• Тіл
  • 11 Қараша, 2021

Тіл байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2021 жылғы 9 қарашада үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Тіл шебері – 2021» республикалық байқауы өтті. Байқауға орталық атқарушы органдардан мемлекеттік қызметшілер қатысып, өзара сайысқа түсті.

Сонымен, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» мін­деттерін іске асыру мақсатында мемлекеттік тілдің қолданыс аясы мен мәртебесін кеңейту, үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау барысында оза шапқан үздіктердің есімі анықталды.

Гран при – Дархан Дүйсенбекұлы Айтмаған­бетов – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметіндегі Бас Прокурордың аға көмекшісі;

І орын – Ермұхан Асқар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы;

ІІ орын – Алмаз Әділханұлы Әділханов – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Экономика, қаржы және сауда саласындағы жобаларды сараптау басқармасының бас сарапшысы;

ІІ орын – Еламан Сайлаубайұлы Уәли – Қазақ­стан Республикасы Индустрия және инфра­құ­рылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қор­ғаныстық тапсырыс басқармасының бас сарапшысы;

ІІІ орын – Құмар Ерсайынұлы Садықов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкері;

ІІІ орын – Қуаныш Жомартұлы Игіман – Қазақ­стан Республикасы Ішкі істер министрлігі Идео­ло­гиялық және имидждік жұмыс департамен­тінің бас сарапшысы;

ІІІ орын – Диана Ахметқызы Өмірзақова – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Заң қызметі депар­таменті Құқықтық қамсыздандыру және нара­зылық-талап жұмыстар басқармасының сарапшысы жеңімпаз атанды.

Қалған барлық қатысушылар Қазақстан ­Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

Еркін ҚАЛДАН

1425 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы