• Тіл
  • 29 Наурыз, 2012

«Ханым» деп кімді айтамыз?

Бұл күндері теле-радиоарналарда, концерттерде, жиын-тойларда қыз-келіншектердің бәрін «ханым» деп айту бел алды. «Бәленгүл ханым», «Түгенгүл ханым» деп айтатындар, сірә, «ханым» деген сөздің мағынасын білмейтін болса керек. Мұны қазақтың сөз қорын білмейтін сауатсыздық десек, жаңсақ айтқандық болмас. Ал «ханым» деп кімді айтуға болады? Қазақтың көне аңыз-ертегілерінен бастап, бүгінгі әдеби шығармаларына дейін «ханым» деп тек ханның әйелін ғана атайды емес пе? Қазақ халқының санасына сіңген бұл сөздің ұғымы қалай, неге бұзылып жүргенін түсіну қиын. Жалпы, қазақта ханның әйелін «ханым», әпке-қарындастарын, қыздарын «ханша», «ханшайым», аға-інілерін, ұлдарын «ханзада» деп атайтынын қара қазақтың бәрі біледі. Сонда мұны тележүргізушілердің, асабалардың, аудармашылардың білуге өрелері жетпеуі қалай? Әсіресе, телеарналарда қыз-келіншектердің бәрін жаппай «ханым» деп айтқандарына қарсы пікірлер газеттерде де жарияланып жүр. Алайда мұны «ханым» деушілер құлақтарына ілер емес. Мұндай сөз бұзарларға қалай тиым салуға болады? Кез келген әйелді ресми түрде ағылшындарда «королева», орыстарда «царевна», «княгиня» деп атаса бұған қарсы қандай шу көтерілер еді? Тіпті, кешірім сұратып, айыпқа тартуы да мүмкін. Ал қазақ қоғамы, тіл мамандары неге үнсіз? Әлде олар айта-айта жалықты ма? Демек, кез келген әйелді «ханым» деп айтуға тежеу қоятын арнайы шара алу керек сияқты. Шетелдердің тәжірибесінде мұндай жайтқа арнайы заң шығарып, айып салу да ұшырасады екен. Мәселен, жуықта ғана, биылғы наурыз айының бас кезінде Францияда әйелдердің құжаттарына «мадемуазель» деп жазуға тиым салатын заң шығарылғанын ақпарат құралдарынан естідік. Өйткені, француздар «мадемуазель» деп қыздарды, ал «мадам» деп жалпы әйелдерді атайды. Қыз кезінде берілген құжаттарға «мадемуазель» деп жазылған соң ол өмір бойы өзгеріссіз қалатын көрінеді. Содан француз әйелдері құжаттарға тек «мадам» деп жазу жөнінде баспасөзде қанша қозғаса да, ресми орындар мұны мойындамай келіпті. Енді мұндай қыңырлықты түзету үшін арнайы заң шығарылып отыр. Әуел баста шетелдік сериалдарды орысшадан аударғанда аудармашылар «господин» дегенді «мырза» деп, ал «госпожа» деген сөзді қазақшалауға қазақтың сөз қорын жете білмегендіктен немесе іздестіруге мұршасы келмей «ханым» деп аудара салған ғой деп ойлайтын едік. Ал енді бұл жаңсақтық індет секілді тез жайылып, әсіресе, жастардың санасына сіңіп барады. Егер шындап іздестіре білсе қазақта «госпожа» деген сөздің қазақшасы табылады. Қазақта «бике», «бикеш» деген сөздер бар емес пе. «Бикеш» деп қыздарға, жас келіншектерге айтылады. «Бике» деп әйелдерді атайды емес пе?! Орыстардың «госпожа» сөзі, француздардың «мадам» деген сөзі қазақтың «бике» деген сөзіне дөп келеді. Сонымен қатар қазақта жасы үлкен әйелдерді – әпке, жеңеше, апа, әже, ал жасы өзінен кішілерді «қарындас» деп айта бермей ме? Мектеп оқушыларының мұғалімдерді – «ағай», «апай» деп айтуы да әбден қалыптасып кетті. Демек, кез келген әйелді «ханым» деп халқымыздың сөзінің мағынасын бұзуға қалайда жол бергізбеу жолдарын ойластыру қажет. Қ.Боқаев

13070 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7301

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6246

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3990

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3379

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3337

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3306

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3034

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3023

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы