• Тіл
  • 29 Шілде, 2021

Тіл үйрету – күн тәртібінен түспейтін міндет

ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үйрету – күн тәртібінен түспейтін міндет» тақырыбында дәстүрлі республикалық онлайн семинар өтті. 

Онлайн семинар ұйымдастырудағы негізі мақсат – қазақ тілін оқытуды жетілдіру, әдістемелерді зерделеу, тіл оқытудың өңірлік орталықтарының тәжірибелерімен бөлісу және сол арқылы тіл оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету.

Осы мақсат жолында Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері әріптестеріне және тыңдарман қауымға қазақ тілін оқытудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2008 жылдан бері Сыр өңірінде ересек азаматтардың қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруіне ықпал жасап, тегін курс­тар жүргізіп  келеді. Орталықтың тіл үйретудегі озат әдістемелік іс-тәжірибесі мен шеберлік мектебі қалыптасуы жолында ұзақ жыл басқарған Нұрсауле Дүйсенбайқызы Мусаеваның сіңірген еңбегі орасан зор.

2008 жылдан күні бүгінге дейін үш тіл бойынша 10 мыңнан аса ересек тұрғын оқыту курсынан өтіп: мемлекеттік тіл бойынша – 6000, ағылшын тілінен – 2795, орыс тілінен – 1918, барлығы – 10713 тыңдаушыға курс сертификаттары ­табысталды.

Биылғы жылға  жоспарланған 2520 тіл үйренушінің І жартыжылдықта 1421-і қамтылып, оқыту жоспары 56%-ға орындалып отыр.

Тіл курстары 2020 жылдың сәуір айынан бастап елдегі эпидахуалға байланысты қашықтан оқыту режимінде жүргізіліп келеді. Онлайн курстар топтары WһatsAPP, Telegram жүйелерінде жасақталып, сабақтар ZOOM платформасы және орталықтың kzordatil.kz интернет порталы арқылы оқытылады.

Былтырғы жылы пандемия кезінде білікті маман Әсел Манасқызының бастамашылығымен Орталық мамандары қашықтан оқытуға арналған kzordatil.kz интернет порталын жасақтаған болатын. Порталдың e-learning бөлімінде мемлекеттік тіл, ағылшын тілі, орыс тілі курстарының сабақтары, сабақ презентациялары мен аудио-видеоматериалдары, жұмыс дәптерлері деңгейлер бойынша папкаларға салынып, орналастырылған. Бүгінде үш тілдегі деңгейлік курстардың барлық сабақтарын қажетті деңгейлер бойынша тіл үйренушілер өзі таңдап, уақыты мен мүмкіндігіне сәйкес қолжетімді әрі тиімді пайдалануда. Порталдағы бейнесабақтардың сілтемелері орталықтың ютуб каналына және Instagram-дағы «Тілдерді қашықтықтан оқыту» парақшасына да орналастырылған.

Әлеуметтік желі оқырмандары сұрауы ­бойынша Facebook, Instagram  парақшаларында да «Easy English» ағылшын тілін жылдам үйрену, «О русском по-казахский» орыс тілі грамматикасын үйрету айдарлары, қазақ тілінде сауатты сөйлеуді үйретуге арналған «Сөздер сөйлейді», «Сөз қадірі – өз қадірің», «Проффессор сағаты» дәрістері тікелей эфирде, және «Қатесіз жаз!» сауаттылық айдары  желіде тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты орталықтың «Тәуелсіздікке тағзым – тілге құрмет» тақырыбында іс-шаралар жоспары бекітіліп, көптеген шаралар онлайн ұйымдастырып келеді. acebook, Instagram парақшаларында арнайы хэштэгпен ұйымдастырылған онлайн шараларға  жұртшылықтың қатысу белсенділігі мен қызығушылығы күн санап арта түскен. Атап айтқанда, «Тәуелcіздікке тағзым – тілге құрмет» облыстық онлайн жыр мүшәйрасына 24 үміткер қатысып өнер көрсетсе, «Еңсесі биік Елорда» онлайн диктант шарасына 100-ге жуық мемлекеттік қызметкер белсене қатысты. Сондай-ақ тіл үйренушілер арасында Президент оқуға ұсынған 30 кітапты оқып, талдауға арналған ­заманауи «BOOKTALKING» фоматындағы онлайн оқырмандар конференциясы мен «Тәуелсіздікке 30 жыл – 30 ашық сабақ» ашық сабақтар мен ­челлендждер, т.б. шаралар жыл соңына дейін жалғасады.

 Айта кетейік, қазіргі таңда республика бойынша 99 тіл оқыту орталығы қазақ тілін оқыту бойынша қызмет көрсетіп келеді.

Онлайн басқосу ZOOM платформасында ­семинар түрінде өтті және жалпы тыңдармандар үшін Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде  көрсетілді. Семинарға 100-ден астам тіл мамандары қатысты.

А.ЖАРБОЛҚЫЗЫ

 

2515 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы