• Тұлға
  • 16 Маусым, 2022

ҒЫЛЫМДА ОРНЫ БАР ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ

Ғылым дегеніміз – табиғаттың заңдылықтарын білу, оның әрбір бөлшегінің қасиетін, қыр-сырын түсіну, одан басқа адамзат қоғамының биосферадағы бүкіл тіршілігімен байланыс заңдылығын білу. Бұлардың барлығы жан-жақты фундаменталды  зерттеулер негізінде алынған мәліметтерге сүйене отырып жасалады. Ғылым туралы Абай Құнанбаев өзінің он сегізінші сөзінде «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі – ақымақтық» деген екен. 

Расында да солай, ғылымға шын мәнінде жан-тәнімен берілген адамдар ғана өз мақсатына жетеді.

– Құдай адам баласына биік дең­гейде сана берген екен, соны тек жақ­сы­­лыққа жұмсауы керек, – дейді химия ғылымының докторы, професссор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекет­тік сый­лығының ­лауреаты Абдуали Баевшов.

Ал Абдуали Баевшов кім? А.Баешовтың 1400-ден аса ғылыми жұмыстары, соның ішінде 38 монография, оқу және оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. 240-тан аса мемлекеттерде патенттері бар. Проблемаларды ерекше ұтымды тапқан шешімдері арқылы жүзеге асырғаны үшін оған бірнеше ­патент берілді. Атап айтқанда, ­«Фосфор шламындағы фосфорды анықтаудың Букетов-Баешов әдісі», «Баешов-Жұрынов әдісімен мыс ұнтағын алу», «Баешов насосы».және тағы басқалар. Ғұлама ғалым қырықтан аса ғылым кандидаттары мен докторларға жетекшілік жасады. Абдуали Баевшов Е.А.Букетов атындағы сыйлықтың және ­Нобель сыйлығының иегері П.Капица атындағы медельдің иегері. Атақ-даңқы жетерлік тұлға туралы таңға дейін әңгіме айтуға болады.

Академик Баешов, тіпті КСРО өнертапқышы атағын алған адам. Ал мұндай ғалымның өмірі жарқын, ғылымдағы жолы жарық. Ал ­Баешовты түсіну үшін ол туралы жазылған мақалалар мен пікірді қарау керек, оқу қажет. Сонда ғана оның ғылымдағы баға жетпес өлшеусіз еңбегінің құндылығының қаншалықты маңызды екенін түсінесің.

Академиктің өмір жолы өнеге. Ғылымда ғана емес, оның өнерге де бар таласы. Ол «Арыстан баб дәуірі», «Ясауи», «Тұран» атты күй шығарған және «Түркістан жастарының вальсі» атты әні бар. Жалпы айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Мұны не үшін айтып отырмыз? Абдуали Баешов туралы білгіңіз келсе, оның «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітабын оқыңыз. Сонда ғана ғылым жолындағы ғалымның жанкешті, ел алдындағы өлшеусіз еңбегіне сүйсінесіз. Ал аталған кітапты 1000 таралыммен шығарған – дәрігер-ғалым, меценат Ғани Смаханұлы.

Қысқасы айналасына шуағын төгіп тұратын тұлғаның бұл кітабы «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көргенін айта кеткен жөн.

Еркін ҚАЛДАН

1326 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы