• Тіл
  • 11 Мамыр, 2022

ТІЛ БІЛІМІНІҢ БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

  Алматыдағы Ұлттық кітапханада ҚР Ұлттық ғылым академиясы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Қайнар академиясының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиевтің 60 жылдық мерейтойына орайластырылған “ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ” атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
    Қазақ тіл ғылымының қазіргі жағдайы мен болашағы туралы және тіл білімін дамытудың жаңа бағыттары жайлы көкейкесті мәселелер талқыланды.
   Ғылыми жиынға Ұлттық ғылым академиясының Президенті Мұрат Жұрынов бастаған Зейнеп Базарбаева, Кәрімбек Құрманәлиев, Шерубай Құрманбайұлы сынды Ұлттық ғылым академиясының академиктерімен қатар, белгілі тілші-профессорлар Анар Салқынбай, Жаңалық Балтабаева, Раушан Аваковалар баяндама жасады.
 Іс-шара аясында академик Кәрімбек Қүрманәлиевтің “Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя: теория және практика” атты кітабы таныстырылды.

 

1997 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы