• Тіл
  • 06 Наурыз, 2009

«Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл»

anatiliҚазақ баспасөзі тағы бір ғылыми-әдістемелік жаңа басылыммен толықты. Қазақ тілі мен әдебиетін барлық деңгейдегі оқу орындарында оқытуды жетілдіру мен жақсартуға өз үлесін қосуды мақсат еткен «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналының алғашқы саны жарық көрді. Ай сайын шығатын басылымның құрылтайшысы – «Қазақ тарихы» ЖШС. Бас редакторы Ә.Салықбай.  Журналдың тұңғыш саны басылым жетекшісінің беташар мақаласымен ашылған. Онда басылымның бет-бағдары, алдағы жоспарлары таратыла талданады. Осыған ілесе танымал әдебиетшілер мен тілші ғалымдар Б.Әбдіғазиұлы, А.Еспенбетов, Ж.Сарбалаев, З.Сіләмбековтің, «Ана тілі» газетінің бас редакторы М.Тәж-Мұраттың ақ тілек, жылы лебіздері мен белгілі ақын Ә.Қайранның жыр шашуы жарияланған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммедтің БАҚ туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты «Бұл заңды орындамағандар жазадан құтылмайды» деген мәлімдемесі «Мемлекеттік тіл мәртебесі» айдарына соны серпін мен ерекше әр беріп тұр. Бұл мәселені одан әрі әдіскер-ғалым Қ.Жүнісханова мен ғаламтор беттерінен алынған, Алтай мен Атырау арасындағы қалың елдің мемлекеттік тілді дамыту мақсатындағы іс-әрекеттері туралы хабарлар толықтыра түседі. «Қазақтың көрнекті тілші ғалымдары» айдарымен Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі С.Аманжоловтың өмірі мен ғылыми қызметі баяндалып, ғалымның еңбектерінің тізімі мен оның Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі хатшылары П.Понамаренкоға, Л.Брежневке қазақ тілінің дамуына жағдай жасауды талап етіп жазған хаттары жарияланған. Басылымның тұңғыш санының мазмұнын С.Қожағұлдың «Өлең–сөздің ажары» атты ғылыми-талдау мақаласы да барынша байыта түскен. Мақалада филолог ғалым ақиық ақындар М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Ж.Жақыпбаев, Ә.Қайран өлеңдерінің әрі мен нәрін, ажары мен айшығын, алуан құбылған сиқырын ғылыми-танымдық тұрғыдан талдап-зерттейді.

7408 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы