• Әдебиет
  • 29 Қаңтар, 2009

Түркі тілдес түгел бол!

2007 жылы Еуразия Жазушылар одағының Ыстамбұлда болып өткен Түркі дүниесі әдебиет журналдары құрылтайының екіншісі Анкара өткізілді. 2008 жылы, 19-22 желтоқсан күндері болған осы құрылтайдың біріншісіне қарағанада көбірек ауқымды және нақты нәтижелерге қол жеткізгені байқалды. Алғашқысын тек Еуразия Жазушылар одағы ұйымдастырған болса, екіншісіне Ғази Университеті, Түрксой, Түркия Республикасы Мәдениет министрлігі және ТИКА да ат салысты. Мұны, Түркі дүниесінің әдебиет журналдарының бас қосуының, басқаша сөзбен айтқанда әдебиет жұмыстарының тізе қоса отырып жүргізудің қажет екеніне қоғамның түрлі ұйымдарының көз жеткізгенінің бір белгісі ретінде бағалауға болады.

Осы жолы өткен құрылтайда қабылданған бір шешім табысбен жүзеге асып, Түркі дүниесі Махмұт Қашқари атындағы әңгіме бәйгесінің жүлделері иелеріне табыс етілді.

Еуразия Жазушылар Одағы төрағасы Якұп Деліөмероғлы Қытайдағы Ұйғұрлардан Балқанға дейінгі жерді мекендеген түркі тілдес халықтардың жазушылары ең озық әңгімелерін ұсынғанын атап өтті. Әңгіме сайысына бүкіл түркі елдерінен мыңға тарта еңбек қатысқан екен.

22 желтоқсан күні озық жүлдегерлердің аты жария етілді. Бірінші орынды Асуман Гүзелже (Түркия), екінші орынды Әблекім Зордын (ұйғыр) иеленсе, үшінші орынға Закир Садатлы (Әзербайжан) лайық деп табылды. Ынталандыру сыйлығы Елмира Ажықанова (Қырғызстан), Қамал Баятлы (Ирак), Сайран Сүлеммендерге (Қырым) табыс етілді. Жүлделерді Түркия Республикасы Мәдениет министрі Ертұғрыл Күнай үлестірді.

Шын мәнінде бұл сайыс ауқымы және мазмұны жағынан, түркі дүниесі әдебиеттерінің ортақ іс-қимылдары тұрғысынан маңызды тарихи қадам. Еуразия Жазушылар одағы бұл іс-шараны өзінің шектеулі мүмкіншіліктеріне қарамастан табысбен іске асырды. Мұнда, әрине, осы сайысқа аты берілген ұлы ғалым Махмұт Қашғаридің аруағының және 2008 жылдың ЮНЕСКО тарапынан бүкіл дүниеде оның 1000 жылдығы ретінде аталуының да рөлі баршылық. Құрылтай жұмыстары кезінде әдебиет журналдарының бас редакторлары мұндай игі шараның жыл сайын жалғастырылуына шешім қабылдады.

Осыдан кейін түркі дүниесінін түрлі елдерінен келген әдебиет өкілдері мінбеге шығып сөз сөйледі. Қазақстанда шығатын «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет өз сөзінде әлемдік мәдениетке түркі әдебиетінің де сүбелі үлес қосқанын, олардың қатарында Абай, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім, Мағжан, Олжас сынды Қазақ әдебиетінің белгілі қаламгерлерінің де болғанын атап өтті.

Иран түрікмендерінің «Уарлық» жұрналы атынан құрылтайға қатысқан Оғылмая Сәмизада “Махмұт Қашқари сайысы түркі дүниесі әдебиетінің басын қосты. Бұл, Махмұт Қашқаридың мың жылдан кейін пайда болған құдыреті” деді.

Қырғызстан Жазушылар одағының Төрағасы Омар Сұлтанов “1993 жылы Тұрғыт Өзал Қырғызстанда болған кезде “ХХІ ғасыр түркі ғасыры болады” деген еді. Ол кезде бұл сөздің мәнісін түсіне алмаған едім. Шыңғыс Айтматов дүние салғаннан кейін Түркияның Елазығ, Ыстамбұл және басқа қалаларында оны еске алу жиналыстары өткізілгенін естігенде Өзалдың сөздерінің мәнісін түсіне бастадым” деп түркі дүниесіндегі мәдени ынтымақтастықтың елес емес екенін атап өтті.

Чуашстаннан құрылтайға қатысқан Іля Иванов түркі дүниесінің бір шетінен сәлем ала келгенін айта келіп көптеген түркі елдеріндегідей чуаштар арасында да ұлттық әдебиет пен ұлттық ерекшеліктерді сақтап қалу үшін қиындықтардың болып жатқанын айтты. Чуаштардың ұлттық ерекшеліктерін сақтап дамыту барысында бауырлас өзге ұлттардың қолдауына зәру болып отырғанын тілге тиек етті.

Мұнан кейін Ғази Университетінің Көлбасы деген райондағы демалыс үйінде екі күнге жалғасқан құрылтай түркі дүниесінің әдебиет саласында тізе қоса отырып, алдағы уақытта не істейтіндігі және түркі елдерінің баспасөз тарихтары жөнінде пікір алмасулары болды. Оларға отыздай адам қатысты.

Қазақстанның «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет журналдарының 86 жылдан бері жарық көріп келе жатқанын айтып былай деді: “Кеңестік кезеңде Мұхтар Әуезов сынды классиктердің еңбектері басылып шыққан осы журналдың тиражы 200 мыңға дейін барған-ды. Ол кезде әдеби саладағы дара журнал болатын. Енді «Жалын», «Тұмар», «Таң Шолпан», «Алтын Тамыр» сияқты бірнеше әдеби журнал шығып жатыр. Бұдан басқа әр облыстың өзінің жергілікті әдеби журналдары тағы бар. Тек аудармалар жарық көріп жатқан әдеби журналдар да бар. Бұларда әлем әдебиетіндегі қытайша, орысша және басқа тілдердегі үлгілері аударылып басылады. Мұнан басқа таяу арада Еуразия әдебиет журналын қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде жариялау туралы шешімі шығарылды. «Жұлдыз» журналы ретінде «Қардаш Қаламдар» журналымен бірлесе жұмыс жасауға әрқашан дайын. Әрине ондағы барлық шығармаларды емес, кейбіреулерін аударып баса аламыз. Соңғы желтоқсан айында шыққан санымызда Нихал Атсыздың «Көкбөрілердің өлімі» деген романын жарияладық.”

Түркі Дүниесі әдебиет журналдары құрылтайының қорытындысында түркі дүниесі әдебиет журналдары құрылтайы тұрақты кеңесінің тең төрағалығына «Қырғызстан Әдебиеті» журналының бас редакторы, Қырғызстан Жазушылар одағы төрағасы Омар Сұлтанов пен Ирактан «Қардашлық» журналының бас редакторы Мехмет Омар Қазаншының сайлау; бас хатшылығына Әзербайжандағы «Ұлдыз» журналының бас редакторы Елчин Хұсайынбейліні, мүшеліктеріне Қазақстаннан «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет пен Қырымдағы «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ленияра Сәлімді, Башқұртстаннан «Ағ Еділ» журналының бас редакторы Гүлназ Құтыеваны бекіту туралы шешім қабылдады.

Әбдіуақап Қара

Түркия

3898 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №10

10 Наурыз, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы