• Тіл
  • 18 Наурыз, 2010

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Қазақстанның болашағы – қазақ тіліндеНұрсұлтан Назарбаев:

* Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы ел өміріндегі ең маңызды оқиғаның бірі деп білемін.

* Еліміз көп ұлтты мемлекет болған соң тіл мәселесін тізеге салып шешуге болмайтынын да ұмытпаған абзал.

* Туған тілімізге тиісті мәртебе беруде біз ешкімнен кейіндеп, кешеуілдеп қалғанымыз жоқ.

* Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.

* Өзгені өкпелетпей, өз тіліңе деген құрметің артсын.

* ...қазақ мектептерінің санын өсіру және осы заманғы технологияның ең соны жетістіктерімен жабдықтау – парыз.

* ...республика көлеміндегі барлық орта мектеп оқушылары бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ тілі пәнінен міндетті түрде сынақ тапсыруы тиіс.

* ...мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі керек.

* Қайталап айтайын: «қазақ пен қазақ қазақша сөйлесіңдер, балаларыңның тілін қазақ тілімен ашыңдар».

* Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?!

* Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.

(Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы 11-17 мамырда «Ана тілі» газетіне берген сұхбатынан)

9334 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы