• Тіл
  • 19 Сәуір, 2012

Атымтай жомарт пен Қасым жомарт

Қазақ тілінде Атымтай жомарт және Қасым жомарт есімді тұлғалар кездеседі. «Олар кімдер еді және өзіндік қандай ерекшелігі бар болған» деген сұрақ көкейде жүретін. Соған орай сөздіктерді ақтарып көргенде, көзге мынадай деректер түсті: Атымтай жомарт – Шығыс халық­тарының ауыз әдебиетінде жиі кездесетін кейіпкер, өзінің қайырым­дылығымен және жомарттығымен даңқы асқан жан. Соған орай халық жадында құрметпен еске алынады. VІ ғасырда өмір сүрген деген жорамал бар. Түп-төркіні Тай тайпасының ақыны Хатим ибн Абдаллахқа (Хатим-Тай) саяды. Тарихи шығармалар тілі арқылы халық түсінігі қалыптастырған Атымтай жомарт – ескі аңыз-әпсаналарда айтылатын, бұл дүниеде еш теңдесі жоқ жомарт адам. Халық Атымтайдың жомарттығын ниет жомарттық деп, туабітті қасиетке балаған, өйткені, Атымтайдың жомарт­тығы нәресте кезінен нышан берген: алдымен емшектесі тоймай, өзі емшек ембейтін болған. Қыз бала, сізге айтайын, Жұрт жинап қызық той еткен, Атымтай жомарт салған жол, Бақыт пен дәулет қонған жол (Қашаған, Ақберен, 117 б.). Атымтай жомарт секілді атағым жұртқа білінсе, Кеуде бір жерді жол қылсам, Шөлең бір жерді көл қылсам, ….. Тентегін түзеп байқа деп, Ішінен биді сайлатсам. Құлым бір ұлдай киінсе, Көркімен көрген сүйінсе, Атымтай Жомарт секілді Атағым жұртқа білінсе! (Ақтамберді Сарыұлы. Алдаспан, 112-б.). Ал Қасым жомарт – байырғы қисса-дастанда айтылатын қолы ашық, асқан мырза адам. Қасым қолындағы байлығын сұраған жанға іркілмей, молынан беретін, дүниенің бетіне қарамайтын мырза адам болған. Қазақ халқында Атымтайдың жомарттығын ниет жомарттық десе, Қасым жомарттың мырзалығын дүние жомарттық деп бағалаған. Қыс жер астында белгісіз сарайға тыққан қымбат мүліктерін жігітке сыйлайды. Сол таусылмайтын мүліктерді кім көрінгенге (олардың ішінде Рәшид патша да бар) үлестіріп, Қасымжомарт аталады (С.Мұқанов. Қазақ қауымы).

Әдебиет: 1. Уәли Н. Бұрынғыдан қалған сөз (қолжазба). 2. Қазақ әдебиетінің сөздік-анықтағышы. Алматы, 2010. 3. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Алматы, 2011. 6-том, 480-б.

9356 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы