• Қоғам
  • 19 Мамыр, 2010

«Ә» әрпіне әлімжеттік жасалмасын

«Хабар» телеарнасында бірнеше жылдан бері көпшілік назарына ұсынылып жүрген «Таң қалмаңыз» бағдарламасын апта сайын болмаса да ара-тұра көретінім бар еді. Бір күні хабарға қатысушылар шүлдірлеп орысша сөйлесіп жатыр екен. Хабарды жүргізуші екі жігіт қасындағы әріптесіне «Мадина, Мадина» деп әлек. Сөйтсек, қайталанбас әсем де сыңғыр дауысты, арамыздан ерте кеткен Мәдина Ералиевадан кейін экранға әнші Мадина шығатын болыпты. Тезірек басқа арнаға ауысып кеттім. Бірақ Мадина деген есім маза бермей-ақ қойды. Бағдарламаның орысша бөлімі болған соң жүргізушінің атын «а» дыбысы арқылы айтқан шығар деп, келесі бір хабарды тыңдап көрдім. Бәрібір сол Мадина.

Осы телеарнадағы «Дудар-ай» бағдарламасын үзбей және толық көремін. Жаңа жылға қарсы Арман Дүйсенов сахнаға Мәдина Сә­дуақасованы шақырғанда «Таң қалмаңыздың» Мадинасы шыға келді. Әншінің «Жалын» журналының №12 санында жарияланған «Қазақстан» те­ле­ар­­насындағы «Екі жұлдыз» бағ­дарламасы туралы пікірін оқы­дым, соңында «Таң қалмаңыз» бағ­дарламасының жүргізушісі Мәдина Сәдуақасова деп жазылыпты. Ендеше, «Таң қалмаңыз» бағ­дарламасындағы екі жүргізуші жігітіміз неге қазақ қызының есімін қазақша айтпайды? Қазақтың 30-40 пайызының аты не тегі дұрыс жазылып, не дұрыс айтылмайды. Осы уақыттың ішінде қанша Мәдина, Әмина, Әлиялардың аты «а» арқылы жазылып кетті екен?! Сондықтан Мадина есімін жарнамалауды қояйық.

С.Бақтыбаев, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы

3167 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8266

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6777

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4525

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3908

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3874

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3834

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3563

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3561

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы