• Тұлға
  • 11 Тамыз, 2022

Ел ағасы атанған...

Мемуар, естелік – автордың өз көзімен көрген, қатысып, араласқан оқиғалар жайындағы жазбалары өмірбаян, күнделік түрінде, жолжазбалар түрінде кездеседі. Қандай үлгіде жазылса да, мемуарлық очерктер көркемдік тәсіл үлгілері болып қабылданады. Мемуарлық очерктерде автор өмірде болған оқиғаларды негізге ала отырып, болған, өзінің басынан кешкен оқиғалары мен құбылыстарын нақтылы дерек, фактілерге жүгіне отырып, желі етеді. Мемуарлық ғұмырбаян жазып шығарған Сақып Бүркітбайұлының 6 томдық шығармалар жинағына бұған дейін жарық көрген «Түбектің танымал тұлғалары», «Өткен өмір өрнектері», «Бозашы білетін Бүркітбай», «Еліне елеулі есімдер», «Асыл ағалар. Ғибрат-ғақлиялар», «Ел ардақтылары» кітабындағы естелік-эсселері, очерктері, тарихи танымдық мақалалары, арнау құттықтаулары топтастырылған. 

Сақып Бүркітбайұлы – шежіреші, оны растайтын «Бекет ата ас шежіресі», «Сұрасаң руымды Дәулеталы», «360 әулиелі Маңғыстау» атты еңбектері бар.

Зиялы қауымды терең білімімен, әдебиеттегі бір әріптен бастап тілек арнаған жаңаша ізденісімен, өзіндік сыни ойларымен сүйіндірді. Автордың портретті беруі сәтті шығады. Оның  тіліндегі теңеулер құбылып ­отырады. Төл әліпбиіміздің бір әрпінен ­басталатын теңеулері көзі қарақты оқырманның өзіне ой салатын ­кесек сөздер, тылсым сыры бөлек, дүниетанымы, сөйлеу мәнері сом тұлғаны көз алдыңызға әкеледі.

 «Ащы сөз сүңгіден өткір», «Қарттық та аурудың бір түрі, уақыт дегеніміз ағын су тәрізді» метафоралар, «мезгілінде айтылған сөз – мірдің оғындай, кейін айтылған сөз – шілдің боғындай» теңеулері, жәдігөй т.б. диалект сөздер молынан ұшырасады

Қорыта айтқанда, Сақып Бүркітбайұлы әдебиет әлеміне кесек ойларымен, өзіндік дүниетанымымен, шешендік суырыпсалмалығымен келген қайталанбас тұлға. Оны халқы да мойындайды.

Халқымыз аруақ еске алған ­сайын бір аунайды деседі, ағайын-туыс, ұрпақтары мен әріптес-қызметтестері болып барлығымыз еске алып жатқан жақсы ағамыздың нұрын Құдайым о дүниелік мәңгілік рахатта болатын қайғысыз, қамсыз әлем жаннаттың төрінде шалқуды нәсіп етсін!

А.БҮРКІТБАЕВА,

филология ғылымының кандидаты

АҚТАУ

1082 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы