• Тіл
  • 22 Қазан, 2009

«ТІЛІ БІРДІҢ – ТІЛЕГІ БІР»

Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастарының «ТІЛІ БІРДІҢ ТІЛЕГІ БІР» атты республикалық Форумына қатысушылардың Қазақстан жастарына ҮНДЕУІ

Біз, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының «Тілі бірдің – тілегі бір» атты республикалық Форумына еліміздің барлық аумақтарынан келген қатысушылар, тәуелсіз елдің азаматтары ретінде халқымыздың бірлігін нығайтуға атсалысу мақсатында бүкіл республика жастарына Үндеу жариялаймыз.

Біз қазақ халқының тілі мен мәдениетін дамытуға және республикамыздағы барлық этностардың ұлттық мүдделеріне құрметпен қарауға бағытталған Елбасының сара саясатын толық қолдаймыз.

Біз тәуелсіз Қазақстанның болашағы, бүгінгі жастар, бірлігі мен татулығы жарасқан еліміздің мемлекеттік тілі ретінде қазақ тілінің мәртебесін нығайтып, құрметтеуге, өзге ұлт тілдерін сақтауға баршаңызды белсенді атсалысуға шақырамыз.

Әлемдік өркениеттегі ең озық дамыған елдердің қатарына кірудің басты талабы – бәсекеге қабілетті, жан-жақты жарасымды дамыған азамат болу екендігін жақсы түсінеміз. Сондықтан да «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыру жастарға үлкен міндет жүктеп отырғанын зор жауапкершілікпен сезіне отырып, осы маңызды істе өзіміздің әрқашан да алда болатынымызға сендіреміз.

Біз жастар ұйымдарын, үкіметтік емес ұйымдарды, ғылыми шығармашылық, зиялы қауым өкілдерін мемлекеттік тілдің мерейін асырып, мәртебесін өсіре беруге шақырамыз.

Біз барша республика жастарын мемлекеттік тіліміз – кеңпейіл қазақ халқының ана тілін қастерлеуге, оның қолдану аясын кеңейту тұрғысында жүргізіліп жатқан іс-шараларға барынша қолдау көрсетуге шақырамыз.

Еліміздің мемлекеттік тілі қоғамымыздағы рухани келісім мен бірлігіміздің мызғымас кепілдігіне айнала берсін!

Шығыс Қаэақстан облысы, Риддер қаласы

2009 жылғы 9 қазан

9631 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы