• Қоғам
  • 07 Желтоқсан, 2012

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Ұлт Көшбасшысы: Қазақстанның жаңа дәуірінің алғашқы күні

Өткен сенбіде республика жұртшылығы Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Бұл күннің орны ерекше. Осыдан жиырма бір жыл бұрын бүкілхалықтық сайлау өтіп, халық өз көшбасшысын сайлап алды. Мемлекеттің өсіп-өркендеуінде елдің тізгінін қолға ұстаған басшының рөлі өте зор. Тұңғыш Президентті таңдауда халық қателескен жоқ. Бұл күнде Қазақ елі төрткүл әлемге танымал. Сырт көздің өзі еліміздің жиырма жылдың ішінде дамудың жаңа жолы мен үлгісін қалыптастырып үлгергенін айтады. Қазақстан даму қарқыны жағынан көшбастаушы мемлекеттердің қатарына қосылды. Сөз жоқ, бұл жетістіктерде қазіргі күні әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде танылып отырған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі айрықша. Елбасы еліне, Елі Елбасына сенеді. Дүниежүзіндегі экономикасы тұрақты 51 елдің қатарындағы Қазақстан Н.Назарбаевтың көшбасшылығымен әлі талай асуларды бағындырарына сенім мол. Мемлекет басшысы мереке күндері жұртшылықпен кездесіп, ой-пікір бөлісті. Сол жүздесулерде қоғамды біріктіру ісінде мемлекеттік тілдің ерекше рөл атқаратындығына назар аударды. Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандықтың білуі керектігін атап өтті. Таяуда Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның жаңа дәуірінің алғашқы күні» атты мақаласы жарық көрді. Төменде аталмыш мақала оқырман қауым назарына ұсынылып отыр.

1 желтоқсанда Қазақстан халқы ал­ғаш рет жаңа мемлекеттік мереке – Тұң­ғыш Президент Күнін атап өтеді. Осыдан 1 жыл бұрын бір топ қа­зақ­с­­тан­дық парламентшілер бұл күнді жалпы мемлекеттік ауқымдағы мереке күні етіп жариялау туралы бастама көтерді. Тәуелсіз Қазақстанның дүниеге ке­луінің ұлы шежіресі бірқатар тарихи кезеңдерден тұрады: 1990 жылдың сә­уі­рі – Республика Президенті лауазымын та­ғайындау, 1990 жылдың қазаны – Қа­зақ­станның тәуелсізді­гі туралы Дек­ла­рация, 1991 жылдың тамызы – Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы және Республикалық егемен алтын-валюта қорын құру, 1991 жыл­дың жел­тоқсаны – алғашқы бүкіл­ха­лық­тық пре­зиденттік сайлау, біздің мемле­кеті­міз­дің жаңа атауы туралы ше­шім қа­был­дау, 16 желтоқсан – «Қа­зақ­станның мем­­лекеттік тәуелсіздігі туралы» Конс­ти­туциялық Заңды қа­был­дау, 1993 жылдың 15 қарашасы – өзі­міздің ұлттық валютаны және қар­жы жүйе­сін енгізу. Жеке мен үшін іс жүзінде сонау ыр­ғақты кезеңнің әрбір күні ұмытылмақ емес. Біздің халқымызды ұзақ күткен бос­тандыққа әр қадам сайын жақындатқан сол бір күрделі оқиғалар туралы ес­те­ліктер өшірілместей менің жадымда. Дегенмен, біздің Тәуелсіздік жолын­да­ғы шежіреде Қазақстан халқы сол бір тағдыршешті кезеңде жүріп өткен үш шешуші тарихи белесті мен айрықша маңызды және елеулі деп есептеймін. Бірінші – біздің еліміздің алғашқы абсолютті егемен мемлекеттік актісі – Семей полигонын жабу туралы Жар­лық­қа қол қою. Ол сол сәттен бастап Қазақстанның бүкіл аумағында тек бір ғана юрисдикция – қазақстандықтардың өздерінің жә­не туындап келе жатқан егемен Қа­зақ­стан мемлекетінің ерік-жігерінің іс-қи­мыл жасайтынын білдірді. Оған қоса Семей сынақ полигонын жабудың тек жалпыұлттық қана емес, сонымен бірге жаһандық та мәні бар. 29 тамыз күні қазір БҰҰ шешімі бо­йынша жыл сайын Ядролық сы­нақ­тар­­ды тоқтату жолындағы күрестің ха­­лық­аралық күні ретінде атап өті­леді. Қазақстандықтар үшін бұл күн – Тәу­ел­сіздіктің Ұлы Хроникасы Алғы­сө­зі­нің бірінші жолының аналогы. Екінші белес – 1991 жылдың 1 жел­­тоқсанында біздің халқымыздың бү­кіл тарихында алғаш рет өткен жал­пыға ортақ Қазақстан Президенті сайлауы. Бұл оқиғаның тарихи мәні мен пат­риот­тық құндылығы көзге ұрып тұр және ешқандай талас тудырмайды. Бұл күні Қазақстан халқы биліктің шынайы қайнар көзі болудағы, билікті қалыптастырып, оның саясатын ай­қындаудағы өзінің егемен құқығын ал­ғаш рет жүзеге асырды. Алғашқы президенттік сайлауға 8 778 726 сайлаушы немесе азамат­тар­дың жалпы санының 88,23%-ы қатыс­ты. Бұл сол кезеңде 10 миллиондай адам­ды құраған Қазақстанның бүкіл ересек халқының басым көпшілігі. Осы сайлауда алғаш рет, елдің та­ри­хи тағдырын шеше отырып, қазақстан­дық­тар ортақ Отанымыз – біздің Қазақ­станы­мыз үшін тарихи жауапкершілік жүгін батыл түрде өзіне алуға дайын және қабілетті АЗАМАТТАРДЫҢ БІР­ТҰТАС ЕГЕМЕН ҚАУЫМДАС­ТЫ­ҒЫ ретінде көрініс берді. Сондықтан алғашқы жалпы­ха­лық­тық президенттік сайлау – ол ЖАЛ­ПЫ­­-ҚАЗАҚ­СТАНДЫҚ БІРЛІКТІҢ ма­ңыз­­ды тарихи актісі. 1991 жылдың 1 желтоқсаны – бұл Қазақстан халқы біздің мемлекетімізді басқару түрі туралы мәселе бойынша ТАРИХИ ШЕШІМ қабылдаған күн. Бұл күшті президенттік биліктегі республика пайдасына жасалған бі­ре­гей таңдау болатын. Сол бір күрделі уақытта өмір қи­сы­нының өзі бүкіл атқарушы билік үшін ғана емес, сонымен бірге күрделі өтпелі кезеңді бастан өткеріп жатқан бүкіл қо­ғам үшін де жұмылдырушылық бас­тау­ды талап етті. Ескі тоталитарлық жүйе келмеске кетіп, басқарудың жаңа институттары пай­да болды. Кезек күттірместен на­рық­­тық реформаларды жүргізу, тіпті азық-түлікпен қамтамасыз ету, жұ­мыс­пен қам­ту, қалалар мен ауылдардағы өмір қауіп­сіздігі сияқты қарапайым мәселелердің өзінде адамдар тұрмысын қалыпқа кел­тіру міндеті барынша бой көтерді. Осындай жағдайда Республика Пре­зи­денті лауазымын енгізу ел дамуында маңызды тұрақтандырушы факторға айналды. Президентті жалпыхалықтық сайлау халық пен мемлекеттік биліктің бір­лігін нығайтты, ал соңында Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен ны­ғаюының бүкіл үдерісінің сабақтас­тығы мен жүйелілігін қамтамасыз етті. Іс жүзінде, 1991 жылдың 1 жел­тоқ­санындағы сайлау, бір мезгілде, бас­қару формасы, Қазақстанның бірлігі, еге­мен­­дігі мен тәуелсіздігі туралы ЖАЛПЫ­ХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕ­РЕН­ДУМ­ҒА айналды. Мұндай бағалаудың шынайылығын нақтылы тарихи деректер көрнекі түрде растайды. 1991 жылдың күзінде КСРО-ның ыды­рау үдерісі шешуші сатысына енді. Тамыздағы путч іс жүзінде Одақты республикалардың тең құқықты фе­де­ра­циясы ретінде жаңарту үмітін «жерлеп» тынды. Ол уақытта көптеген респуб­ли­калар өздерінің тәуелсіздіктерін жария­лап үлгерді. Одақтық орталықтан қал­ған­дар жансыздық күйге қарай біржола бата түсті. Ал одан әрі қандай да бір биліктің бол­мауынан жаппай хаос пен анархия орнады. Мен мұндай жағдайға жол бере алмадым, өйткені ол бір ғана нәрсені – қоғамдағы этносаралық және әлеу­мет­тік жанжалдарды, экономикалық дағда­рыс­тың тереңдеуін білдірер еді. Аға буын әр адам күнкөріс шегінде тұрған сол бір уақыттарды жақсы біледі. Шаруашылық байланыстар үзілуінің республиканы ІЖӨ-нің 30%-ға дерлік төмендеуіне апарып соқтырғанын мамандар кейін, бірнеше жылдар өткен соң ғана есептеп шығарды. Шамамен бүкіл қазақстандықтар­дың үштен бірі ке­дей­шілік шегіне жетіп, қолда барды қанағат етуге мәжбүр болды. Үшінші белес – «Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Мемлекеттік тәуел­сіз­дігі туралы» Конституциялық заң­ның қа­былдануы. Бұл біздің халқымыз үшін ең басты тарихи, ұмытылмас оқиға болды. Біз бү­кіл ата-бабаларымыздың арманын жүзе­ге асырдық. Бүкіл қазақстандықтардың ортақ ең­бегімен бізге бұған дейін әлем картасында болмаған жаңа ұлы елді құру міндеті тұрды. ХХI ғасырда біздің жерімізде эконо­ми­калық өсім жемістері азаматтардың басым көпшілігіне тиесілі болатын ай­рықша, топтасқан және динамикалық социум құру біздің тарихи миссиямыз болып табылды. Онда заң мен құқық тәртібінің үс­тем­дігі қамтамасыз етілуі тиіс. Онда ұлттық дәстүрлер мен құн­дылықтар инновация­лық дамумен, Қа­зақ­станның жаһандық және өңірлік ин­теграцияларға қатысуы­мен үндесе үйле­сім табады. Бұл бір-екі жылдың, бір-екі онжыл­дық­тардың міндеті емес еді. Біздің ал­ды­мызда қазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпағының асқақ міндеті тұр­ды. Еш күмәнсіз айта аламын, егер халық шыдамдылық танытып, біртұтас мақсат жолында жұмылмағанда, егер біздің мемлекетіміз мақсаты әрбір отбасы және бүтіндей елдің әл-ауқаты болып табы­ла­тын реформалар жолын қаламағанда, эко­номикалық және әлеуметтік күйреу нәтижелері бұдан да гөрі ауырырақ жә­не қауіптірек болар еді. Дәл сондықтан да 1991 жылдың күзгі айларында Қазақстан тәуелсіздігін эко­но­мика салалары, кәсіпорындар, инфра­құ­рылымдар, сыртқы экономикалық қыз­мет үстінен заң жүзінде ресімдеген іс жүзінде күн сайынғы режімде жаңа заң­дар мен жарлықтар қабылданды. Осы­лайша, біз апаттық жағдайда Тәуел­сіздікті орнаттық. Республика Президенті ретінде мен сыртқы саяси қызметтің жаңа ба­ғыт­тарын белсенді дамыттым. Менің АҚШ Мемлекеттік хатшысы Дж.Бейкермен, Ұлыбритания премьер-министрі Дж.Мейджормен, Австрия кан­ц­лері Ф.Враницкиймен, германдық сая­саткерлер – ви­це-канцлер, сыртқы істер министрі С.-Д. Геншермен және қаржы министрі Т.Вай­гел­мен, Австралия мен Иранның сыртқы саясат ведомстволары басшылары Г.Эванспен және А.Ве­лая­ти­мен, Сингапурдың аға министрі Ли Куан Ю-мен, сондай-ақ Мәскеуде тіркелген АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Қытайдың, Болгарияның және бірқатар өзге ел­дер­дің елшілерімен, шетелдік бизнес өкіл­дерімен кездесулерім болды. Мен Түркия мен Ұлыбританияға ал­ғаш­қы ресми сапарлар жасадым. Іс жүзінде, осы оқиғалардың бәрі өз Тәуелсіздігі жолымен бара жатқан Қазақ­станның өзіндік халықаралық тұсау­ке­сері іспетті болды. Бүтіндей алғанда бұл Қазақстанның бүкіл экономикалық, ішкі және сыртқы ­саяси кеңістігін жеделдете егемен­ден­ді­ру үдерісі болды. Бірақ кейбір өзге республикалар ли­дер­лері сияқты біз жауапкершіліксіз та­лаптарды көлденең тосып, сол арқылы халықты босқа дүбілткен жоқпыз. Біз оның қайда апарып соқтыратынын анық түсіндік және көрдік – олар қантөгіс, ағай­ынаралық жауластық, түбегейлі жә­не экономикалық колапс. Оған қоса біз «жан-жаққа қашып жатқан» одақтас республикалармен берік экономикалық байланыстарды сақтауға деген үмітті үзген жоқпыз, ыдыраған Одақ орнында нағыз тең құқықты ортақ экономикалық кеңістік құру үшін жұмыс істедік. Және сонымен бір уақытта Қазақ­стан­ның толық егемендік алуға деген бағыты бұлжымас және күмәнсіз бо­латын. Мен бүкіл халықтың қолдауынсыз бұл саясаттың мүмкін емес екенін тү­сіндім, және сондықтан да 1991 жылдың қазанында нормаларына Мемлекет бас­шы­сын бүкіл сайлаушылардың жап­пай дауыс беруі арқылы сайлау туралы норманы қоса отырып «Президент сай­лауы туралы» жаңа заң қабылдауды ұсын­дым. Бұл ұсыныс сол кездегі парламенттің тиісті шешімімен ресімделді. Жалпыға ортақ сайлау 1991 жылдың желтоқсанының бірінші күніне бел­гі­ленді. Енді ғана қабылданған жаңа заңға сәй­кес парламентші менің кандидатурамды Президент лауазымына ілге­рі­летті. 1991 жылдың қарашасында өткен ал­ғашқы бүкілхалықтық сайлау науқанын еске түсіре отырып айтарым, менің «қар­сыластарым» кілең мықтылар еді. Бірақ олар нақты саясаткерлер дең­гейі­не көтерілгендерден емес-тін. Бұл айқындықтан тыс, бірақ сол қиын ке­зеңде қалыптасқан күрделі ауандағы өте ықпалды себеп болатын. Біріншіден, «қайта құру» реформалары нәтижелерінің болмауы адамдар­дың бір бөлігін апатияға, «саясат пен саясаткерлерге» сенбеуге итермеледі. Ашық айтайын, қазақстандықтардың бір бөлігі өсе түсіп отырған әлеуметтік проблемалардың тым болмаса кейбірін шешуге мемлекеттің қабілетті екеніне сенбей «салдары суға кетсе», оның үстіне өздерінің дауыстарын біреудің еститініне, өздерінің күштеріне сенуден де қалған еді. Екіншіден, егер еске түсірсек, сол кездері көпұлтты Қазақстандағы бей­біт­шілік пен тыныштық, әсіресе, ыды­раған Одақтың басқа республика­ларын­дағы жанжалдар аясында, жандарына жақпаған көптеген қасіретті-«оракул­дар» пайда болды. Мен әркез «Сынасаң – оңтайлы жол ұсын!» қағидатын басшылыққа алдым. Ал сол кездегі сын көп жағдайда «кім кінәлі» деген мәңгілік тақырып төңі­ре­гін­дегі кеңестік асүйлерде айтылатын әңгімені еске түсіретін. Мен қашанда «не істеу керек» деген нақты және тақы­рып­тық сұрақтарға жауап бердім. Осының барлығы біздің жаңа елі­міз­дің өмірге келуіндегі азап болатын. Бір ай ішінде мен іс жүзінде Қазақ­стан­ның барлық өңірлерін аралап шық­тым. Қарағандының, Жезқазғанның, Өске­меннің кеншілерімен және металлург­те­рі­мен, Маңғыстау және Жамбыл облыс­тарының тұрғындарымен кездестім. Мен жаңа, сол кезде енді ғана игеріле бастаған Теңіз кен орны нысандарында болып, олардың жұмысшыларымен жүз­дес­тім. Орал өңірі мен Алматы облысы­ның ауылдық аудандарында болдым. Семей, Курчатов және Павлодар тұр­ғындарымен кездестім. Біздің астықты орталықтарымыз – Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарын араладым. Мәдениет және өнер қайрат­кер­лерімен, ғылым және шығармашылық ин­теллигенция өкілдерімен кездесулер өткіздім. Қазақстандықтармен осындай тіке­лей тілдесулер барысында мен халық­тың кең қолдауын, оның тарихтың кез келген сынақтарына жариялы және лайықты түрде жауап беруге деген ортақ тілегін, біздің көпұлтты Қазақстанда келісім мен бейбітшілікті сақтауға деген ұмтылысын, ортақ Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолында жұмыс істеуге деген құлшынысын көрдім. Сол алғашқы сайлаулардағы менің сенім білдірілген адамдарыма ризамын. Олар менің шынайы серіктестерім және пікірлестерім болатын. Және бұл маған сол ширыққан және болжап болмайтын жауапты тарихи оқи­ғалар тізбегінде күш пен қуат берді. Дауыс беру қорытындыларын қандай толқыныс үстінде күткенім есімде. Және бұл толқыныс ертеңгісін дауыс берудің алдын ала нәтижелері жарияланған кезде тек күшейе түсті. Менің кандидатурам үшін 8 681 276 сайлаушы, немесе барлық азаматтардың 98,78 пайызы өз дауыстарын берді. Бұл абсолютті жеңіс еді! Барлық халықтың жеңісі болатын! Бірліктің талас-тартыс қатерінің ал­дын­дағы жеңісі еді! Бұл егемен Қазақстанның жаңа жеңі­сі болатын! Бірақ, тіпті сайлаудың алғашқы нә­ти­желері жария етілген сол минутта бар-жоғы екі аптадан кейін Қазақстанның толықтай тәуелсіз мемлекет болатынын ешкімнің де болжай алмағаны анық. 1991 жылдың 10 желтоқсанында ме­нің ел Президенті лауазымына кірісуім­нің ресми салтанаты өтті. Мен Қазақстан халқына адалдық антын қабылдадым. Салтанатта сөйлеген сөзімде мен мемлекет билігінің басына келуіме сенім көрсеткен және маған тарихи жауапкершілік жүктеген барлық қазақстандықтарға риза­шылығымды білдірдім. Мен 1991 жылдың 1 желтоқса­нын­дағы сайлау қазақтар, орыстар, украиндар, корейлер, немістер, ұйғырлар мен басқа да этностардың – «біздің рес­пуб­ликамыздың бүгіні мен болашағы үшін бір команда болуға шешім қабылда­ған­дардың барлығы» бауырластық қоғам қалыптастыруға негіз қалағандарын атап өттім. Енді маған алдағы мәселелердің бар­лығын шешімді іс-қимыл таныта және барлық халықтың абсолютті қолдауына сүйене отырып шешуге болатын еді. Сол күні менің ұсынысым бойынша біздің мемлекетімізді жаңаша – Қа­зақ­стан Республикасы деп атау туралы шешім қабылданды. Ал алты күн өткен соң, барлық ха­лық­­тың еркіне орай, «Қазақстан Рес­пуб­лика­сының Мемлекеттік тәуелсіз­дігі туралы» Заң қабылданды. Бұл тарихта біздің халқы­мыздың жұлдызды күні ретінде қалады. Біздің Отанымыз азат болды! Және бүгінде желтоқсанның ал­ғаш­қы күні, еш асырып айтпай-ақ, Қа­зақ­станның тәуелсіздігі жолындағы шешуші дата болды деп тікелей сөз саптауға болады. Осының барлығы, содан бері 21 жыл өтсе де, күні кешегідей көз алдымда. Осы екі онжылдық өзінің бойына ауқымды экономикалық және саяси реформалар жүргізу, жаңа мемлекет – оның жаңа фундаментальді институттарын құру, халықтың бірлігін нығайту, әлемнің басқа елдерімен терезесі тең қарым-қатынас орнату бойынша тита­ни­калық жұмыстар сыйғызған ырғақ­ты уақыт болды. Қазақстан адам нанғысыз табыс­тар­ға қол жеткізді. Ыдыраған кеңестік империяның мешеу қалған шеткері аймағынан біз эко­номикалық өсу ырғағы бойынша ТМД-да, Еуразияда және бүкіл әлемде көшбасшы шептегі елге айналдық. Міне, он жылдан астам уақыттан бе­рі Қазақстанның ІЖӨ-сі жыл сайын орташа алғанда, 6-7 пайыз өсім беріп отыр­са, көптеген сарапшылар осы үр­діс, тіпті жаһандық экономикалық дағ­дарысқа қа­рамастан сақталып қалады деген болжам айтуда. Реформалар нәтижесінде елімізде жеке меншіктік пен кәсіпкерліктің жаңа табы құрылып, аяғынан тұрғызылды. Шағын және орта бизнес секторында қа­зірдің өзінде барлық ұлттық байлықтың бестен бір бөлігі өндірілсе, онда 2 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Біз алдымызға шамшыл міндет – әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына ену міндетін қойып, оны жүзеге асыруға шақ қалып отырмыз. 2011 жылдың қорытындылары бойынша, Қазақстан Бәсекеге қа­бі­лет­тіліктің жа­һандық рейтингінде 51-ші орыннан көрінді. Жақын жылдары біз әлемнің бә­секеге қабілетті 50 елінің қатарына еніп қана қоймай, мемлекеттердің осы тобында берік орнығып, солармен бірге ілге­рі­леуге тиіспіз. Үш жыл бұрын Қазақстанды үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту ба­ғыты жарияланған еді. Осы уақыт ішін­де 500-ден астам жаңа өндіріс орындары салынды. Олардың жартысы 50 пайыздан асатын жүктемемен жұмыс істеп, екі жылда 1,1 триллион теңгенің өнімін өндірді. Өндірістегі технологиялық инно­ва­ция­ларға шығын 8 есе ұлғайды. Бүгінде олар шамамен 200 миллиард теңгені құрайды. Оның үстіне инновациялы өнім­­дер шығару үштің бірінен астамға ұлғайды. Ауқымды жаңғыртулар аграрлы секторда да жүргізілуде. Біздің фермерлер қазірдің өзінде өткен дәуірдің көптеген рекордтарын жаңартты. Қазіргі кезде Қазақстан өзін сапалы азық-түлікпен және шикізатпен үштің екісіндей дең­гей­де қамтамасыз етеді. Қазақстан өнімдерінің әлемдік ры­нок­тарға экспорты 90 миллиард дол­лар­ға жуық қаржыны құрап отыр. Олар­­дың ширегінен астамы – шикі­зат­тық емес тауарлар. Тек үстіміздегі жылы еліміздің экономи­ка­сына 18 миллиард доллар ті­келей шетел ин­вестициялары тартылды. Бұл – біздің дамуы­мыздың сапа белгісі, бұл – жаһандық инвес­торлардың Қазақ­станға абсолютті сенімі. Ұлттық банк пен Ұлттық қордың жиын­тық қаржы капиталы бүгінде 85 миллиардтан астам долларды құрап отыр. Бар-жоғы 21 жылдың ішінде ол 114 еседен астамға ұлғайды. Осы жерде мен 21 жыл ішінде Қазақстанға 160 миллиард доллар шамасында тікелей инвестиция салған біз­дің барлық шетелдік инвесторларға ерек­ше ризашылығымды білдіргім ке­леді. Бұлар – біздің Ресейдегі, АҚШ-та­ғы, Қытайдағы, Еуропа Одағындағы, ТМД елдеріндегі, Оңтүстік-Шығыс Азия­дағы, Қиыр және Таяу Шығыстағы сенімді әріптестеріміз. Бүкіл әлем Қазақстан­ның жасампаздық әлеуе­тіне сеніп отыр. Бүгінде еліміз өзінің табыстарымен әлемдік қоғамдастықтың бұл се­ні­мін тек нығайта түсуде. Қазақстандықтардың әл-ауқаты өсіп келеді. Тек ХХІ ғасырдың алғашқы он­жылдығында Қазақстандағы кедейшілік шегінде өмір сүретін тұрғындардың үлесі алты есе қысқарып, 32-ден 5,3 пайызға дейін азайды. Біздің халқымыз іс жүзінде кедей­ші­лікті бұзып-жарып шығып, орта­еу­ро­палық елдердің әлеуметтік даму дең­гейі­не қол жеткізді. Бүгінде тұрғын­дар­дың жан басына шаққандағы ІЖӨ кө­лемі 13 мың долларды құрайды. Бұл – бүкіл посткеңестік кеңістіктегі озық көр­сет­кіштердің бірі. Қазір Қазақстанда әлеуметтік жаң­ғыр­тудың ауқымды үдерістері жүргі­зі­ліп жатыр. Оның басты мақсаты қазақстандық­тар­дың өмірлері үшін біздің ежелгі жерімізде ешқашан болмаған сапалы жағдай туғызу болып табылады. Әр қазақстандықтың, әр қазақ­стан­дық отбасының, бүкіл Қазақстанның өр­кендеуінің басты әл-ауқат көзі ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша нақты міндеттер айқындалған. Осы идеяны абсолютті қолдау – біз­дің ұлы халқымызға лайықты ұлы мақсаттарға жетудің кепілі. Барлық уақыттарда біз көпэтносты халқымыздың бірлігін көзіміздің қа­ра­шығындай сақтап келеміз және сақ­тай беретін боламыз. Қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен келісімнің басты механизмі – Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы құрылып, жұ­мыс істеп келеді. 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Респуб­ли­касының Конституциясы Прези­дент­ті азаматтардың құқы мен бос­тан­дықтарын қорғаудың, сондай-ақ мемле­кеттік биліктің барлық тармақтары мен институттарының тиімді және үйлесімді қызметінің гаранты ретінде айқындап, президенттік билікті нығайта түсті. Президент институтының қазақстан­дықтар арасындағы жоғары беделі 1999, 2005, 2011 жылдардағы баламалы жалпыға ортақ президенттік сайлау өткізу барысында нақты қуатталды. Мен халықтың аса зор сенімі мен менің саясатымды қолдауының кө­рі­нісі болып табылатын қайта сайлануыма дауыс берген қазақстандықтарға ризамын. Біз барлық қазақстандықтардың мақ­танышына және жаңа Қазақстан­ның жарқын символына айналған жаңа елорда – Астананы салдық. Біздің елордамыз халықаралық саясаттың аса ірі орталықтарының біріне айналуда. Астана бүгін біздің Тәуелсіздігімізді нығайтуда және дамытуда. Алматы ­Тәу­ел­­­­сіз­дігіміздің бесігіне айналса, ­Астана – болашақтың бесігі. Астана арқылы біз Қазақстанды бүкіл әлемге паш еттік. Мұнда Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшыларының съездері, аса ірі әлемдік форумдар өткізіледі. ЕҚЫҰ мемлекеттері мен үкіметтері басшыла­ры­ның Саммиті Астанада нақ осы 2010 жылғы 1 желтоқсанда өтті. ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­сін Астанада өткізу туралы қабылданған шешім бұл саммиттен де аса зор ірі оқи­ғаға айналды. Біз әлі өзіміздің осы же­ңі­сіміздің аса зор маңызын сезініп болған жоқпыз. Бұл көрме өтетін елді шын мәнінде бүкіл әлем таңдады. Қа­зақстан айқын басымдықпен жеңіске жет­ті. Бұл – бүкіл планетаның тануы мен сенімі. Біз өзімізге мемлекеттік мереке қарсаңында лайықты сый жасадық. Осы жылдар ішінде біз әлемдегі лайықты ұлтқа айналдық. Біз 2012 жылғы сайлаудың нәти­же­лері бойынша үш фракция жасақталған тиімді жұмыс істейтін екі палаталы Парламент құрдық. Қазақстан әлемнің 140 мемлекеті­мен қарым-қатынас орнатып, дамытуда. Өзінің даму қарқыны, экономикалық қуаты, адами әлеуеті бойынша Қазақстан Орталық Азия мен ТМД-да көш­бас­шы позицияға ие болып отыр. Әлемнің көптеген елдерінде біздің тәжірибеміз ықыласпен зерттелуде. Қазір біздің еуразиялық ықпалдас­тық туралы идеямыз жүзеге асырылуда. Қазақстан Ресеймен және Беларусьпен бірге Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыруда. Біз Еуразиялық эконо­ми­калық одақ қалыптастыру жолымен бірге келеміз. Біз АҚШ-пен, Қытаймен, Еуроо­дақ­пен стратегиялық әріптестік қаты­настарымызды дамытудамыз. Қазақстан ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ сияқ­ты аса ірі халықаралық ұйымдарға төрағалық етті. Азиядағы өзара іс-қи­мыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес туралы біздің идеямыз ойдағыдай жүзеге асырылуда. Тарихта ешқашанда бірде-бір мемлекет небәрі екі онжылдықта осындай ха­лықаралық беделге ие бола алған жоқ. Мұның бәрі – осыдан тура 21 жыл бұ­рын Қазақстан халқы жасаған тағдыр­шешті, тарихи таңдаудың нәтижесі. Қазақстан жалпыға бірдей сайлау барысында Тұңғыш Президентті сайлап, жоғары билікті ұйымдастыру мен оның іс-қимылының жаһандық тәжірибесін үйлесімді қабылдады. Біз оны өз қоғамымыздың ұлттық спецификасын, дәстүрлері мен ерек­ше­ліктерін ескере отырып жүзеге асыр­дық. Үстіміздегі жылы біз «Қазақ­стан-2030» Стратегиясының 15 жыл­дығын атап өте­міз. Осы жылдар ішінде ешқандай бө­ге­сіндер бізді жолдан тайдырып, басты олжамыз – ойдағыдай дербес даму жолын көлеңкелей алған жоқ. Біз өткен ғасырдың 1990 жылдары­ның соңындағы «Азия дағдарысының» соққысынан тізе бүккен жоқпыз. 2007-2009 жылдардағы әлемдік эко­но­миканың ең ауыр құлдырауына біз ойдағыдай жүзеге асырылған дағдарысқа қарсы бағдарламамызбен жауап бердік. Ол дағдарыстан шығу жолында біз­дің кілтімізге айналды. Біз дағдарысқа ойдағыдай қарсы тұ­ру­мен бірге, аймақтық және жаһандық ауқымда оны жеңу бойынша бірқатар ха­лықаралық бастамалар жасадық. Көр­нек­ті ғалымдар, саяси қайраткерлер мен бизнес өкілдері басқосатын Астана экономикалық форумы осындай идеяларды ілгерілету мен талқылау алаңына айналды. Көптеген дамыған елдер әлеуметтік шығындарды қысқартуға, өндірісті жа­буға мәжбүр болды. Ал терең дағдарыс жылдарының өзінде біз Қазақстанда зейнетақы мен бюд­жет саласы қызметкерлерінің еңбек­ақысын екі есе өсірдік, жұмыссыздық азайды. Біз тұрғындарды жұмыспен қам­ту­дың жаңа стратегиясын қабылдап, жү­зе­ге асырудамыз. Елімізде инновациялық өндірістер ашы­луда, заманауи автобандар және те­міржолдар, құбыр жүйелері мен электр тарату желілері салынуда. Жүздеген мың азаматтар лайықты жұ­мыс тапты, қайта оқып, жаңа маман­дықтар алды. Екі онжылдық ішінде қазақстандық жол жаңа тәуелсіз елдер үшін үлгі-мо­дельге айналды. Біздің жолымыздың базалық форму­ла­сы – тағаттылық арқылы тұрақтыл­ық­қа, либерализация арқылы жаңғыруға. Осылай біздің мемлекетіміз бен қо­ғамымыз Тәуелсіздік жылдары өзге­ріс­тердің ҰЛЫ ЖОЛЫНАН өтті. Қазір Қазақстан батыл өзгерістердің жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Алғашқы екі онжылдық – бұл біздің Отанымыздың ұлы перспективаларын нұрландыратын Жарқын белес қана. Біріншіден, біз барлық қазақстан­дық­тардың ортақ күш-жігерімен тарихымызда ешқашан болмаған жаңа мем­лекеттің асқақ ғимаратын іргета­сы­нан бастап көтердік. Өзінің маңызы жағынан салыстыруға келмейтіні өз алдына, бұл оқиға біздің бабаларымыздың барлық ұлы жетіс­тік­терінен асып түседі. Тарих толқыны біздің халқымызға ға­сырлар бойы жасайтын күшті және да­мыған мемлекет құру мүмкіндігін әлде­неше рет берген. Алайда осы ұлы мис­сияны жүзеге асыруға біз ғана қабілетті болып шықтық. Екіншіден, Тәуелсіздік жылдары біз барлық азаматтарымыздың игілігі үшін жұмыс істеуге қабілетті тиімді эко­номиканың негізін қаладық. 1993 жылдан бастап біздің еліміздің экономикасы серпінді дамыды және 16 есе өсті. Нақ осы экономика саласындағы ға­жайып табыстар арқылы Қазақстанның танымалдығы артты. Біздің еліміздің бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу жө­ніндегі кү­ресте айқын басымдықпен же­ңіс­ке жетуі Қазақстанның экономика­лық қуатын жаһан­дық танудың көрінісі болып табылады. 1851 жылы Лондонда өткен алғашқы көр­меден бері осы ірі форумды АҚШ, Фран­ция, Германия, Жапония, Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Қытай сияқты эко­но­микалық алыптар қабылдаған болатын. Енді осы беделді тізімге біздің еліміз де еніп отыр. Үшіншіден, Қазақстан ХХІ ғасырда барлық континенттерде танымал болып және әлемнің аса ірі халықаралық ұйымдарын басқарып, өзінің бүкіл тарихында ең жоғары халықаралық мәрте­беге ие болды. Біздің ірі жеңістеріміздің қатарында 56 мемлекетті біріктіретін ЕҚЫҰ-ға тө­ра­ғалықты және 1,5 млрд.-тан астам хал­қы бар 57 қатысушы мемлекеттің қол­дауына ие болған ИЫҰ төрағалығын атау­ға болады. Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросының 157 мүшесінің дауыс беруі нәтижесінде ЭКСПО-2017-ні ұйымдас­ты­рушы елге айналды. Сондай-ақ біз ТМД, ШЫҰ, Кеден ода­ғы сияқты аса ірі аймақтық ұйым­дар­ды құрудың бастауында тұрдық. Қазақстан қауіпсіздіктің еуразиялық тұғырнамасын, бүкіләлемдік ықпал­дас­тық пен ядролық қарусыз аймақтар құру жауап­кершілігін өз мойнына алды. Біз өзіміздің бейбітшіл ұстанымдарымызға адалдығымызды сақтап келеміз және өзіміздің жасампаздық жолымыздың әділ­дігіне берік сенеміз. Мен Отанымыздың қазақстандық­тар­дың әр жаңа буынымен өркендей бере­тініне сенемін. Алғаш рет Президент институты АҚШ-та тағайындалғаны белгілі. Осы жоғары лауазымды енгізген Америка конституциясының қабылданғанына үс­ті­міздегі жылы 225 жыл толды. Осы уақыт ішінде республикалық бас­қару формасына көшкен мемле­кет­тердің басым көпшілігінде Президент лауазымы енгізілуі оның өміршеңдігін және институттық-саяси жетілгендігін көрсетеді. 1880 жылдан бері, міне, 130 жылдан астам уақыт бойы АҚШ-тың бірінші президенті Джордж Вашингтонға ар­нал­ған Президент күні жыл сайын атап өтіледі. АҚШ-тың негізін қалаушы әкесі 1789 жылдың 30 сәуіріндегі өзінің алғашқы инаугурациялық сөзінде адал және мейі­рімді саясат, гүлденудің бай же­містері және қоғамның өркендеуі туралы айтуының символикалық мәні бар. Міне, осы ізгі ниетті ұмтылыс осы күнге дейін тек Америка прези­дент­тері­нің ғана емес, барлық елдердің дерлік президенттерінің қызметінің басты эталоны болып табылады. Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды, Қазақстанның экономикасы мен қауіпсіздігін нығайтуды мен әрқашан өзімнің басты президенттік борышым және тікелей президенттік міндетім деп білемін. Мен ондаған жылдар бойы маған қуатты қолдау көрсетіп, сол арқылы адамдардың бақыты, біздің Отаны­мыз­дың игілігі үшін аянбай еңбек етуде бойыма күш-жігер беріп келе жатқан ел азаматтарына ризамын. Мен барлық қазақстандықтарды біз­дің тарихымызға қазақстандықтардың Бүкілхалықтық Таңдауының Бірлігі күні ретінде енген жаңа мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнімен құт­тықтаймын! Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық, игілік және молшылық, Қазақста­ны­мыз­дың өркендей беруі жолында жаңа еңбек табыстарын тілеймін! «Егемен Қазақстан», 1 желтоқсан 2012 ж.

6486 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8238

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6761

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4508

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3889

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3857

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3818

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3546

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3544

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы