басшысы бүгінгі сөйлеген сөзінде біріншіден, бюджеттік саясаттағы негізгі басымдықтарға қатысты өз ойымен бөліскен болатын. Соның бірі – егерде белгілі бір бюджетте қаралған қаржы экономикалық өсімге немесе жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталмаған болса, ондай қаржы қысқартылу керек. Яғни бұл арқылы Президент Үкіметті, жергілікті билік өкілдерін нақты осындай екі негізгі басымдыққа назар аудартып отыр. Екіншіден, бұл энергия жүйесін, баламалы энергияның көздерін дамытуға байланысты. Кезінде ондай заң бізде қабылданған болатын, бірақ өкінішке қарай жүйелі бір іс-әрекеттер қабылданбады, нақты бір жобалар мен бағдарламалар жоқ. Осыған байланысты Президент Парламентке де, Үкіметке де алдағы жұмысында осы мәселеге аса назар аударып, арнайы шұғылдануға тапсырма берді. Яғни, бір жағынан заңнамалық, екіншіден арнайы бір бағдарлама қабылдануы қажет. Үшіншіден, бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге байланысты. Менің ойымша, бүгін Президент негізі осы бағыт бойынша тезис ретінде айтып өтті. Бірақ сөзін аяқтағанда айтқанындай таяу уақытта осыған орай үлкен кездесулер, мәжілістер болып, мүмкін сол кезде ол осы тезистерді нақтылап, нақты бір тапсырмалармен қамтамасыз ететін болады. Бейбітгүл ИСАЕВА

3453 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8216

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6750

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4497

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3878

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3845

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3807

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3535

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3531

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы